Механикалық жұмыс. Қуат. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.


Есептер шығару

Механикалық жұмыс.

Дескрипторлары:

  • Есептің қысқаша берілгенін жазады;
  • Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді;
  • Қажетті формуланы қолданады;
  • Математикалық түрлендірулер мен есептеулер жүргізеді;
  • Есептің жауабын көрсетеді.
  • Массасы 0,4 кг құс 70 м биіктікке көтерілді. Құсты көтерген күштің жұмысын табыңыз.
  • Автокран массасы 1,5 т жүкті көтеріп, 22,5 кДж жұмыс жасады. Сонда жүк неше метрге жоғары көтерілген?
  • 48 Дж жұмыс жасай отырып, денені 120 см биіктікке көтерген болса, осы дененің салмағы қандай? Массасы ше?
  • 0,8 км жолда 200 кДж жұмыс қандай күштің әсерінен орындалған?
  • Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин, 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 242 кг зілтемірді 2,1 м биіктікке көтеріп жаңа Әлемдік Рекорд орнатқан болатын. a) оның атқарған жұмысын анықта; b) егер Ильяның бойы ұзынырақ болса, ол атқарған жұмыс қалай өзгерер еді?
  • Массасы 45 кг оқушы үйдің 7-қабатына алдымен баспалдақпен, содан соң лифтпен көтерілді. Екі жағдайдағы оқушының жасаған жұмыстарын салыстырыңыз. Әр қабаттың биіктігі 3 м-ге тең.

Қуат

  • Қуаты 5 кВт қозғалтқыш 30 мин ішінде қандай жұмыс істейді?
  • Тарту күші 50 кН электровоз 2 сағ бойы бірқалыпты 54 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Оның атқарған жұмысын анықтаңыз. Электровоз қуаты қандай?
  • Көлемі 4,5 м3 суды 5 минутта 5 м биіктікке көтеретін насостың орташа қуатын анықтаңыз
  • Кран массасы 2 т жүкті 10 м биіктікке 40 с-та көтерді. Кран атқарған жұмысты және оның қуатын есептеңіз.
  • Қуаты 3 МВт тепловоз 150 кН күшпен құрамды (состав) тартып келе жатыр. Осы құраммен 48 км жолды бірқалыпты өтуі үшін қанша уақыт қажет?
  • 2008 жылғы Бейджинг олимпиада ойындарында ресейлік Андрей Сильнов 2 м 36 см биіктікке секірген болатын. Оның секіру ұзақтығы 0,3 с-ке созылды. Егер спортсменнің массасы 67 кг екенін білсек, ол секіру кезінде қандай қуат өндірген?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу