Механикалық жұмыс және куат. Механикалық жұмыс және куат. Есеп шығару. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С: Жұмыс және қуат | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Механикалық жұмыс және куат Механикалық жұмыс және куат Есеп шығару | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.3.1 механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну 7.2.3.2 қуаттың физикалық мағынасын түсіну 7.2.3.3 A=Fs, N=A/t, N=FV формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу; | ||||||
Сабақ мақсаттары | 7-сынып оқушылары механикалық жұмыс және қуат ұғымдарын түсінуге ұсынылған тапсырманың 80 % жүзеге асыра алады. | ||||||
Жетістік критерийлері | Білу және түсіну Білімді қолдану Сыни тұрғыдан ойлану | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология Оқушылар: Ең қуатты тасымалдау әдісі туралы өз пікірлерін береді және негіздей алады. Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет…. Қуаттың өлшем бірлігі…. Орындалған жұмыс, механикалық жұмыс, күш,уақыт, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы,МВт,кДж | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Көптеген әртүрлі көзқарастарды талдау және бағалау қабілетін қалыптастыру, игерген білімді өмірде қолдану | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Белгісіз шаманы табу, екі шама арасындағы тәуелділікті тұрғызу ( математика, геометрия ) | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | ||||||
Бастапқы білім | Шамалар мен олардың бірліктерін білу Күш және орын ауыстру ұғымы | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 мин | Күш әсері нәтижесінде не өзгереді. Дене қозғалысқа келу үшін қандай шарттар орындалу қажет Күнделікті өмірде кездесетін механикалық жұмыстарды талқылау. | ||||||
Сабақтың ортасы 10-20 мин 20-40 мин 40-75 мин | http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10689 Физикалық шаманың оқу жоспарымен жұмыс Жаңа сабақ материалын түсіндіру/меңгерту Жаңа сабақта: Қуаттың анықтамасы Қуаттың анықтамаға сәйкес формуласы Қуаттың ХБЖ-дегі өлшем бірлігі. Бірқалыпты қозғалыстағы қуаттың формуласы. Қуат қандай шамаларға тәуелді екендігі – пропорционалдық байланыстар Оқу мақсатына сәйкес, N=A/t, N=Fυ формулаларын қолданып есептер шығару Оқушылар мен мұғалімнің әрекеттері: Шапшаң жүріп келе жатқан автомобильдің қуаты жоғары болатынын, қуаттың жылдамдыққа тәуелділігін талдау. Көліктің қозғалтқышының тарту күшін/сила тяги қамтамасыз ететіндігін талқылау дұрыс болады. Қуаттың N=Fϑ формуласы қолданылатынын қорытып шығару керек. Оқушылардан қозғалтқыштың номиналды қуаты жайлы сұрауға болады; Оқушыларға денені тасымалдаудың ескі және жаңа әдістерінің бейнеклипі немесе суреттерін көрсетіп, мысалы, пойыздың немесе оқтың қозғалысы. Оқушылардан ұсынылған әдістердің ішінен ең тиімдісі бойынша болжамдарды ортаға салуды ұсынуға болады. Практикалық жұмыс Оқушылар қуатты есептеуге бағытталған зерттеуді жүргізеді. Олар алдымен ауыр кітап тәрізді дененің салмағын өлшеп алады. Одан кейін еденнен бастап үстелдің бетіне дейінгі биіктікті өлшейді. Бір оқушы одан кейін кітаптарды еденнен үстел бетіне 30 с ішінде көтереді. Бұл уақытта серіктесі қанша кітапты көтергендігін санайды. Көтерілген кітаптардың салмағы мен үстел биіктігін пайдалана отырып, орындалған жұмысты есептеуге болады. Орындалған жұмысты көтерілген кітаптардың жалпы салмағы мен жалпы қашықтық бойынша есептеуге болады. Нәтижесін 30 с уақытқа бөлу арқылы қуатты есептейді. Оқушылар жүкті блок арқылы көтеру кезіндегі қуатты есептейді. Оқушылар дәлізге шығып, баспалдағы бар жерге барып, 1 қабаттан екінші қабатқа жүгіріп шығып, немесе жүгіріп түсіп, өздерінің шыққан уақыттарын есептеп жазады, әр баспалдақтың биіктігін өлшейді, баспалдақтар санын санап, қандай биіктікке көтерілгендерін есептеп табады, өз массаларын білу арқылы, ауырлық күшінің жұмысын есептеп шығарып, оны жоғары көтерілуге/түсуге кеткен уақытқа бөліп, әрқайсысы өздерінің қуаттарын есептейді. Сыныпта қуаттың формуласын пайдаланып есепте шығарылады | http://bilimland.kz/kk/content/structure/939-physics#lesson=10683 Қосымша 1 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың соңы 75-80 мин | Кері байланыс Бүгінгі сабақта мен не үйрендім? Бүгінгі сабақта мен не жасай алдым? Бүгінгі сабақта не жасай алмадым? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Топ ішіндегі оқушы жұмысын бақылау | Сергіту жаттығылары оқушылардың көз жаттығуларын орындату Гимнастика для глаз по Норбекову | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?