Күн жүйесі. Физика, 7 сынып, қосымша материал 2.


 ЖерКүн жүйесінің планетасы (ақпараттық таратпалар)Астероидтар ( гр.aster- жұлдыз + eidos - түр ) - көлемі әртүрлі космостық қатты денелерден құралған жұлдыз тектес ұсақ ғаламшарлар.Күн айналасының периоды 3-9 жылға дейін.Негізінен Марс пен Юпитер орбиталары арасында орналасқан.( Астероидтар сақинасы)Астрономиялық бірлік – Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық (жер орбитасының үлкен жарты осі )Астрономиялық жылЖердің Күнді толық айналып шығатын уақыты.Атмосфера(гр. аtmos- бу + сфера ) Жердің және басқа ғаламшарлардың газ тәрізде қабықшасы.Шолпан – Күннен кейінгі екінші планета,225 тәулікте бір айналым жасайды.Біздің галактика – Құс жолы біздің жұлдыздар жүйеміздің құрамына 2*10 жуық жұлдыздар, соның ішін Күнмен қоса барлық планеталар кіреді.Галактикалар-жұлдыздардан,газдардан,тозаңдық тұмандықтарданжәне жұлдыздар аралық заттар жиынтығынан тұрады.Жердің гравитациялық өрісі бұл тартылыс күшінің өрісі.Жұлдыздар – қызулы,жарқыраған газдық шарлар,космостық нысаналар.Комета – (гр.kametes (aster) құйрықты жұлдыздар) салмағы болымсыз аспан денелері,ол Күннен қашық жерде тұманды бұлт тәріздес көрініске ие.Кометалардың көбі эллипс түрінде қозғалады.Тек Күнге жақындаған кезде ғана жылудың әсерінен газ бөлініп,кометаның жарқыраған ядро қабықшасын құрайды.Космос – ( грек.kosmos – Ғалам ) - жер атмосферасынан тыс кеңістік.Ондағы барлық денелер кіреді.Кратер – (грекше krater – үлкен ыдыс ) - Айдың,Марстың,Шолпанның бетінде табылған (радиолокациялық әдістермен),Меркурийде, Жер бетінде (метеориттер құлауынан пайда болған) сақина таулар.Ай -Жердің жалғыз серігі.Оның қашықтығы 384 400 км,орташа тығыздығы 3,34 г/см куб, жасы – 4,6 млрд. жыл.Жер магматизмі – Жердің магниттік қасиеті. Жерде екі полюс болады.Магниттік аномалия – Жер бетіндегі магниттік кернеуінің қалыпты жағдайда артық болатын аудандары.Магниттік полюс – Магниттік мередиандардың түйісу аймағы.

Марс жер планеталарының сыртқы топтамалары,Күнге дейінгі қашықтығы 200-250 млн. км.Магнитосфера – жердің ең сыртқы қабаты және де жердің магниттік өрісі орналасқан кеңістік. Оның қасиетін жердің магниттік өрісі мен оның күн желімен қарым-қатынасы арқылы анықтайды. МетеоритЖер қабықшасына жеткен ,әлі буланып үлгермеген метеорлық дене.Нептун – Жерден 30 есе алыс қашықтықта орналасқан,165 жылда бір айналым жасап,Күнді айнала қозғалатын планета.Орбита [лат. orbita - жол] – бұл планеталар мен аспан жүйелерінің жүретін жолы. (планета, серігі, космостық ұшатын аппарат) Парсек – жұлдыздар арақашықтығының өлшем бірліктері. 3,26 жарық жылына терең ( 3,086*1013 км).Планета – өздігінен жарқырамайтын аспан денелері, пішіні шар тектес. Жылу мен жарықты Күннен алатын және оны элипстік орбита жасай алады.Плутон - Күн жүйесінен ең алыста орналасқан планета, 1930 жылы ашылған, орбитасы оте еңкейген, Плутонның массасы Жерге қарағанда 10 есе кіші. Бір серігі бар. Плутоннан кейін Гавай абсерваториясындағы ғалымдар оныншы кіші планетаны ашты. Ол әлі зерттелмеген.Сатурн – Күннен Юпитерге қарағанда 2 есе, Жерге қарағанда 9 есе алыс; Көлемі жөнінен Жерден 760 есе, массасы жөнінен 95 есе үлкен.Күн жүйесі - Күнді айналып жүретін аспан денелерінің жиынтығын айтамыз, ол осы жүйенің динамикалық орталығы болып табылады. Күн – орташа көлемді және жарықты жұлдыз. Алып газды шар. 70% сутегінен және 29% гелиден тұрады.Экваторда 25 жер тәулігінде бір айналым жасайлы, ал полюстер айналасында 30.Уран – Жерден тек телескоппен көрінетін планета. Күнге дейінгі қашықтығы жермен салыстырғанда 19 есе алыс.Фотосфера - күн атмосферасының төменгі қабаты. Қара франгоферлер сәулесі көрінетін тұтас спектірлерді береді.Хромосфера - Хромосфера фотосфераның астында 14000 мың км қашықтықта орналасқан зонаЭклиптика [гр. ekleiptike - ekleipsis - тұтылу ] аспан сферасындағы үлкен шеңбер Юпитер -5 – ші планета, Күн жүйесіндегі ең үлкен планета. Күнен Жерге қарағанда,бес есе алыс орналасқан, жылу да 27 есе аз барады. Юпитер көлемі бойынша Жерден 1300 есе, ал массасы 318 есе үлкенАйналу осі орбита тығыздығына перпендикуляр, сондықтан да жыл маусымының ауысуы болмайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу