Серпімділік күші, Гук заңы. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары 7-2-7
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Тығыздық | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қ | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Еслямгазиева Б.Ж | |||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Серпімділік күші, Гук заңы | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.12 Гук заңының F = -k∆x формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу; 7.2.2.13 Серпімділік күшініңұзаруға тәуелділік графигінен қатандық коэффициентін анықтау | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Гук заңының F = -k∆x формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу; Серпімділік күшінің ұзаруға тәуелділік графигінен қатандық коэффициентін анықтау | |||||||||
Жетістік критерийлері | Гук заңының F = -k∆x формуласы бойынша серпімділік күшін есептейді; Серпімділік күшініңұзаруға тәуелділік графигінен қатандық коэффициентін анықтайды | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пластикалық, серпімді, дефморация, серпімділік күші, қатандық коэффициенті, ұзаруға тәуелділік графигі | |||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ЖА білу және түсіну:
ЖА құндылықтары: -Қоршаған ортаға қамқорлық және орнықты дамуға ынта ЖА дағдылары: Өз-өзіне сенімділік жіне рефлексия дағдылары | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпаратты жинақтау | |||||||||
Бастапқы білім | Күш | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Мұғалім оқушыларға келес тапсырманы таратады. 1 тапсырма. Келесі денелердің қасында деформация түрлерін жазындар: Ермексаз – пластикалық деформация, Сорғыш- серпімді деформация, Серіппе-серпімді деформация, Глина –пластикалық. 2 тапсырма. Деформация түрлерін жазындар: Жұпта жұмыс. Мұғалім келесі сұрақты қояды: Дене ұзарғанда оның ішінде қандай күш пайда болады? Сыныппен осы сұрақты талқылау бойынша оқушылармен сабақ тақырыбын және мақсаттарын қою. | Cерпімділік күші.ppt | ||||||||
Сабақтың ортасы
30 минут | Оқушылар өткен сабақтағы толтырып бастаған шаблон-картамен жұмысты жалғастырады. Шаблон картамен қалай жұмыс жасайтынын мұғалім тағы бір рет түсіндіріп кетеді. «Менің ойым» бағанасын толтырылған. «Кітаптің ойы» бағанасы жартылай өткен сабақта толтырылды, сондықтан оқушылар осы бағананың екінші бөлігін оқулық бойынша толтырады. 3 тапсырма. Жұпта жұмыс. §26,27 кітапта ашып, оқушылар жұпта талқылап қызыл дөңгелекпен көрсетілген бөлікті толтырады. Сыныппен жұмыс. Оқушылар шаблондармен ауысып, бір-бірінің жазғанын тексеріп, толтырады. Бір-бірден шығып дұрыс жауаптарын презентацияға жазады. Сыныппен бірге талқылау. Жұпта жұмыс .Үшінші бағананы толтыру. «Қолдану» бөлігін оқушылар жұпта талқылап толтырады. Деформация түрлеріне мысал жазады. Екі жұп топқа бірігіп бірін-бірі тексереді. 4 тапсырма. Мұғалім оқушыларға сұрақтарды қояды. Оқушылар жұпта талқылап жауап береді.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын керек кезде толтырады. Мұғалімнің түсіндіруі. Мұғалім оқушыларға қатандық коэффициентінің графигін түсіндіріп кетеді. Оқушылармен бірге бірінші коэффициентін анықтайды. k1=F/∆x=10 Н/см k2=10 Н/см Қандай қорытынды жасауға болады? Fупр1/х1= Fупр2/х2= Fупр3/х3=k k-қатандық коэффициенті (осы серіппеге тұрақты). Жеке жұмыс. Қалған екеуін оқушылар өздері жасайды. k=5 Н/см Тапсырманы орындап бітіргеннен соң оқушылар төрт адамнан топқа жиналады да бірін-бірі тексереді. Сыныппен талқылау. Дұрыс жауаптарды тақтада көрсету Жеке жұмыс – есеп шығару.
Оқушылар парақтармен ауысады да бірін-бірі тексереді. Бір оқушы тақтада шешу жолын көрсетеді | Шаблон-карта.doc | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Екі жақты рефлексия. Сабақтың мақсаттарына оралу. Оқушылардың пікірлерін тындау | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқушылардың барлығы Серпімділік күштің анықтамасын біледі Деформация түрлерін ажыратады Оқушылардың жартысы Гук заңына есеп шығара алады | Өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау | Партаны тазалық пен тәртіпте ұстап, керек емес заттарды алып тастау. Шыныдан жасалған құралдармен жұмыс істегенде, оларды абайлап қолға ұстап, партаның үстіне қою | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?