Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері (тыныштық, домалау, сырғанау). Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 7-3-1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3А Үйкеліс

Мектеп: НЗМ ХББ Петропавл қаласы

Күні: 12.01.2017

Мұғалімнің аты-жөні: Еслямгазиева Б. Ж.

Сынып: 7 a

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері (тыныштық, домалау, сырғанау)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.4 зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау;

7.2.2.14 тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажырату

 Сабақ мақсаттары

  • Үйкелістің анықтамасын, өлшем бірлігін білу
  • Үйкелістің түрлерін біліп, ажырату
  • зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау

Жетістік критерийлері

  • Үйкелістің анықтамасын, өлшем бірлігін атайды
  • Үйкелістің түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын атайды
  • зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Арнайы пәндік лексика және терминология: үйкеліс, тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістері, үйкеліс коэффициенті, реакция күші.

Диалог үшін пайдалы сөйлемдер:

Бір дене басқа дене бетімен қозғалғанда…..Сырғанау үйкеліс күші –….пайда болады

Үйкеліс-жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,…

тәуелді болады.

Менің ойымша, .....

Үйкеліс күші...................... тәуелді, бірақ ....

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • Академиялық әділдікке тәрбиелеу;
  • Жауапкершілікті дамыту;

ЖА білу және түсіну:

  • Жаһандылық және тәуелсіздік

ЖА құндылықтары:

-Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта

ЖА дағдылары:

Өз-өзіне сенімділік және рефлексия дағдылары

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=lZp6OSH8JIw

Бастапқы білім

Күш,күштің түрлері,тең әсерлі күш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Жаңа тақырыпты ашу үшін ахуал туғызу мақсатында мультфильм көрсетіледі.

Мультфильм көрген соң сұрақтарға жауап алынады.

  • Не байқадыңдар?
  • Неге шаңғының табанын майлайды?

Сұрақтардың жауаптарынан кейін сабақ тақырыбы мен мақсаттары айтылады.

Үйкеліс күші. Үйкелістің түрлері (тыныштық, домалау, сырғанау)

  • Үйкелістің анықтамасын және өлшем бірлігін білу
  • Үйкелістің түрлерін біліп, ажырату

зерттеу жүргізу кезінде айнымалы және тұрақты шамаларды анықтау

https://www.youtube.com/watch?v=lZp6OSH8JIw

Презентация.ppt

Слайд 1-5

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 минут

  • Жеке жұмыс. Оқулықты қолданып, кестені әр оқушы жеке толтырады.

Жұмысты жеке орындағаннан соң жұпта тексеру. Дұрыс толтырылған кесте презентацияда көрсетіледі.

  • Анықтамасы
  • Пайда болу себептері
  • Түрлері
  • Белгіленуі
  • Өлшем бірлігі
  • Бағыты
  • Есептеу формуласы
  • Қандай шамаларға тәуелді

Анықтамасы

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады

Пайда болу себептері

Себептері

-жанасатын беттердің кедір-бұдырлығы;

- жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы;

Түрлері

-сырғанау (шаңғышы қар бетімен сырғанағанда)

-тыныштық (денелер бір-біріне қатысты тыныштық қалпын сақтаса)

-домалау(доңғалақтардың айналуы жағдайында)

Белгіленуі

Fүйк

Өлшем бірлігі

Бағыты

Қозғалысқа қарама-қарсы

Есептеу формуласы

Fүйк=µN.

Қандай шамаларға тәуелді

- жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғанына

- жанасатын беттердің өңделі сапасына

- бір беттің екінші бетке түсіретін қысым күшіне

  • Топтық жұмыс.

Топта жұмыс жасап, сұрақты экпериментал түрде дәләлдендер. Жұмыс барысын және нәтижелерінді дәптерге жазындар. ( Мақсат қандай болды? Үйкелістің қай түрін зерттедіндер? Не жасадындар? Қандай нәтижелер шықты?).

Топқа карточкалар бойынша бөлінеді.

Сурет- үйкелістің түрлері

№ 1 топқа тапсырма.

Сырғанау үйкеліс күші дененің салмағына тәулділігін қалай дәлелдеуге болады?

Құралдар: білеуше, ағаш табан, динамометр, жүктер жиынтығы.

Тәуелділікті графикалық түрде көрсетіндер.

Р

Fүйк

Қорытынды жасандар

№ 2 топқа тапсырма.

Сырғанау үйкеліс күші қатынасатын беттердің тегіне тәуелділігін қалай дәлелдеуге болады?

Құралдар: білеуше, ағаш және пластикалық табан, динамометр Тәуелділікті графикалық түрде көрсетіндер.

Fүйк

Қорытынды жасандар

№ 3 топқа тапсырма.

Домалау үйкеліс күші сырғанау үйкеліс күшінен аз екенін қалай дәлелдеуге болады?

Құралдар: білеуше, ағаш және пластикалық табан, динамометр, жүктер жиынтығы, дөнгелек бамбук таяқшалары.

Жүк бірдей болғанда сырғанау және домалай үйкеліс күштерді салыстырындар

Р

Fсырғанау үйк

Fдомалау үйк

Fдомалау үйк Fсырғанау үйк

Қортынды жасандар

Ойға сал: Дене бірқалыпты қозғалғанда, динамометр көрсеткен күш үйкеліс күшіне тең

Назар аударындар! Нақты нәтиже алу үшін динамометрді әрекеттесетін беттерге параллель ұстандар.

Топ мүшелері бір-бірімен ауысып, өздері жасаған тәжерибені түсіндіреді, тындаушылар онын айтқанын дәтеріне жазып алады.

Мұғалім топтардың арасында жүріп оқушылардың жауаптарын тындап бағалайды, кері байланысты береді.

1 топ тапсырмасы бойынша дәптерде дене салмағы және үйкеліс күші тәуелділік графигін суреттеуді ұсыну. Осы график бойынша үйкеліс коэффициентті қалай анықтауға болады?

Уақыт қалса немесе тапсырманы тез орындаған мықты оқушылар үшін есеп:

Жаттығу 16(2)

Берілгені: F=Fтр

m=1т=1000кг F=mg

= 0,05 F=0,05*1000*10=500Н

F-? Жауабы: 500Н

Мұғалім тексереді

Презентация.ppt

Слайд 6-7

Топқа бөліну карточкалар.doc

Топтарға тапсырма.doc

Сабақтың соңы

5 минут

Белгі қою арқылы қаншалықты сабақты түсінгеніңді белгіле:

Бәрі түсінікті

Барлығы түсінікті, бірақ сұрақтар қалды

Түсініксіз

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар :

Үйкеліс неліктен пайда болатындығын біледі;

Сырғанау, домалау, тыныштық үйкелістерін ажырата алады;

Оқушылардың көбі:

Үйкеліс күші неге тәуелді екенін біледі

Кейбір оқушылар:

мәліметтерді жинай, өңдей және оларды кесте, график, диаграмма, презентация түрінде таныстырады.

оқушылар бірін-бірі бағалайды, мұғалім сабақ барысында кері байланысты оқушыларға берп жүреді

Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қоймаңдар.

Жұмысқа кірісер алдында мақсаты мен нұсқауларын мұқият оқыңдар.

Жұмыс орнындағы приборларды, материалдарды, құралдарды мұғалімнің нұсқауы бойынша орналастырыңдар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылды. Орындаған тапсырмаларға және оқушылардың сабаққа белснді қатысқандарына қарай сабақтың мақсаттарына барлық оқушылар қол жеткізді деп айтуға болады. Сабақта саралау дұрыс өткізілді, топта жұмыс және жеке жұмыс болды. Тапсырмаларды тез орындап тасқаған оқушыларға қосымша есеп берілді. Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды. Бүкіл тапсырмаларды сабақта жасап үлгердік. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың басында мультфиль көріп оқушылар сабақ тақырыбын және мақсаттарын тез ашты

2: Практикалық тапсырма. Оқушылар сабақта өткен теорияны практика жүзінде көріп, жақсы ұғып алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Графикпен қосымша жұмыс жасау. Графикті халықаралық стандартқа сай жасауды үйрететін тапсырмаларды қосу

2: Қосымша тағы бір есеп құрастыруға болады. Есеп шығару дағдыларын дамыту үшін.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында кейбір оқушылардың тез алға кететіндерін байқадым, сондықтан келесі жолы оларға арнайы деңгейі жоғары тапсырмаларды даыйындау керектігімді байқадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу