Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мектеп:

Жылу құбылыстары

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 Молекула-кинетикалық

теорияның негізгі қағидаларын

дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын білу;
  • Броундық қозғалысты сипаттау;
  • Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдау

Бағалау критерийлері

1. Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын біледі;

2. Броундық қозғалысты сипаттайды;

3. Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдайды

Тілдік мақсаттар

Оқушыларбілуі тиіс:

Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын ауызша түсіндіру.

Броундық қозғалысты ауызша сипаттау. Температураның диффузия жылдамдығына әсерін ауызша және жазбаша талдау

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диффузия,Броундық қозғалыс, жылулық қозғалыс....

Қысым, температура........

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Диффузия дегеніміз ........

Броундық қозғалыс деп ...........

Жылулық қозғалыс деп ........

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық құндылығын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Химия және биология пәнімен байланыс, затттың құрылысын қарастырғанда заттың өте ұсақ бөлшектерден тұратынын дәлелдеу.

Бастапқы білім

Оқушылар 7 сыныпта химия пәнінен заттың құрылысын қарастырған. Оқушылар "молекула" ,"атом" ұғымдарын білуі тиіс. Биология пәнінен 7 сыныпта сұйықтар мен газдардағы диффузия құбылысына практикалық жұмыстар жасаған, сұйықтар мен газдардағы диффузияны біледі. Бар білімдерін жандандыру сұрақ- жауап арқылы жүзеге асырылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10 мин

10-12 мин

  • Сергіту сәті «Атомдар мен молекулалар»жаттығуын орындату. Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншалар жеке дара жүреді де «молекулалар үшеуден» деген кезде ойыншылар үштен топтасады артық қалған оқушы заттың құрылысы туралы не білетінін айтады, келесі оқушы зат бөлшектерінің қалай қозғалатынын, келесі оқушы осылайша сұрақтарға жауап беріп жалғастырады. Биология пәнінен диффузия туралы не білетіндерін сұрауға болады.

Мынандай сұрақтар қоюға болады:

1. Заттардың қанша күйі бар?

2. Заттың сұйық күйіне тән қасиетті сипатта

3. Заттың қатты күйіне тән қасиеттті сипатта

4. Заттың газ күйіне тән қасиетті сипатта

Бағалау критерийлері:

Заттың құрылысын дұрыс сипаттайды.

Диффузия құбылысын түсінеді;

Заттың күйлерін анықтайды;

Қатты, сұйық және газ күйлеріне тән қасиеттердісипаттайды.

Мүғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.

2.Ой қозғау.

Ыстық суда неліктен қияр тез тұздалады?

Оқушылар бірнеше себеп айтуы мүмкін. Қиярдың тез тұздалуы зат бөлшектерінің қозғалыста болуының бірден-бір дәлелі екенін мұғалім түсіндіреді.

3. Мақсатты болжау.

  • Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын білу;
  • Броундық қозғалыстысипаттау;
  • Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдау

Музыка

Сабақтың ортасы

12-22 мин

22-28 мин

28-35 мин

35-36 мин

4. Түсіндіру.

Оқулықтағы мәтіндер бойынша оқушылар топпен жұмыс жасайды

1-топ:Жылулық қозғалыс

2-топ: Броундық қозғалыс

3-топ: Диффузия. Диффузия құбылысының практикада қолданылуы.

Тапсырманы топта талқылайды, содан соң топтан бір оқушы таныстырылым жасайды. Бағалау критерийлері:

1. Оқушы таныстырылымын баяндай алады 2. Мысалдар келтіре алады 3.Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере алады

Қабілетті оқушылар диффузия құбылысына мысалдар келтіріп, өз тұжырымдарын дәлелдейді.

5. Сабақты бекіту.Видеокөрсетілім: Молекулалардың қозғалысы.Диффузия.

Суреттегі диффузияны талдайды

1 топ табиғаттағы диффузия

2 топ тұрмыстағы диффузия

3 топ техникадағы диффузия

Бағалау критерийлері:

Әр топ өздеріне берілген суреттер бойынша диффузия құбылысын түсіндіреді.

Оқушылар алған білімдерін бекіту үшін тест тапсырмаларын орындайды.

6.Жетістікті бағалау. «Бағдаршам әдісі»

жасыл-түсінікті; сары-түсіндім, әлі де оқуым керек; қызыл-түсінбедім

Оқулықпен жұмыс.

https://bilimland.kz/kk/

courses/physics-kk

Түрлі суреттермен жұмыс

Таратпа материал

Сабақтың соңы

36-40 мин

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма:

§1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия тақырыбын оқу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға өздік жұмыс барысында бағыттаушы сұрақтар қойып, көмек көрсету. Қабілетті оқушылар диффузия құбылысына мысалдар келтіріп, өз тұжырымдарын дәлелдейді.

8.3.1.1 "Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау" оқу мақсаты бойынша тест тапсырмаларын орындау. Оқу мақсаттарына жетуді «Бағдаршам әдісі» арқылы бағалау.

Тәжірибе жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу