file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Теориялық материал

Булану  — заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі.

Булану кезінде сұйықтан жылдам молекулалар шығып кетеді, нәтижеде қалған молекулалардың энергиясы кемиді де сұйықтың температурасы төмендейді.

Булану процессінде сұйық салқындайды, яғни ішкі энергиясы кемиді.

Булану кез келген температурада жүзеге келеді.

Булану сұйықтың тегіне, температураға, оның еркін бетінің ауданына, сыртқы қысымға, атмосфера қозғалысына (жел) тәуелді. Тұракты температурадағы булану процессінде будың ішкі энергиясы артады, конденсация процессінде ішкі энергия кемиді.

Қайнау - сұйықтың барлық көлемінде (тек қана бетінде емес, сондай-ақ сұйық ішінде) және тұрақты температурада өтетін булану.

Қаныққан бу қысымы атмосфералық қысымға теңескен кезіндегі температура қайнау температурасы деп аталады.

Қайнау температурасы атмосфералық қысымға тәуелді. Атмосфералық қысым кемісе қайнау температурасы кемиді, қысым артса қайнау температурасыда артады. Мысалы, Эверест шыңында су ≈700С қайнайды. Қалыпты қысымдағы қайнау температурасы қайнау нүктесі деп аталады. Су үшін: 1000С

 Қаныққан бу. Жабық ыдыстағы сұйықтың белгілі уақыттан соң деңгейі тұрақты қалпында қалады, яғни сұйықтан қанша молекула буланса, сол уақытта сонша молекула конденсация болып сұйыққа қайта оралады. Бул күй динамикалық тепе-теңдік деп аталады. Өзінің сұйығымен динамикалық тепе-теңдік күйде болатын бу қаныққан бу деп аталады. Қаныққан бу қысымы оның тегіне (химиялық құрылым) және температураға тәуелді. Температураның артуымен қаныққан будың қысымы және тығыздығы артады. Тұрақты температурада қаныққан будың қысымы және тығыздығы көлемге тәуелді емес.

 Шық нүктесі – салқындау процессінде ауадағы су буының қанығу кезіндегі температурасы (t≤tШ болса, шық түседі). Кризистік температура – сұйық тығыздығы мен оның қаныққан буының тығыздығы бірдей болатын температура. Газ – кризистік температурадан жоғары кездегі зат күйі. Бу- кризистік температурадан төмен кездегі зат күйі.

Қанықпаған бу - өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын, яғни қанығуға жетпеген буды қанықпаған бу деп атайды

Қаныққан және қанықпаған бу ұғымының физикалық мағынаын түсундуру үшін виде көрсетілімді қолдану

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/

Қаныққан бу қысымы атмосфералық қысымға теңескен кезіндегі температура қайнау температурасы деп аталады.

 

 Оқушылар, қайнау - сұйықтың барлық көлемінде (тек қана бетінде емес, сондай-ақ сұйық ішінде) және тұрақты температурада өтетін булану екенін түсінулері тиіс.

Пайдалы ссылка:

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b797d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/2_5.swf



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу