Зертханалық жұмыс. Ньютонның екінші заңын зерттеу. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: Зертханалық жұмыс

Ньютонның екінші заңын зерттеу.

Мектеп: Шымкент қаласы ХББ Назарбаев-Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жармуханбетов Серік

СЫНЫП: 9

Қатысып отырған оқушылар саны:

Сабақта жоқ оқушылар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

-масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;

-Ньютон ІІ заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну

 Сабақтың мақсаты

-Ньютонның екінші заңын түсіндіру

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  • Әртүрлі серіппелердің әрекеті бойынша ситуациялық идеяларды топтарда талқылай алады.

Ньютонның ІІ заңынан басқа оқушылар мыналарды түсінуі тиіс:

• денеге әсер ететін қорытқы күшті қалай анықтау қажет;

• нөлдік қорытқы күш тұрақты әсерге әкелетіндігін

• нөлдік қорытқы күш үдеуді туғызатындығын

-дененің алатын үдеуі массаға кері тәуелділігін

Пән бойынша лексикалық қор және терминалогия: Күш, меншікті массадан жүктеме, үдеу, қорытынды күш.

Пікір алмасу және хат үшін пайдалы фразалар:

Егер денеге басқа дене .................... ……………. Онда...................................

Мен бұны білемін, өйткені …………….

Егер дененің үдеуі .................. ….ода...................... болып табылады

Алдыңғы білім

Ньютонның бірінші заңын біледі;

y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділіктерді талдай біледі;

Инерциялық санақ жүйесін біледі және Ньютон заңдары үшін сол санақ жүйелерін пайдаланады.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

10 мин

Ньютонның екінші заңын түсіндіру мақсатында оқушыларға кішкене зертханалық жұмыстарын жүргізу үшін жасырын суреттер таратып, сәйкес бейнелердің бір топқа бірігуін талап етемін. Жалпы топ 3 адамнан құралады.

Осы үш топ үй тапсырмасын қайталау үшін бір-біріне «Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі» тақырыбында сұрақтар қоямын, оқушылар жарыса жауап береді, осы арқылы тақтада топты бағалаймын.

Автордың тәжірибе жинағынан

Сабақтың ортасы

25 мин

Зертханалық жұмыстың мазмұны:

Жалпы сабақты бастамас бұрын берілген ресурстар арасынан ғаламтордан Ньютонның ІІ заңының өмірде, өндірісте қолданылуына терең тоқталып өтемін. Және оқушылардың әрқайсысы өмірден мысалдармен толықтырады. Оқушыларға екінші заңды көрсету үшін қысқаша видео клипті көрсетемін . Осы мысалдардан соң ғылыми түсінікті тереңірек қалыптастыру мақсатында Үш топты зерханалық жұмысты жүргізуге шақырамын.

Оқушыларға зертханалық жұмыс жүргізу үшін берілетін құрал-жабдықтар: арбашалар, рельс, жүктер, динамометр, метроном, таразы.

Алғашқыда осы ресурстарды оқушыларға ұсына отырып «Ньютонның ІІ заңын қалай зерттеуге болады?» деген сұрақ қоя отырып миға шабуыл жасаймын.

Әр топтан бір-бір оқушылар өздерінің құнды пікірлерін ортаға салады. Оқушылардың біреуі өте тиімді тәсіл ұсынуы мүмкін немесе зертхананың жүргізу тәсілін дәл табуы мүмкін.

Оқушылар әртүрлі күштердің әсеріндегі арбаның үдеуін өлшеуді жүргізе алады. Көптеген әртүрлі тәжірибелерді пайдалануға болады, оқу ресурстарындағы бірнеше мысалды қарастырамын. Тәжірибе үдеу қолданылатын күшке тура пропорционал (егер масса тұрақты болса) жәнемассаға кері пропорционал (егер күш тұрақты болса) екендігіне көз жеткізіп, F = ma теңдеуі орындалу керек.

Бұл кезеңде Ньютонның екінші заңы қорытқы күш дененің массасына тура пропорционал және үдеуіне кері пропорционал ретінде қалыптастырылады. Тұрақты 1 тең деп алынады, өйткені ол содан кейін масса килограммен, ал үдеу м/с2 алынған өлшем бірлігі ньютон болатын күшті анықтайды.

Арбашаларға тұрақты күшпен бірнеше рет әсер ете отырып, ондағы массаны өзгеріске ұшыратады. Сол кездегі арбашаның жүрген жолын өлшей отырып, оның үдеуінің шамасын біліп отырады. Сол арқыры Ньютонның ІІ заңының мән-мағынасын түсініп, қорытындыға келеді.

Ұшақтың ұшуын және тоқтауын көрсететін видео:

http://www.youtube.com/watch?v=rqzyhFzim3w&safe=active

Ньютонның екінші заңы бойынша видео:

http://www.youtube.com/watch?v=iwP4heWDhvw&safe=active

Ньютонның екінші заңын зерттеу

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/force-mass-and-acceleration-newtons-second-law

немесе:

http://tap.iop.org/mechanics/newton/211/page_46369.html

немесе

деректерді пайдалана отырып:

http://www.pasco.com/physhigh/force-and-motion/newtons-second-law.cfm

Сабақтың соңы

Оқушылардың тақырыпты қалай түсінгендігін анықтау үшін қысқаша сұрақтары бар бақылау парағын ұсынамын.

Әрбір оқушы жүргізілген зертханалық жұмыстың нәтижесі ретінде өздері рефлексия жазады, содан соң топтық рефлексия жазады. Үш топ біріге отырып сынып болып жүргізілген жұмыстарға рефлексия жазып, тақырыпты қорытады.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

БағалауОқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Оқушылар Ньютонның екінші заңын, және инерциялық санақ жүйесінің физикалық мағынасын біледі.

Қозғалыстың бағытын көре отырып оған әсер ететін күштерді ажырата біледі. Дененің алатын үдеуінің массаға кері пропорционал екендігіне көз жеткізді.

Академиялық тілді қолданулары және термин сөздерді жиі қолданулары олардың әр сөздерінде ескеріледі.

Есептің берілгенін ойша сараптап, процесті көз алдына елестетіп, тапсырманың ретімен орындауын қадағалау басшылыққа алынды.

Оқушылардың тақырыпты меңгерулері, тапсырманы дұрыс орындаулары қадағаланды

Негізгі терминдік шамаларды үш тілдегі аудармасын айтуы ескеріліп, орыс, қазақ, ағылшын, математика пәндерімен пәнаралық байланыстарды күшеиту.

Оқушылар жұптасып есеп шығару барысында, топпен зертханалық жұмыс жүргізу барысында олардың арасында татулық, бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлау сезімдері пайда болады. Үлгерімі жоғары оқушылардын көмек сұрау (ЖАДА) мүмкіндігін пайдаланады

Және сабаққа қосымша мәліметтер айту барысында олар өздерінің кең ауқымда білімдерін көрсете алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырымдыболды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытындыбағалау

 

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу