Есеп шығару «Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу». Жылу балансының теңдеуі. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақты бағыттаушы карта

(G) Есептер шығару

СОМ:

8.3.2.3 жылу алмасу процесі кезінде, алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

8.3.2.14 жылу балансы теңдеуіне есеп шығару.

БК:

-жылулық баланс теңдеуіне мысал келтіре отырып, есеп шығару алгоритмін түсіндіреді.

-Жылулық тепе-теңдік теңдеуін қолданып есеп шығару алгоритмін пайдаланады.

- Жылулық тепе-теңдік теңдеуі бойынша оқушылар әртүрлі деңгейдегі есептерді шығарады.

Ескерту! Есеп шығарғанда жылу шығын ескермеу.

Q1 тапсырмалары

    • Массасы 800 г алюминий кәстрөлдегі 100С-тағы 3 кг суды 80 0С -қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет?  (алюминийдің жылу сыйымдылығы — 920 Дж/(кг·°С), судікі — 4200 Дж/(кг·°С).
    • Массасы 200 г алюминий кәстрөлдегі 200С-тағы 1л суды 100 0С -қа қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? (алюминийдің жылу сыйымдылығы — 920 Дж/(кг·°С), судікі — 4200 Дж/(кг·°С).
    • Массасы 5 кг болатын темір қазанға массасы 10 кг болатын су құйылады. Температураны 10 -тан 100 ° C -қа дейін өзгерту үшін қазандыққа сумен қанша жылу беру керек?

Рефлексия. Сөйлемді жалғастыр:

Менің түсінігім бойынша ……

Мен бүгін мынадай қосымша ақпарат алдым…

Мен бүгінгі білімімді…..

Екінші сабақ

Есеп шығаруды жалғастыру.

Жылулық тепе-теңдік теңдеуі

  • тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай отырып, жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу.

 жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану;

Есеп шығару үлгісін көсету:

Ыдыста 20 ° С температурада 3 л су бар. Ыдысқа 45 ° C температурадағы қанша су қосу керек, сонда оның температурасы 30 ° C болуы үшін? Ыдыста қажет бос көлем бар. Қоршаған ортамен жылу алмасуды елемеу

Q1 + Q2+....+ Qn=0

Бұл теңдеу жылу балансы теңдеуі деп аталады, әрі жылу алған барлық денелер үшін Qі >0, жылу беретін (шығаратын) барлық денелер үшін Qј<0.

Есеп шығару кезінде пайдаланатын мынадай ереже бар:

Qаі(алынған) – оң, Qаj (берілген) – теріс мәнеге ие.

Тақтамен жұмыс.

Q2 тапсырмалары

    • Массасы 100 г ыдыста 20° С 1 кг су бар. Суға 2 кг 90° С-ғы қорғасын бөлшекті салады. Су қандай температураға дейін қызады?
    • Температурасы 35° С массасы 2 кu суы бар ыдысқа қоспа температурасы 65 °С –қа дейін көтерілу үшін қанша қайнаған су қосу керек?
    • 20 С тан 25 С қа дейі 100 г суды қыздыру үшін қабырғасы 2 см мыс кубикті салды. кубиктің бастапқы температурасы қандай болуы керек?

Q3 тапсырмалары

    • 20 С –ғы 1л суға толы массасы 0,5 кг темір қазанды 24 кДж жылу беру арқылы қандай температураға дейін қыздыруға болады?
    • Меншікті жылусыйымдылықты анықтау үшін 40 С-ғы 1 кг керосин мен 15 С-ғы 2 кг суды араластырды. Судың меншікті жылусыйымдылығы белгілі деп санап, керосиндікін анықтаңдар.
    • Массасы 45 кг металл бөлшекті 20 С-қа суыту үшін 2 С-қа жылыған 15 л су қажет болды. Металдың меншікті жылусыйымдылығын анықтаңдар.

Үй жұмысы: Танысу, орындау, талдау (ең маңыздысын пайдаланып, дәптерге қысқаша теориялық мәтін құру)

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/molekulalyq-fizika/termodinamika/lesson/zhylusyi-ymdylyq

Қосымша.

Алюминий және қорғасын кесектері бірдей биіктіктен құлап түсті. Түсудің соңғы кезінде қайсысыс жоғары температураға ие болады? Қанша есе? Энергия шығыныны ескермеңдер.

Жауабы: (△tқ/△tА=6,57)

Рефлексия. Бүгінгі сабақ мақсатына орай графикке талдау жасау:

Массасы 5 кг кристалл затты қыздыру нәтижелері бойынша, осы заттың температурасының берілген жылу мөлшеріне тәуелділігінің графигі салынды.

Энергия шығынын елемеуге болатынын ескере отырып, осы заттың 1 кг сұйық күйде 1 ° С қыздыру үшін қанша жылу қажет болғанын анықтаңыз?

 1) 750 Дж

 2) 1200 Дж

 3) 2000 Дж

 4) 150000 Дж

 Жауаы:

 

Горизонталь бөлікте зат сұйық күйде. Графиктен 5 кг затты 80 °С –тан 100 °С –қа дейін қыздыру үшін 1250 – 1050 = 200 кДж қажет болды. Осыдан

 Массасы 1 кг сұйық затты затты 1 °С-қа қыздыру үшін 2000 Дж жылу қажет

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу