Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

Оқу мақсаттары:

  • молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
  • заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
  • су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау

Теориялық материал

КЕБУ-сұйықтың бетінде болатын булану процесі.

Сұйықтың молекулалары кез келген бағытта бейберекет және еркін қозғалады. Сұйықтың бетіне кинетикалық энергиясы жоғары молекула шықса, ол басқа молекулалардың тартылысын жеңеді де сұйық бетіне ұшып шығады. Булану процесінде сұйықтың бетінен ұшып шыққан молекулалардан бу түзіледі. Осы бу булану немесе кебу болып табылады.

Булану кезінде сұйықтан жылдам молекулалар ұшып шығады, сондықтан қалған молекулалардың орташа жылдамдығы азаяды. Яғни, кинетикалық энергия азаяды. Бұл буланған сұйықтың ішкі энергиясының азаятындығын және температурасының төмендейтінін көрсетеді.

Сұйықтың кебу жылдамдығы:

1)заттын тегіне; 2)бетінің ауданына; 3)сұйық темепературасына; 4)сұйық бетінен будың жойылу жылдамдығына тәуелді

Сонымен қатар, кей жағдайларда булану құбылысы сублимация – заттың қатты күйден газ күйіне өту процесі – деп те аталады. (Мысалы, мұз, сондықтан аязда далаға жайған дымқыл киім кебеді; нафталин, сондықтан біз оның иісін сеземіз.)

Конденсация-заттын газ күйінен сұйық күйге өту процесі.

Мәселен, жазға кеште ауа салқындағанда шықтың түсуін будың конденсациясымен түсіндіруге болады. ауадағы су буы салқындағанда конденсацияланып, шөп бастарына, жапырақ беттеріне ұсақ тамшылар түрінде қонады.

Кебу кезінде қанша жылу жұтылса, будың конденсациясы кезінде бірлік массаға сай сонша жылу бөлінеді.

Булану үшін қажет және конденсациялану кезінде бөлінетін жылу мөлшерін анықтайтын формула : Q=L*m , L –меншікті булану жылуы.

Қайнау және булану графигін сипаттау

Егер сұйық жабық ыдысқа жартылай құйылса, процестің басында сұйықтан ұшып кеткен молекулалардың саны, оған қайтып оралған молекулалардың санынан көп болады. судың бетінде су молекулаларының концентрациясы артады. Ақырында, уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе-теңдігі деп аталады.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.

Температура төмендеген кезде ұшып шығатын молекулалар саны азаяды, ал қайтып келетін молекулалар саны артады. Біраз уақыттан кейін тепе-теңдік орнайды, бірақ қаныққан будың тығыздығы азаяды, себебі бірлік көлемдегі молекулалар саны азаяды.

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды.

Температура артқан кезде ұшып шығатын молекулалар саны артады. Динамикалық тепе-теңдік жойылады, бу қанықпаған болады. Біраз уақыттан кейін тепе-теңдік орнайды, бірақ қаныққан будың тығыздығы артады, себебі бірлік көлемдегі молекулалар саны артады.

Берілген температурада ауадағы су буы қысымының, сол температурадағы қаныққан су буы қысымына қатынасын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.: =(р*100) / рқ Берілген қысымдағы бу қанығатын немесе салыстырмалы ылғалдылық 100%-ке тең болатын температураны шық нүктесі деп атайды. Ауаның температурасын біле отырып және шық нүктесін анықтап, ауаның ылғалдылығын есептеп табуға болады. Ауаның салыстырмалы ылғылдылығын анықтауға арналған құралдар: психрометр және гигрометрлер.Гигрометр шашты және конденсациялық деп бөлінеді. Шашты гигрометрдің жұмыс істеу принципі шаштың (жылқы жалы) ауа ылғалдылығы артқанда ұзаруына негізделген. Конденсациялық гигрометрдің жұмысы абсолют ылғалдылықтың кестесі бойынша шық нүктесін анықтауға негізделген. Психрометр құрғақ және ылғал екі термометр бекітілген корпустан тұрады. Психрометрлік кесте бойынша термометрлер көрсетіп тұрған температуралар айырымы арқылы ауаның ылғалдылығын табады. 

Өткен тақырыпты қайталауға берілген тест тапсырмаларының жауаптары

1 А 2Ә 3Ә 4Б 5А 6А 7А 8А 9Ә 10В

Сабақты бекітуге берілген тест тапсырмаларының жауаптары "Булану"

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауабы

Д

В

В

С

А

Д

С

Д

Д

С



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу