Күн жүйесі. Ғаламшарлар. Күн жүйесінің басқа денелері. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 7.4C: Ғарыш және Жер

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыстаубаева Г.Ф

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты

Сабақ процесінде топтық жұмыстар арқылы оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Мұғалімнің мақсаты: Проблемалық оқыту әдісін қолдану арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдысын дамыту

Сабақ тақырыбы

Күн жүйесі. Ғаламшарлар. Күн жүйесінің басқа денелері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Күн жүйесінің құрылымын, құрылысын сипаттау
  • Күн жүйесіндегі денелер қозғалысының көзқарасынан күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру
  • Күнді айналып қозғалатын ғаламшарлардың қозғалысымен және орбита жазықтығына қатысты Жердің айналу осінің көлбеуі арқылы жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Күн жүйесінің құрылымын, құрылысын сипаттау
  • Күн жүйесіндегі денелер қозғалысының көзқарасынан күн, ай және жыл ұғымдарын түсіндіру
  • Күнді айналып қозғалатын ғаламшарлардың қозғалысымен және орбита жазықтығына қатысты Жердің айналу осінің көлбеуі арқылы жыл мезгілдерінің ауысуын түсіндіру

 Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Күн жүйесінің құрылымына сипаттама береді;

Жер бетіндегі күн мен түннің ауысуын Күнге қатысты орналасуына байланысты түсіндіреді;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

жыл, Күн, Жер, Ай, ось, жыл мезгілдері, Күннің шығуы, Күннің батуы, шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік, талтүс, көктем, жаз, қыс, күз.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жыл мезгілдерінде...... болады

Күн мен түн ...... болады

Күн (тәулік) үшін қажет

Жыл ....... айға созылады

Күн Айдан ........

Жазда күн ұзақ, өйткені

Қыста түн ұзақ, өйткені......

Құндылықтарды дарыту

Ынтамақтастық

Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет

Академиялық шынайылық

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика

АКТ қолдану дағдылары

Интернет, интерактивті тақта

Бастапқы білім

Оқушылар Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың атауларын және орналасу ретін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Ортасы

(W) Сыныппен жұмыс. Ғарыш кеңістігін зерттеу

Алғашқы жасанды серік 1957 жылы 4 қазанда Байқоңырдан сәтті ұшырылды.

Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшқан адамзат болды. Ол осы ғарыш айлағынан 1961 жылы 12 сәуірде «Восток-1» ғарышкемесімен ұшырылды.

  • Не себепті біз ғарышты зерттейтіндігімізді ойланыңыздар.
  • Бұндай зерттеулерге қаражат шығындаудың қажеттілігі бар ма?

(I)(f) Жеке жұмыс.

Сабақты оқушылардың Күн жүйесі туралы білімдерін анықтау үшін сұрақтар қоюдан бастау.

  • Күн жүйесі ортасында Күн және оны айналған сегіз ғаламшар мен астероидтар белдеуінен тұрады. Бұл аспан денелерінің бір-бірінен айырмашылықтары бар?

(W) Сыныппен жұмыс. Твиг видеокөріністер

Күн жүйесі туралы бейнематериал көрсетіп, осы бейнематериалдан көргенін талқылауды ұсыныңыз.

Бейнематериалды жұпта талқылау.

(I)(f) Жұптық жұмыс. Күн жүйесі ғаламшарлары.

Оқушылардан күн жүйесіндегі ғаламшарлардың Меркурийден бастап орналасу ретін есте сақтау әдісін қазақ, ағылшын тілінде ойлап табуын сұрау.

Сен білесің бе?

Біздің күн жүйеміздегі қызықты мәліметтерді интернеттен табу және оны презентация немесе мәтін түрінде басқа жұптарға таныстыру.

(G) Топтық жұмыс.

Оқушылар ойын түрінде келесі уақыт кезеңдерге бөлінуін анықтайды: сағат, күн, ай, жыл.

Топтарға мынадай тапсырмалар:

а) 1-ші топқа тапсырма- Күн бетіндегі нүктенің 27 тәулікте бір айналым жасауын көрсету;

b) 2-ші топқа тапсырма- Жердің өз осінен 24 сағатта бір айналым жасауын көрсету;

с) 3-ші топқа тапсырма- Жердің орбитасы бойымен Күнді айналып қозғалуын көрсету;

d) 4-топқа тапсырма: Айдың Жерді айналып қозғалуын көрсету.

(W) Сыныппен жұмыс.

Оқушылар Күн, Жер, Ай қозғалыстары туралы ортақ шешімге келіп, модель құрастырады.Барлық топтардың бір мезгілде, Күн,Жер,Ай қозғалыстарын көрсетуін сұрау.

(G) Топтық жұмыс.

Төмендегі сұрақтарды топтар ішінде талқылау:

  • Өзің туғаннан бері Жер Күнді қанша рет айналды?
  • Қазақстанда сағат күндізгі 12.00 болғанда Англия мен Сингапурда уақыт қандай болады? Айырмашылығын түсіндіріңіз.
  • Дәл бүгінгі күні Ай қандай фазада болады?

(D) Демонстрация.

Оқушылар Күн, Жер, Ай қозғалыстары туралы ортақ шешімге келіп, модель құрастырады.Барлық топтардың бір мезгілде, Күн,Жер,Ай қозғалыстарын көрсетуін сұрау.

Күннің моделі ретінде электр шамын қолдана отырып, күн мен түннің ауысуын көрсету және күндізгі жарықтың біз тұрған Жердің беті Күннің жарығы түскен бетінде ғана болатынын көрсету үшін, оқушылардан Жер сияқты Күнді (электр шамын) айналып қозғалуын сұрау.

(D) Демонстрация. Жыл мезгілдерінің ауысуы.

Оқушылар қолдарына волейбол доптарын ұстап, жанып тұрған электр шамын айнала қозғалып, жыл мезгілдерін модельдейді, ал соңынан шамның маңайында әртүрлі жағдайда тұрып, Жер көлбеулігінің күннің ұзақтығына әсерін көрсетеді. Допқа «Оңтүстік полюс» және «Солтүстік полюс» деген жазуы бар қағаздарды жапсырып қою керек.

(I) Жұптық жұмыс.

Оқушылар әр түрлі елдерде әр түрлі жыл мезгілдерінде күннің ұзақтығын салыстырады. Олар одан кейін экватордан алыс орналасқан елдердегі күннің ұзақтығының жыл ішінде жиі өзгеретіндігін, полярлық түн, «ақ түн» ұғымдарын, көктемде және күзде күн мен түннің теңелуін түсіндіру үшін, Жердің көлбеулігін пайдаланады.

(W) Сыныппен жұмыс.

Жыл мезгілдерінің ауысуы туралы бейне материалды көрсету.

(W) Сыныппен жұмыс.

Бейнематериалды жұпта талқылау.

(W) Сыныппен жұмыс.

  • Жыл мезгілдерінің ауысуы қалай жүзеге асатынан сипаттап түсіндір.

Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебі бар:

Жердің Күнді эллипс тәрізді орбитамен айналуы

Жер осінің көлбеу орналасуы.

Сондықтан Жердің әртүрлі бөліктері Күнге Жер орбитасының әртүрлі бөліктерінде жақындайды. Жердің көлбеулігі әсерінен солтүстік жарты шарда жаз болғанда, оңтүстік жарты шарда қыс болады.

  • Жыл мезгілдерінің ауысуы қалай жүзеге асатынан сипаттап түсіндір.

Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебі бар:

Жердің Күнді эллипс тәрізді орбитамен айналуы

Жер осінің көлбеу орналасуы.

Сондықтан Жердің әртүрлі бөліктері Күнге Жер орбитасының әртүрлі бөліктерінде жақындайды. Жердің көлбеулігі әсерінен солтүстік жарты шарда жаз болғанда, оңтүстік жарты шарда қыс болады.

  • Жыл мезгілдері адам үшін неге маңызды?

Температура өзгерісі адамдар денсаулығына, ауылшаруашылығына, жануарлар мен құстар өсіруге әсерлері бар.

  • Жердің оське қатысты көлбеулігі жоқ деп елестет. Біз қандай жыл мезгілдерін бақылай алар едік. Жауабыңды негізде.

Солтүстік жарты шарда және оңтүстік жарты шарда мезгілдер бір уақытта бірдей болады.

(I) Жеке жұмыс.

Үйге тапсырма

Уақытты өлшеу үшін әртүрлі өркениеттер күнтізбені қалай қолданғанын зерттеу. Олар күнтізбені қалай құрғанын түсіндір.

http://www.bbc.co.uk/schools/ks2bitesize/science/physical_processes/earth_sun_moon/play.shtml

https://twig-bilim.kz/kz/film/the-birth-of-our-solar-system

https://twig-bilim.kz/kz/film/earth

https://twig-bilim.kz/kz/film/venus

https://twig-bilim.kz/kz/film/jupiter

https://twig-bilim.kz/kz/film/neptune

https://twig-bilim.kz/kz/film/mercury

https://twig-bilim.kz/kz/film/mars

https://twig-bilim.kz/kz/film/saturn

https://twig-bilim.kz/kz/film/uranus

Аяғы

Рефлексия

3 things I learned about:

2 ways I contributed to today’s Class:

1 question I still have:

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақ соңында алынатын ақпаратты сапасы және нақтылығы бойынша бағалауға болады.

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренугеқатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажетболуымүмкінқандайақпараттыбілдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу