Қатынас ыдыстар. Физика, 7 сынып, презентация.


Қатынас ыдыстар

Оқу мақсаттары:

Қатынас ыдыстардың не екенін білу;

Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсіну;

Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсіну;

Су құбырының жұмыс істеу принципін түсіну.

Жетістік критерийлері:

Қатынас ыдыстардың не екенін біледі;

Қатынас ыдыстарға құйылған бір түрлі сұйықтың деңгейі не үшін бірдей болатынын түсінеді;

Қатынас ыдыстарға құйылған әртүрлі сұйықтың деңгейі не үшін әртүрлі болатынын түсінеді;

Су құбырының жұмыс істеу принципін түсінеді.

Ол үшін кестеге назар аударайық

Сұйықтар мен газдар арқылы қысымның берілуі. Паскаль заңы.

Сұйық пен газдың қатты денелерден ерекшелігі олардың жеке қабаттарының және ұсақ бөлшектерінің бір-біріне қатысты барлық бағытта еркін орын ауыстыра алуында. Мысалы, стақандағы суды қозғалысқа келтіру үшін, сол судың бетін ептеп қана үрлеу керек. Баяу жел тұрса, өзеннің немесе көлдің бетінде толқын пайда болады.

Формалары әртүрлі ыдыстардағы бірдей деңгейдегі сұйықтықтардың ыдыс түбіне түсіретін қысымдары бірдей болады

Гидростатикалық ғажайып

Қатынас ыдыстар

Қатынас  ыдыстар деп – өзара жалғасқан екі немесе одан көп ыдыстар жиынтығын айтамыз. Әртүрлі пішіндегі  қатынас  ыдыстар  да  болады. 

Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бір деңгейде болады.

Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Сұйықтардың тепе-теңдік шарты:

p1 = p2 = p3 = …= pn

Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйықтықтардың бағандары биіктіктерінің қатынасы олардың тығыздықтарының қатынасына кері пропорционал болады:

Қатынас ыдыстардың қасиеттері

Қатынас ыдыстардың қолданылуы

Гидрометриялық шыны

Шлюздер

Шәйнектер

Су мұнарасы

Су бұрқақ

Қорытынды:

Қысым белгілі бір бетке түсетін күш әрекеті;

Қысым түсетін күштің модуліне және күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына тәуелді;

Қатты денелерде қысым қатаң түрде күш әрекетінің бағытымен беріледі;

Сұйықтар мен газдарда қысым жан жаққа бірдей тарайды;

Сұйықтардағы қысым тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына тәуелді;

Қатынас ыдыстардағы әртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу