Механикалық жұмыс. Қуат. Есептер шығару. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жұмыс және қуат. | Мектеп: НЗМ Талдыкорған қаласы | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Майкожанова А.А | |||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны:10 | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Механикалық жұмыс. Қуат. Есептер шығару. | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | механикалық жұмыстын физикалық мағынасын түсіну; қуаттың физикалық мағынасын түсіну; A=Fs, N=A/t, N=FV формулалары бойынша механикалық жұмыс пен қуатты есептеу; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | 7-сынып оқушыларының барлығы дерлік Қуат және жұмыс ұғымдарының мағынасын түсінеді, шамалардың анықтасын және өлшем бірліктерін сипаттай алады Оқушылардың басым бөлігі тақырып бойынша есептің шартына талдау жасайды, формулаларды қолдана алады. Оқушылардың кейбіреуі Жұмыс және қуат тақырыбына берілген күрделі есептерді жолын көрсетеді | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Жұмыс ұғымын басқа физикалық ұғымдармен байланыстыра алады; Қуат туралы түсініктіталдау арқылы түсіндіре алады; Жұмыстың және қуаттың формуласын және бірлігін біледі; Есеп шығаруда жұмыстың және қуаттың формуласын қолдана алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология Оқушылар: Ең қуатты тасымалдау әдісі туралы өз пікірлерін береді және негіздей алады. Механикалық жұмыс орындалу үшін мына екі шарт орындалу қажет…. Қуаттың өлшем бірлігі…. Орындалған жұмыс, механикалық жұмыс, күш,уақыт, механикалық қуат, жұмыстың орындалу шапшаңдығы,МВт,кДж | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы, топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. | |||||||||||
Мектеп миссиясын, пайымдауын және әлем азаматын жүзеге асыру | Механикалық жұмыс және қуат бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бейнефильмдерді талдау | |||||||||||
Бастапқы білім | Шамалар мен олардың бірліктерін білу Күш және орын ауыстру ұғымы | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин | Ұйымдастыру. «Сөзжұмбақ» шешу жалпы сыныппен Оқу мақсаты мен сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесіп айқындау. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. | Слайд 1 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 3-5 мин 5-10 мин 10-18 мин 18-20 мин 20-22 мин 22-38 мин | MS teams каналдарын қолдана отырып оқушыларды топтарға бөлу. Психологиялық карта көмегімен оқушыларды аудиал, визуал, кинестетик бойынша мақсатты түрде сараланған тапсырмалар дайындап беріледі. G Топтық жұмыс. Визуал: оқушыларға бейнеролик дауыссыз ұсынылады. Оқушылар бейнематериалды дыбыспен толықтыра отырып, топта талқылайды және қорғайды. Кинестетик: оқушыларға phet.colorado сайтымен өз беттерінше практикалық жұмыс жасайды қорғайды. Аудиал: оқушыларға бейнеролик дыбыспен ұсынылады. Оқушылар топта талдайды, талқылайды және қорғайды. Есептеулер жүргізеді. Мұғалім көмек қажет топтарға қолдау көрсетеді. Оқушылар топтық жұмыс жасай отырып механикалық жұмыс және қуат бойынша білімдерін толықтырып көрсетеді және сипаттай алады. Әр топ өз жұмысын қорғайды. Бағалау жұмыстары арнайы критерийлер бойынша жүргізіледі. Мұғалім толықтырады. Бірінші сабақ бойынша оқу мақсаттарына қайта оралу. Екінші сабақ оқу мақсатымен және сабақтың мақсатымен таныстыру. I жеке жұмыс Мұғалім: «карусель» әдісін қолданады. Оқушылар жекелей жұмыс жасайды. Бұл әдісте оқушы санына байланысты тапсырмалар саны ұсынылады. Әр оқушы алған білімдерін тапсырма орындауда қолданады. Қолдау қажет оқушыға « басқаға бағытта» әдісін қолданады немесе мұғалім өзі қолдау қажет оқушыға көмектеседі. Формальді емес бағалау түрі қолданады. | Үлестірмелі материалдар Бейнеролик https://phet.colorado.edu/sims/html/forces-and-motion-basics/latest/forces-and-motion-basics_en.html Слайд Слайд Тақтамен жұмыс | ||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Қорытынды ОМ қайта оралу.. Рефлексия. Жазбаша түрде Не білдім... Нені үйрендім... Қайда қолданамын... Үй жұмысы: файлға жүктелген. Оқушы өзі жасай алатын тапсырманы орындайды. Әр оқушыға жеке тексеру жұмысы жүргізіліп, тапсырманы талдау жүргізіледі. | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы орындау барысында көршісіне көмек көрсету арқылы алған білімнің 90%есте сақтауға тырысады. Көмек қажет оқушыға қолдау көрсету, жетелеуші сұрақтар қою арқылы, бағыт беру. | Арнайы бағалау критерийлері бойынша оқушылардың бағалауы жүзеге асады. Екінші сабақта оқушылардың белсенділігі арқылы, сұрақтар қоюы немесе қойылған сұрақтарға жауаптары арқылы | Сергіту жаттығылары оқушылардың көз жаттығуларын орындатуГимнастика для глаз по Норбекову https://www.youtube.com/watch?v=pjnMgshSBCI | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың барлығына көңіл бөлінді. 2: «Карусель» әдісін қолдану, оқушылардың қызығушылығын арттырды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Кері байланыс 2: Бағалау критерийлері Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Жалпы сынып кіші болғандықтан топтық жұмыс жасауда қиындықтар болды, өз бетінше жалғастыра алмаған топтар болды, жұмыс жетелеуші сұрақтардың көмегімен жүргізіліп отырды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?