Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1A бөлім: Жылу құбылыстары | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау; | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар білуі тиіс:
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1. Механикалық энергия түрлерін біледі және энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады. 2. Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді. 3. Берілген суреттер бойынша ішкі энергияның қандай физикалық шамалардан тәуелді екенін талдайды. 4. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды. | |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар берілген суреттер бойынша энергияның түрленуін түсіндіре алады. Әрбір тәжірибе нәтижесіне ауызша талдау жасайды. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ауызша сипаттайды. Пәнге тән лексика мен терминология: Молекулалар, тығыздық, көлем, масса, температура, термометр, дененің ұлғаюының температураға сызықты тәуелділігі, молекулалардың жылулық қозғалысы, заттың ұлғаюы. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Сұйық және қатты затты қыздырғанда оның көлемі .................... Әр түрлі сұйықтықтар әртүрлі ............... Солтүстік аймақта спиртті термометрді ғана қолданады, себебі ... | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған. | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия пәнімен байланыс, ішкі энергияны түсіндіру барысында заттардың молекулалық құрылысын және молекулалардың өзара әсерлесуін қарастыру. | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 7 сыныпта механикалық энергияның түрлерін және энергияның сақталу заңын қарастырған. Оқушылар механикалық энергияның түрлерін және оның түрленуін білуі тиіс. Молекулалардың жылулық қозғалысын біледі. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-7 минут 7-10 минут 10-11 минут | 1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.
а)Осы термометрдің шкаласының бөлік құнын және өлшеудің төменгі және жоғарғы шегін анықтаңдар b)Дене батырылмай тұрғандағы судың температурасын абсолют қателігімен жазыңдар с)Суға жез цилиндрді салғанда температура көрсеткіші 36 0С төмендеді.Су температурасының төмендеу себебін түсіндіріңдер. 2. Ой қозғау. Балғамен темірдің бетін бірнеше рет ұрған. Металл темір мен балғаның температурасы артты. Құбылысты қалай түсіндіресің? 3. Мақсатты болжау.
| Презентация
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-21 минут
21-36 минут
| 4. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді.Стақандарға бірдей мөлшерде ыстық және суық су құйылған. Қай стақандағы судың ішкі энергиясы жоғары екендігін түсіндір Тиынның ішкі энергиясын өзгертудің жолдарын анықтаңдар
Осы тәсілдерді жылу берілудің түріне қарай 2-топқа топтастыр. Әрбір тәжірибені сипаттайды және ішкі энергиясы қандай әдіспен өзгертілгенін анықтайды. Оқушылар ішкі энергияны жұмыс істеу және жылу берілу арқылы өзгертуге болатындығын түсінулері қажет. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, энергияның түрленуін және ішкі энергины өзгертудің тәсілдерін түсіндіреді. 5. Сабақты бекіту. 1)
2) Суретке қарап дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атаңдар.
3) Балғамен темірді ұрғанда, балға қызады. Қатты ыстық күндері күннің астында қалып қойған балға да қызады.Балғаның ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атап, түсіндіріңдер. 4) Екі латуннан жасалған шарик бірдей биіктіктен құлайды. Бірі топыраққа, екіншісі тасқа соғылысымен біршама биіктікте шарикті ұстап алады.Шариктердің ішінде қайсысы ішкі энергиясын көп өзгертті. Себебін түсіндір. Бағалау критерийлері 1. Механикалық энергия түрлерін біледі және энергияның түрленуіне түсіндіре алады. 2. Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді. 3. Берілген суреттер бойынша ішкі энергияның өзгерту тәсілдерін тәсілдерін сипаттайды. | |||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | 6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет 7. Үйге тапсырма: "Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi" тақырыбын оқу | |||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдерін біледі Кейбір оқушылар: әрбір тәжірибені сипаттап, оны түсіндіре алады. | Әр жұптың жанына барып олардың өзара талдау, пікір-таластарын бақылау. Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы талдау дағдыларын бағалау Алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру. | Ыстық сумен жұмыс істегенде абай болу; Шыны ыдыстар және термометрмен жұмыс істеу барысында техника кауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?