Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1A бөлім: Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну;
  • Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну;
  • Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білу.

Бағалау критерийлері

1. Механикалық энергия түрлерін біледі және энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады.

2. Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді.

3. Берілген суреттер бойынша ішкі энергияның қандай физикалық шамалардан тәуелді екенін талдайды.

4. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар берілген суреттер бойынша энергияның түрленуін түсіндіре алады. Әрбір тәжірибе нәтижесіне ауызша талдау жасайды. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ауызша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Молекулалар, тығыздық, көлем, масса, температура, термометр, дененің ұлғаюының температураға сызықты тәуелділігі, молекулалардың жылулық қозғалысы, заттың ұлғаюы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сұйық және қатты затты қыздырғанда оның көлемі ....................

Әр түрлі сұйықтықтар әртүрлі ...............

Солтүстік аймақта спиртті термометрді ғана қолданады, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету, топта жұмыс істеу ережесін белгілеу арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Химия пәнімен байланыс,ішкі энергияны түсіндіру барысында заттардың молекулалық құрылысын және молекулалардың өзара әсерлесуін қарастыру.

Бастапқы білім

Оқушылар 7 сыныпта механикалық энергияның түрлерін және энергияның сақталу заңын қарастырған. Оқушылар механикалық энергияның түрлерін және оның түрленуін білуі тиіс. Молекулалардың жылулық қозғалысын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6-8 минут

8-10 минут

1. 1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топ 7.2.3.2 " механикалық энергияның екі түрін ажырату және

7.2.3.5 –энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;

оқу мақсаттары бойынша білімдерін демонстрациялайды.

І топ механикалық энергияның түрлерін ажыратады

ІІ топ энергияның түрленуіне мысалдар келтіреді ІІІ топ екі топтың жұмысының нәтижесін талдайды және механикалықэнергияның сақталу заңын тұжырымдайды

Бағалау критерийлері:

Механикалық энергияның түрлерін біледі.

Механикалық энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады

Механикалық энергияның сақталу заңын дұрыс тұжырымдайды.

Орындалған тапсырмалардың кемшіліктерін түзете отырып, мұғалім кері байланыс береді.

2. Ой қозғау.

Мұғалім 6-слайдтағы суретті көрсетеді. Болат шар пластинамен соғылғаннан кейін тоқтайды. Шардың пластинаға қатысты потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергиясы нөлге тең болады. Бұл шардың энергиясы жоғалып кеткенін білдіреді ме?(энергияның сақталу заңы тұжырымдалады)

3. Мақсатты болжау.

  • Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну;
  • Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну;
  • Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білу.

Презентация

Слайд 2-4

Слайд 5-6

Слайд 7

Сабақтың ортасы

10-20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 20-25 минут

23-35 минут

 

4. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді.

1. Суы бар пробирканы қыздырған кезде тығынның ұшып шығу тәжірибесін және колбаға ауаны енгізгенде, тығынның ұшып кетуі мен тұманның пайда болу тәжірибесін жасайды.Оқушылардан бөлшектер қозғалысы және ішкі энергия артады деген сөздерді пайдалана отырып, тығыннның неге ұшып шыққанын түсіндіріп берулерін сұрайды.

EСКЕРТУ!Демонстрация кезінде тығын үлкен жылдамдықпен ұшып шыға алатынын есте сақтау қажет, сондықтан тығынмен түтікшені өте нығыздап жаппау керек. Тығынды оқушыларға қарай немесе терезе жаққа қарай бағыттамаңыздар.

Бұл қыздырған кезде бөлшектердің ішкі энергиясының артуын көрсететін маңызды демонстрация болып табылады.

2. Сұйық пен газдың ішкі энергиясын салыстырады.

3.Әр түрлі массадағы денелердің ішкі энергиясын салыстырады.

Оқушылар ішкі энергияның қандай физикалық шамалардан тәуелді екенін түсінулері тиіс.

Келесі тәжирибелерді оқушылар орындайды.

  • тиынды картонға үйкеу,
  • сымды бір жерден бірнеше рет майыстыру,
  • термометрді қолдың жылуымен жылыту және т.б.

Әрбір тәжірибені сипаттайды және ішкі энергиясы қандай әдіспен өзгертілгенін анықтайды. Оқушылар ішкі энергияны қандай әдістермен өзгертуге болатындығын түсінулері қажет.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып, энергияның түрленуін және ішкі энергины өзгертудің тәсілдерін түсіндіреді.

5. Сабақты бекіту.

а) Суретке қарап дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атаңдар.

b)Түсіндіріңдер

Бағалау критерийлері:

1. Дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін біледі.

2. Қай ыдыста температура жоғары екенін түсіндіре алады.

3. Ішкі энергияның массаға тәуелділігін түсіндіре алады.

4.Сіріңке шырпысының тұтану себептерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады.

5. Арқанға жабысып тез сырғанап түскенде неліктен қолдың күйіп қалатынын түсіндіре алады.

Слайд 8-11

Аузы тығынмен жабылған су бар түтікше, спирт шамы, түтікшені ұстағыш, тығынмен тығыздалып жабылған және жалғама құбыр жалғанған бөтелке, резеңке түтікше, ауа насосы.

Слайд 12-14

Слайд 15-20

Слайд 21-22

Сабақтың соңы

35-40 минут

6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

7. Үйге тапсырма:

"Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi" тақырыбын оқу

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдерін біледі

Кейбір оқушылар: әрбір тәжірибені сипаттап, оны түсіндіре алады.

Әр жұптың жанына барып олардың өзара талдау, пікір-таластарын бақылау.

Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы талдау дағдыларын бағалау

Алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Ыстық сумен жұмыс істегенде абай болу;

Шыны ыдыстар және термометрмен жұмыс істеу барысында техника кауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу