Бір түзідің бойымен бағытталған күштерді қосу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Бөлім 7.2В: Күш, масса және салмақ | Мектеп: ХББ НЗМ Қызылорда қаласы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: 22-26.11.2016ж | Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Е.Е. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 7 a,b,c,d | Қатысқандар: | Қатыспағандар : | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: Бір түзідің бойымен бағытталған күштерді қосу. Сложение сил, действующих на тело вдоль одной прямой | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 7.1.1.7 бір түзудің бойындағы векторларды графикалық әдіспен қосу мен азайтуды жүргізе білу 7.2.2.8-күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: денеге түсірілген күштерді және күштердің бағытын анықтайды, оларды графикте сала алады; Оқушылардың көбісі: бір денеге бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу формуласын пайдаланып есептер шығарады; Кейбір оқушылар: ІІ, ІІІ-деңгейлік тапсырмаларды орындай алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийі | Білу және түсіну Қолдану постерлер арқылы өз түсініктерін көрсете алады. Күштің вектор екендігін біледі; әртүрлі күштердің бағыттарын біледі. Еркін денеге әсер ететін күштерді оқ арқылы көрсетіп, суреттерді толықтырады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Массамен салмақ туралы білетіндерін, жеке пікірлерін айтып,өз ойларын дамыта отырып,ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. Арнайы пәндік лексика мен терминология: масса, салмақ, ауырлық күші, серпімділік күші, деформация (серпімді және пластикалық), гравитация, материя, зат, динамометр, еркін түсу үдеуі, серіппенің қатаңдығы, абсолютті ұзару.
Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер: Менің ойымша, ол... Менің көзқарасым бойынша (Менің пікірім бойынша)... Менің білуімше, ол ... Мен оның ... сенімдімін Меніңше масса ол …, алайда салмақ … Салмақ … тәуелді, бірақ масса … тәуелді Салмақ … (бірлік) өлшенеді, ал бұл уақытта масса … (бірлік) өлшенеді Сіз келісесіз бе? Күштің бағыты, түсу нүктесі және сандық мәні (модуль) болады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыс барысында бір-бірінің пікірін тыңдауға, өзгенің пікіріне құрметпен қарауға дағдыланады. Өзінің және өзгенің жұмысына баға беруде критерийлер бойынша нақты дәлелдер келтіре алады. Шыншылдыққа үйренеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Терминдерді қолдану барысында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерімен байланыс жүреді. Сонымен қатар презентация жасау барысында оқушылар информатика пәнінен алған білімдерін қолданады. Есептер шығару кезінде математикалық білімдерін қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Әртүрлі ресурстардан алған мәліметтерді (ғаламтордан, оқулықтардан, журналдардан) жинақтап, өңдейді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар ХБЖ бойынша массаның өлшем бірлігін есте сақтаулары тиіс. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер | Оқыту ресурс тары | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
(W) Сыныппен жұмыс. Ой қозғау. Айбатыр МЫРЗАБЕКОВ жеңіс үшін күрескен ержүрек бала Айбатыр өз командасы жеңу үшін не істеді? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| (W) Мұғалім түсіндірмесі. 1. Итеру күші мен тарту күші дененің қозғалысы мен қозғалыс бағытын өзгерте алады ма? Қалай? Неліктен? 2. Қозғалмайтын денені итерген кезде не болады? 3. Қозғалмайтын денені тартқан кезде не болады? 4. Қозғалмайтын денені 2 жақтан екі жаққа тартқан кезде не болады? 5. Қозғалмайтын денені 2 жақтан итерген кезде не болады? (W) Сыныппен жұмыс. Бейне баян. Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады.
2-тапсырма: Жауабы: 3-тапсырма: Жауабы:
Сабағымызды И. Крыловтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалымен бастайық. (G) Топтық жұмыс. Мақсаты: бір денеге түсірілген күштерді анықтау, бірнеше күшті графиктік түрде бейнелеу. Топтық жұмысты өзара бағалау критерийлері
1-топЖүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады аққу көкке, шаян кейін, Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмсаса орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Асылы жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр. Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек болсақ жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
2-топ. Шалқан ертегісі
3- топ. «Арқан тарту» ұлттық ойын.
Олай болса, біз бүгін тең әрекетті күшті және оны графике бейнелеуді қарастырамыз. (W) Сыныппен жұмыс. Топтық жұмысты өзара бағалау. і. топ мүшелерінің белсенділігі іі. денеге түсірілген күштерді дұрыс анықтау ііі. қорытқы күштің бағытын дұрыс анықтау және тұжырымдау (G)(E) Жұптық жұмыс. Массалары әр түрлі денелерге әрекет ететін күштің әсерін зерттеу. Оқушылар алдымен дененің массасын, соңынан денені жазықтық бойымен жылжытуға қажет күшті өлшейді. Олар өз жұмыстарының нәтижелеріндегі заңдылықты анықтаулары тиіс. 1. Денеге түсірілген күшті графикалық түрде кескінде. 2. Ғ=mg формуласын пайдаланып дененің ауырлық күшін есептеу. Массалары әр түрлі денелерге әрекет ететін күштің әсерін зерттеу. 1.Оқушылар алдымен дененің массасын анықтайды 2. Соңынан денені жазықтық бойымен жылжытуға қажет күшті динамометрмен өлшейді. 3. Олар өз жұмыстарының нәтижелеріндегі заңдылықты анықтаулары тиіс. 4. Денеге түсірілген күшті графикалық түрде кескінде 5. Ғ=mg формуласын пайдаланып дененің ауырлық күшін есептеу. Алынған мәліметтерді кестеге толтыру.
(W) Сыныппен жұмыс. Жұптық жұмысты өзара бағалау. і. тапсырмалардың дұрыс орындалуы іі. жұптардың шапшаңдығы, белсенділігі ііі. жұптық жұмыстың нәтижесін қорытындылай алуы және тұжырымдау Топтық жұмысты қорытындылау. (I) (f) Жеке жұмыс. Оқушылар одан әрі түсірілген күштерді ескере отырып, масштаб арқылы графикалық түрде көрсетеді. 1-нұсқа: 1. Солтүстікке бағытталған 200 Н күшті графикпен кескінде. Масштаб 1см=40 Н. 2. Дене горизонталь бағытта 10 Н және 20 Н екі күш әсер етеді. Әртүрлі жағдайдағы теңәрекет күшін анықтаңыздар. 3.Массасы 30 кг шойын дененің ауырлық күші қандай? 2-нұсқа: 1.Оңға бағытталған 210 Н күшті графикпен кескіндеңіздер. Масштаб: 1 см-30 Н 2.Вертикаль бағытта әсер ететін 10 Н және 15 Н екі күштің әртүрлі варианттағы теңәрекетті күшті табыңыздар. Суретін сызыңыздар. 3. Массасы 2,5 кг кірпіш әсер ететін ауырлық күші қандай? 3-жұп: 1. 300 Н күш шығысқа бағытталған. Күшті графикпен кескінде. Масштаб 1см=50 Н. 2. Екі адам бір түзудің бойымен 50 Н және 100 Н күштермен жүкке әсер етеді. Мүмкін жағдайлардағы теңәрекетті күшті анықтаңыздар. Суретін сызыңыздар. 3.Сүті бар құмыраның массасы 40 кг, ауырлық күші қандай? 4-жұп: 1.Батысқа бағытталған 150 Н күшті графикпен сипатта 1см-25 Н. 2. Денеге 12 Н және 5 Н күштер әсер етеді. Теңәрекетті күштердің мүмкін мәнін табыңыздар. 3. Жәшіктегі алманың ауырлық күші 600 Н. Массасы қандай? 5-жұп: 1. Солға қарай бағытталған 400 Н күшті графикпен кескінде 1 см-100 Н. 2.Денеге әсер еткен екі күштің теңәрекетті күші 0-ге тең болудың қандай мүмкін жағдайлары бар? 3.Көлемі 5 л судың ауырлық күші қандай?
(W) Сыныппен жұмыс. Жеке жұмысты өзара бағалау. і. Есептің шартының дұрыс жазылуы іі.Есептің шартқа сай дұрыс шығарылуы ііі. Есептің схемасының дұрыс салынуы, вектор бағыттарының дұрыс салынуы.
| http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b2b5e-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_10.swf http://festival.1september.ru/articles/412783/ http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/sila-sila-tyazhesti http://interneturok.ru/ru/school/physics/7-klass/vzaimodejstvie-tel/ves-tela
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Бес жолды өлең: Мысалы: 1-зат есім: күш 2-сын есім: физикалық шама, векторлық шама 3-етістік: әсер етеді, бағытты өзгертеді, қосылады немесе азаяды 4-5 сөзден тұратын идея: бір түзудің бойымен бағытталатын күштерді қосуға және азайтуға болады 5-синоним: қорытқы күш Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 7-сынып. §25,29,30 оқу, конспект жазу. 11,12- жаттығулар. | Физика және астрономия 7 оқулық | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік ережелері АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі. Барлық оқушылар: Қойылған сұрақтарға жауап іздейді, қажетті мәліметтерді дәптерге түсіреді, тәжірибе орындайды Оқушылардың көпшілігі: Пікірлерін ортаға салады Кейбір оқушылар Сұрақтар қояды | Сабақ соңында алынатын ақпаратты сапасы және нақтылығы бойынша бағалауға болады. Жұптық және топтық жұмыстар кезінде бірін –бірі бағалайды, қойылған сұрақтарға жауап беруіне байланысты қолпаштау, мадақтау; қалыптастырушы тапсырмалар арқылы | қорытындылары мен теорияларын бір-бірімен және мұғаліммен талқылау, олардың пікірлерін сыйлау қабілеттерін дамытады және бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынас жасауын тиімді етеді. -өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады -кабинетте қауіпсіздік ережесін есте сақтайды -бірін-бірі тыңдап үйренеді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: тәжірибелік топтық жұмысты жасау кезінде оқушылар белсенділік танытып, тапсырманы дұрыс орындады және нәтижесін қорғады 2: әрбір жұмысты өзара бағалау тиімді және объективті жасалды Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: жеке жұмыста оқушылардың мүмкіндіктерін нақтырақ білуге болады және сабақты қалай меңгердігін байқауға болады; 2: оқушылардың жұмыс нәтижесін өздігінен қорытындылау және тұжырымдау кезінде академиялық тілде сөйлеу мүмкіндіктері артады Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?