Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Физика, 8 сынып, қосымша материал.
Сабақ тақырыбы: Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
Оқу мақсаты: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
Теориялық материал
Дененің толық энергиясын емес, ішкі энергиясының өзгерісін ғана өлшеуге болады. Дене қатты, сұйық және газ тәрізді бола ма әлде тұтас немесе майда ұнтақталған күйде ме бәрібір дененің ішкі энергиясы оның температурасына байланысты. Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы да артады, өйткені молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы артады.Қатты дененің ұсақталған бөліктері өте үлкен потенциалдық энергияға ие болатындықтан, тұтас денеге қарағанда, ұсақталған жаныштап тозаңға айналдырылған дененің ішкі энергиясы көп болады. Көп жағдайда дене бөлшектерінің кинетикалық және потенциалдық энергиялары қатар өзгереді.Санақ жүйесін таңдап алуға байланысты дененің толық механикалық энергиясының болмауы да мүмкін, мысалы, жерде жатқан допты жерге қатысты қарастыру кезінде. Әрқашан дененің ішкі энергиясы болады. Ішкі энергия дененің қозғалысына да, бұл дененің басқа денелерге қатысты тұрған орнына да тәуелді емес.Әрдайым ішкі энергияның белгілі қоры бола тұрса да, дене механикалық энергияға: потенциалдық не кинетикалық немесе потенциалдық, әрі кинетикалық энергияға ие бола алады. Мысалы, Жер бетінен біршама биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың ішкі энергиясымен қатар, кинетикалық әрі потенциалдық энергиясы бар.Біз тек жылу процесіндегі ішкі энергияны әрі олардың өзгерісін ғана қарастырамыз, ішкі энергия U әрпімен, ал оның өзгерісі ∆U таңбасымен белгіленеді.
Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасау. Жылу алмасу деп бір денеден энергия температурасы төмен келесі денеге берілуін айтады.
Денемен немесе дененің өзімен жұмыс жасамай, жылу алмасу арқылы ішкі энергияны өзгерту тәсілі жылу беру деп атайды.
Жұмыс істеу арқылы. Цилиндр поршені астындағы газды ұлғайту
Жұмыс істеу Цилиндр поршені астындағы газды сығу
Идеал газдың ішкі энергиясы тек температураға тәуелді.Қыздырған кезде ішкі энергия артады.Егер газдың температурасы өзгермесе ,ішкі энергияда өзгермейді.
Тест жауаптары : 1D 2A 3С
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?