Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақтың тақырыбы: Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.
Оқу мақсаты: Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау
Теориялық материал
Жыл сайын отын жану кезінде ауаға бірнеше миллион тонна зиянды заттар түседі ( сажа, көміртек оксиді, азот) Көмір қышқыл газы пайдалы, себебі оны өсімдіктер қоршаған ортадан жұтады да, фотосинтез процесінде оттегі бөледі. Соңғы 30 жылдың ішінде көмірқышқыл газы 15–20%-ға көтерілді . Көмірқышқыл газы жердің табиғи салқындауына кедергі жасайды. Бұл мүздар еріп,әледік мұхиттардың деңгейінің 50-70 м көтерілуіне әкеп соғады. Көмір қышқыл газының көбеюі адамзат үшін әр түрла ауруларды туғызады.
Отынды белсенді түрде қолдану неге әкеліп соғады?
— Қоршаған ортаның ластануына
Бүдан қандай қорытынды жасауға болады?
— Фильтрлер қою арқылы ауаны тазарту.
- Орманды аймақты ұлғайту, орманды қорғау
Эксперименттік тапсырма
1 -тәжірибе. Бірдей массадағы әр түрлі отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.
Жұмысқа нұсқау:
- 2 кусок фольганы картонга қоямыз.
- Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
- Әр кесектің үстіне біреуіне спирт , ал екіншісіне бензин тамшысын тамызамыз.
- Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
- Спирт пен бензин жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
2-Тәжірибе. Әр түрлі массадағы отынның жану кезіндегі жылу мөлшерін салыстыру Жұмысқа нұсқау:
- 2 кусок фольганы картонга қоямыз.
- Фольга үстіне мақта кесегін қоямыз
- Әр кесектің үстіне біреуіне бір тамшы спирт , ал екіншісіне екі тамшы спирт тамызамыз.
- Екі кесекті бір мезгілде жағыңдар
- Спирт жанып болған соң фольганы қолмен ұстап көріңдер. Қайсысы көбірек жылу бөлді?
Қорытынды . Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшері отын массасына және отынның меншікті жану жылуына тура пропорционал болады.
Сабақты бекітуге берілген тапсырманың жауаптары
1) t = 5 oC
2) 4 кг
Үй жұмысының жауаптары
1) 52 л
2) 3107 Дж/кг
Тест жауаптары:
1Ә 2А 3А 4 А 5В
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?