Механикалық қуат. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Мектеп: НЗМ Семей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байсеитова С.Ш.

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Механикалық қуат

Оқу мақсаттары

7. 2.3.2қуаттың физикалық мағынасын түсіну;

7. 2.3.3 A=Fs, N=A/t, N=Fυ формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу

Сабақтың мақсаттары

Оқу мақсаттарына сай тақырыптың мәні мен мазмұнын ашатын ұғымдарды меңгерту; физикалық шаманың мағынасын түсндіру; қуаттың формуласын беру арқылы оқушыларға формуланы қолданып есеп шығаруға үйрету;

Күтілетін нәтижелер /Бағалау критерийлері

Оқушылар: Қуаттың анықтамасын айтады; қуаттың қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды; қуаттың физикалық мағынасын түсіндіреді; қуаттың формуласын есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар мен міндеттер

Пәндік лексика және терминология

Орындалған жұмыс, механикалық жұмыс, күш, уақыт, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы,МВт,кДж.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет….

Қуаттың өлшем бірлігі….

«механикалық жұмыс» … деп

«күш»дегеніміз...;

«жол» дегеніміз …;

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Механикалық қуат

Механическая мощность

Mechanical power

Қуат бірлігі

Единица измерения мощности

Unit of measurement of power

Қозғалтқыштың тарту күші

Сила тяги двигателя

Engine thrust force

Жылдамдық

Скорость

Speed

Бірқалыпты қозғалыстағы қуат

Мощность при равномерном движений

Power at uniform movements

Уақыт

Время

Time

Осыған дейінгі білім

Механикалық жұмыс

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-2-3 мин

Оқушылармен амандасу/түгендеу, сабақтың мақсаттарын жариялау

Ортасы

3-34 мин

Үй тапсырмасын тексеру/сұрау

  • Механикалық жұмыстың анықтамасын айтып беріңіздер
  • Механикалық жұмыс атқарылуы үшін қажетті шарттарды атаңыздар
  • Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыздар
  • Жұмыс бірліктерін еске түсірейік
  • Механикалық жұмысқа мысалдар келтірейік.
  • Оң немесе теріс жұмыс атқарылатын жағдайларға мысалдар келтіру арқылы жауаптарыңызды негіздеп түсіндіріңіздер
  • Үйге берілген есептердің шығарылуы мен үй тапсырмасының орындалуын тексеру

Топтарда жұмыс жасау арқылы оқушылар сұрақтарға тақтада/орнында отырып жылдам жауап береді, сыныпты 3 топқа бөліп, орындайтын тапсырмаларды бөліп беру:

1 топ мүшелері механикалық жұмыстың анықтамасы мен жұмыс жасалуы үшін қажетті шарттарды айқындайды; 2 топ мүшелері жұмыстың формуласы мен өлшем бірлігін жазады/айтады; жұмысқа мысалдар келтіреді; 3 топ мүшелері оң және теріс жұмысқа мысалдар келтіріп. Өз жауаптарын негіздеп түсіндіреді; соңында әр топтан 1-2 оқушыдан шығып, есептердің шығарылуын көрсетеді

Жаңа сабақ материалын түсіндіру/меңгерту

Жаңа сабақта:

  • Қуаттың анықтамасы
  • Қуаттың анықтамаға сәйкес формуласы
  • Қуаттың ХБЖ-дегі өлшем бірлігі.
  • Бірқалыпты қозғалыстағы қуаттың формуласы.
  • Қуат қандай шамаларға тәуелді екендігі – пропорционалдық байланыстар
  • Оқу мақсатына сәйкес, N=A/t, N=Fυ формулаларын қолданып есептер шығару

Оқушылар мен мұғалімнің әрекеттері:

(W) Шапшаң жүріп келе жатқан автомобильдің қуаты жоғары болатынын, қуаттың жылдамдыққа тәуелділігін талдау. Көліктің қозғалтқышының тарту күшін/сила тяги қамтамасыз ететіндігін талқылау дұрыс болады. Қуаттың N=F формуласы қолданылатынын қорытып шығару керек. Оқушылардан қозғалтқыштың номиналды қуаты жайлы сұрауға болады;

(W)Оқушыларға денені тасымалдаудың ескі және жаңа әдістерінің бейнеклипі немесе суреттерін көрсетіп, мысалы, пойыздың немесе оқтың қозғалысы.

Оқушылардан ұсынылған әдістердің ішінен ең тиімдісі бойынша болжамдарды ортаға салуды ұсынуға болады.

(G)(E) Оқушылар қуатты есептеуге бағытталған зерттеуді жүргізеді. Олар алдымен ауыр кітап тәрізді дененің салмағын өлшеп алады. Одан кейін еденнен бастап үстелдің бетіне дейінгі биіктікті өлшейді. Бір оқушы одан кейін кітаптарды еденнен үстел бетіне 30 с ішінде көтереді. Бұл уақытта серіктесі қанша кітапты көтергендігін санайды. Көтерілген кітаптардың салмағы мен үстел биіктігін пайдалана отырып, орындалған жұмысты есептеуге болады. Орындалған жұмысты көтерілген кітаптардың жалпы салмағы мен жалпы қашықтық бойынша есептеуге болады. Нәтижесін 30 с уақытқа бөлу арқылы қуатты есептейді.

(Е) Оқушылар жүкті блок арқылы көтеру кезіндегі қуатты есептейді.

(Е) Оқушылар дәлізге шығып, баспалдағы бар жерге барып, 1 қабаттан екінші қабатқа жүгіріп шығып, немесе жүгіріп түсіп, өздерінің шыққан уақыттарын есептеп жазады, әр баспалдақтың биіктігін өлшейді, баспалдақтар санын санап, қандай биіктікке көтерілгендерін есептеп табады, өз массаларын білу арқылы, ауырлық күшінің жұмысын есептеп шығарып, оны жоғары көтерілуге/түсуге кеткен уақытқа бөліп, әрқайсысы өздерінің қуаттарын есептейді.

Сыныпта қуаттың формуласын пайдаланып есепте шығарылады

http://Bilimland.kz

http://www.freetechebooks.com/doc-2011/power-worksheet.html

http://class-fizika.narod.ru/7_moshnost.htm

http://interneturok.ru/physics/7-klass/rabota-moshnost-energija/mehanicheskaya-rabota-moschnost-zotov-a-e

http://somit.ru/fisika7_54.htm - анимация

Жан-жақты тұрғы, стержень, қысқыштар, блоктар, қозғалатын блоктар, блок үшін стерженьдер, жүк ұстағыш, ойығы бар 10 г гірлер, 50 г секундомер рулетка, жіп, қайшы.

Соңы

34-40 мин

Сабақтың рефлексиясы

БББ стратегиясы немесе кесте толтыру немесе өзінің сабақтағы іс-әрекетіне рефлексиясын парақшада белгілеу

Бағалау

Өзін-өзі, өзара (бірін-бірі) бағалау

Қорытындылау сабақтың қалай өткендігін, оқушы бұл сабақта өзін қалай сезінгенінен бастап, өзінің/сыныптас құрбысының белсенділік әрекеті туралы сабақты қорытындылауы, соңында мұғалімнің қорытынды сөзі

Үйге тапсырма беру

7 сыныпқа арналған физика оқулығы/есептер жинағы

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытукөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

Алдын ала дайындалған, әр түрлі қиындық деңгейіндегі тапсырмаларды ұсыну; оқулықтан, есептер жинағынан тапсымалар беру арқылы

Қолдау көрсету – әр оқушының қабылдау деңгейі мен мүмкіндіктерін біле отыра, әр оқушының тақырыпты қалай меңгергендігін бақылау үшін жанына барып, жазуын, жауап беруін, тапсырмаларды орындауын, есептерді шығаруын байқап барып, қажет еткендерге көмектесу немесе қабілеті жоғары оқушылардан басқаларға көмектесуді өтіну

Алдын ала дайындалған бағалау парақтары мен бағалау критерийлерін пайдалану арқылы және оқушылар өзін-өзі және өзара – бірін бірі бағалайды

Математика пәнімен байланыс- қуаттың формуласы, формула арқылы пропорционалдық байланыстар анықталады,қуаттың қандай шамаларға тәуелді екені айқындалады; оқушы әрекетіндегі эксперименттік тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелері ескертіледі;

Құндылықтар: денсаулық – партаға дұрыс отырудан, көз жаттығуын жасату, қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы жүзеге асырылады; құрмет – топтық/жұптық жұмыстарда бір-бірін тосып, тыңдап, сөйлеу кезегін, тапсырманы орындау ретін бөлуде; жауапкершілік пен өмір бойы оқу құндылығы – үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сыныптағы тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асырылады

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақта оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды; оқушылар бүгінгі сабақта көптеген нәрселерді үйреніп, дағдылары қалыптасты: эксперименттік тапсырмалар мен тест тапсырмаларын орындау арқылы жаңа тақырыпты толық меңгерді, қуаттың физикалық мағынасын түсінді; қуаттың формулаларын жадыларына сақтап, сол формулалары пайдаоанып есептер шығарды; бірлесіп жұмыс жасай отырып, коллаборативті ортаны құра білді, бір-бірін құрметтеп, жауапкершілікті сезініп, пәнге қызығушылығы артты; эксперименті нәтижесін талқылауды, алынған нәтижелерді салыстыруды үйренді – әркім өзінің және сыныптасының қуатын салыстырды; уақытты барынша ұтымды пайдаандым; дегенмен, кейбір оқушылардың темпераменті мен дене қозғалысының ерекшелігіне байланысты баяу қимылдайытн оқушылармен тапсырманы орындауда көбірек уақыт кеткен жерлер де болды. Мен келесіде өз жоспарыма өзгеріс енгізгенде эксперименттік тапсырманың тек кейбірін ғана орындатып, қалғанын келесі есеп шығару сабақтарына қалдыруды жөн көрдім,

Жалпы баға:

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: оқушылардың барлығының да эксперименттік тапсырманы қызыға орындауы

2: қабілеті жоғары оқушылар бірден қағып алып, тапсырманы жылдам орындап, өзінің біогенін басқаларға үйретуі уақыты үнемдеуге және кейбір оқушыларға жылдамдырақ түсінуге көмегін тигізді

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: Оқушылардың темперамент бойынша ерекшеліктерін ескеріп, бір баяу, бір шапшаң оқушыдан жұпқа бөлуді алдын-ала ойластырса

2: Кейбір оқушылардың үй тапсырмасына дайындалмай келуі себепті, олардың алдыңғы сабақта өтілген материалды ұмытып қалауы сабақ үрдісінің жылдам өтуіне кедергі келтірді, сол себепті, оқушының әр сабаққа дайындықпен келуі өзіне де, мұғалімге де көмек

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1: 1 тоқсанда «3»-тік баға алған «А» деген қыз баланың бүгінгі сабақта белсенділігі жоғары болғаны мен үшін күтпеген жағдай болды

2: Осы оқушының белсенділігіне демеу көрсетіп, алдағы сабақтарда осындай оқушыларға ерекше тапсырмалар әзірлеу

Қосымша-1

Қалыптастырушы бағалау. Қуат тақырыбына арналған тест тапсырмалары.

  • Двигателінің куаты 8 кВт-қа тең көтергіш кран жүкті тұрақты 6 м/мин жылдамдықпен көтереді. Жүктің массасы (g=10 Н/кг)

А) 5 т В) 4,8 т С) 0,8 т D) 8 т Е) 6 т

  • Тегістеп өңдейтін станок тасының жұмыстық бетінің жылдамдығы 30м/с өңделетін деталді тасқа 100 Н күшпен қысады, үйкеліс коэффиценті 0,2. Станок двигателінің механикалық қуаты

А) 600 кВт В) 0,6 кВт С) 6 кВт D) 60 кВт Е) 60 Вт

  • Адам бір жұмысты бірінші рет 15 минутта, екінші рет 45 минутта орындады. Өндіретін қуаттарын салыстырыңыз

А) N1=N2 В) N1=2N2 С) N1=0,5N2 D) N1=3N2 Е) N1=0,3N2

  • Қуаттың өлшем бірлігі

А) Дж В) Вт С) Н D) Дж∙с Е) Н∙с

  • Салмағы 600Н адам вертикаль баспалдақпен 3 м-ге 2 с- та көтерілді. Адамның көтерілу кезеңіндегі қуаты

А) 36 кВт В) 9 кВт С) 900 Вт D) 90 Вт Е) 360 Вт

  • Куаты 3 кВт-қа тең қозғалтқыш 5 с ішіндегі атқарған жұмысы

А) 15 Дж В) 15 кДж С) 600 Дж D) 0,6 Дж Е) 60 Дж

  • Массасы 1,5 т автомобильдің жылдамдығы 36 км/сағ. Оның қозғалтқышының 10 с ішіндегі қуаты

А) 1,5·105 Вт. В) 740 кВтС) 1500 Вт D) 8,5·105 Вт.Е) 4,5·105 Вт.

Қосымша-2

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Балл

Оқушы үй тапсырмасын орындайды

Қойылған сұрақтарға жауап берді

Өз мысалдарын келтірді

Үйге берілген есептерді шығарған

3

2

4

Оқушы сыныптағы эксперименттік тапсырманы түсініп орындайды

Қауіпсіздік ережелерін орындай отырып, экспериментті орындады

Қажетті өлшеулерді жүргізді

Қуаттың, жұмыстың формулаларын пайдаланып, қажетті есептеулерді орындады; қуаттың мәнін алды

3

3

3

Оқушы қуаттың формуласын есеп шығаруда қолданады (тест тапсырмаларын орындау)

Қуаттың формулаларын жазды/айтты

Формулаға қойып қуаттың мәнін есептеді

2

7

Өлшем бірлігін жазды, дұрыс жауабын алды

7

Қосымша-3

Оқушының сабақтағы өз әрекетіне рефлексиясы

Төмендегі кестеде сол жақта көрсетілген сөздерге оқ жақ бағаннан өз әрекетіңізге сәйкесін таңдау арқылы тілшелермен сәйкестендіру жасаңыздар немесе дөңгелектеп қоршаңыздар

Мен сабақта ... әрекеттер жасадым

Белсенді / белсенді емес

Бүгінгі сабақтағы өзімнің әрекетіме көңілім ...

Толады / толмайды

Маған бүгінгі сабақ ....болған секілді көрінді

Қысқа / Ұзақ

Бүгінгі сабақта мен ...

Шаршадым / шаршаған жоқпын

Бүгінгі сабақтағы менің көңіл-күйім

Жақсарды / нашарлады

Бүгінгі сабақтың материалы мен үшін ..

Түсінікті / түсініксіз

Пайдалы /пайдасыз

Қызықты / қызықсыз

Бүгін үйге берген тапсырма мен үшін ...

Жеңіл/ қиын

Қызықты / қызықсыз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу