Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жылулық құбылыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
  • заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру

 Жетістік критерийлері

  • Меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасын біледі;
  • Меншікті жылу сыйымдылықтың заттың тегі мен күйіне байланысты болатынын болжай алады;
  • Меншікті жылу сыйымдылықтың өлшем бірліктерін негізгі бірліктер арқылы түрлендіре алады;
  • Жылу алмасу кезіндегі берген немесе алған жылу мөлшерін есептеп, талдау жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Жылу мөлшерінің заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгерісіне тәуелділігін ауызша болжау.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын ауызша түсіндіру.

Жылу мөлшерінің формуласын қолданып жазбаша есептеулер жүргізу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Өткізгіштік, конвекция, жылу сәуле шығару, жылулық энергия, жылулық тепе-теңдіктің температурасы, термометр.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп ..........

Жылу мөлшері дегеніміз ......

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс:

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Жылу алмасу, ішкі энергияны өзгерту тәсілдері,энергияның түрленуі

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Әр жұп "8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаты бойынша алған білімдерін пайдаланып ақпараттарды салыстырады, топтайды, түсіндіреді. ӘР ЖҰПҚА БІР СҰРАҚ БЕРІЛЕДІ.

Жұппен жұмыс

1.Диаметрлері және ұзындықтары бірдей темір және кірпіш моржалардың қайсысы отты жақсы тартады?

2.Жазды күні қандай киім киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті?

3.Ыстық компотты суыту үшін қайда қойған дұрыс ұсақталған мұзға ма әлде қарға ма? Қар мен мұздың температуралары бірдей. Жауаптарыңды негіздеңдер

4.Терезе рамаларын қос қабатты етіп жасайды. Себебін түсіндір.

5. Неліктен газдың жылу өткізгіштігі нашар? Жылу газдарда қандай тәсілмен беріледі?

6.Бір бөлмедегі тасты еден ағаш еденге қарағанда суық болады.Неліктен?

Бағалау критерийлері:

Жылу берілудің түрлеріне сәйкес мысалдарды салыстырады және талдайды

Өз жауаптарынтүсіндіреді

Оқушылар сұраққа жауап берген соң, мұғалім кері байланыс береді.

2. Ой қозғау. Су мен майды бірдей температураға қыздыру үшін бірдей жылу мөлшері қажет пе?

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
  • заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіру

Сабақтың ортасы

11-25 мин

4. Түсіндіру. Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топ бір эксперименттен орындайы.

Эксперимент1 Массасы 300г судың бастапқы температурасы

25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет

Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

1.Қажет құралдарды жазыңдар

1.Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла

2.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар

3.Осы кезде судың ішкі энергиясы жылу берілудің қай түрі бойынша өзгергенін ата (жылу берілу)

4. Су жылуды алу немесе берілуі туралы жауаптарыңды негізде

(су қыздырғыш плитадан жылу алды, температурасы көтерілді, ішкі энергиясы артты)

Жылу беру кезінде алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады

5.Суды қыздыру кезінде оның алған жылу мөлшерін қалай есептер едің, ол үшін саған қандай шамалар қажет?

( қызған зат массасы, температураның өзгерісі)

Эксперимент 2 Массасы 500г судың бастапқы температурасы

25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет

Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

1.Қажет құралдарды жазыңдар

1. Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла

2.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір

( температура өзгерісі алдыңғы эксперименттегідей болғанмен, зат массасы көбірек)

3.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар

4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін

(зат массасына )

Эксперимент 3 Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

Массасы 300г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 70 0С көтеру қажет

1.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір

( температураның өзгерісі жоғары )

2.Судың температурасының өзгеруін бақыла

3.Бұл жағдайда суға берілген жылу мөлшері алғашқы тәжірибедегімен бірдей ме? Жауаптарыңды негізде

(Бірдей емес, көбірек жылу беру керек, массасы тұрақты болып қалғанмен жоғарғы температураға дейін көтеру керек)

3.Суға берілген жылу мөлшері қандай шамаға тәуелді болуы мүмкін

(температураның өзгерісіне)

Эксперимент 4

Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру.

Массасы 300г майдың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет

1.Қажет құралдарды жазыңдар

1.Майдың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла

2.Алғашқы тәжірибеден айырмашылығы қандай?

( Заттың тегі басқа)

3.Екі жағдайда бірдей жылу мөлшері берілді ме? Өз жауаптарыңды негізде

(бірдей емес, әр түрлі зат жылуды әртүрлі қабылдайды)

4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін

(зат тегіне)

Тәжірибе нәтижесі бойынша оқушылар жылу мөлшері зат массасына, температура өзгерісіне және заттың тегіне тәуелді екенін түсінулері тиіс.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, барлық көрсетілген демострацияға жалпы қорытынды жасайды және жылу мөлшерінің формуласын қорытып шығарады. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіреді.

5. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.Физикалық шама жылу мөлшерімен танысу. Кестені толтыр 43-45 бет

Физикалық шама

Анықтамасы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Жылу мөлшері

1. Массалары бірдей әр түрлі заттарды бірдей температураға өзгерту үшін ....

2.Массасы 1 кг судың температурасын 10С өзгерту үшін 4200 Дж жылу кажет, ал массасы 1 кг майдың температурасын 10С өзгерту үшін 1700 Дж қажет.

Физикалық шама меншікті жылу сыйымдылық

Физикалық шама

Анықтамасы

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Меншікті жылу сыйымдылық

Қалыптастырушы бағалау

  • Массасы 1,6 кг мыс ыдыстың ішінде массасы 2,3 кг су бар. Осы ыдысты суымен 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С.
  • Массасы 880 г суды 00С-тан 1000С-қа дейін қыздыруға кеткен жылу мөлшері массасы 2 кг алюминийді қанша градуска ысытады? ссу4200 Дж/кг0С, са920 Дж/кг0С
  • Массасы 100 г, температурасы 200С кесеге, массасы 200 г қайнаған су құйылды, осыдан кейін кеседегі температура 930С болды. Кесенің меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар. с4200 Дж/кг0С.

Бағалау критерийлері:

1. Есептің шартын дұрыс талдаған. 2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған.

3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген.

Қыздырғыш плита, термометр, су және май құйылған ыдыс, таразы

Судың меншікті жылусыйымдылығы

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10840

Сабақтың соңы

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

7. Үйге тапсырма: 6ж 1/3, 5-ж1,2,7

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалды қайталау кезеңінде оқушылар өз ойларымен бөлісе отырып, білу және түсіну дағдыларын көрсетеді.Сабақта зерттеу әдісі арқылы жаңа ақпаратты қабылдайды.Сабақты бекіту кезеңінде орташа қабілетті оқушыларға мұғалім тарапынан кеңес беріледі.

8.3.2.2 жылу берілудің түрлерін салыстыру" оқу мақсаттары бойынша алған білімдерін қалыптастырушы бағалау. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Тәжірибе жасағанда және топтық жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұры сжүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу