Заттың тығыздығы және өлшем бірлігі. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А Тығыздық | Мектеп: Павлодар ХББ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каратаева Н.К. | |||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Заттың тығыздығы және өлшем бірлігі | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.4 Тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық=масса/көлем формуласы бойынша есеп шығара білу; 7.2.2.7- сұйықтың және дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің тығыздығын анықтау әдісін сипаттау; 7.1.1.3- туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Жетістік критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология: Көлем, масса, сұйықтық,газ, қатты дене, тығыздық, таразы, мензурка Диалогқа/жазуға қажетті сөзтіркестері: Дене ең үлкен тығыздыққа ие болады, егер..... Дене ең кіші тығыздыққа ие болады, егер..... | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық:
Академиялық адалдық және айқындық:
Өмір бойы оқу:
| |||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика (ізделініп отырған шаманы формуладан өрнектеу) Химия (заттардың құрылысы) | |||||||
АКТ қолданудағдылары | ||||||||
Бастапқыбілім | Оқушылар осы уақытқа дейін «Жаратылыстану» бағдарламасынан заттың құрылысы айлы біледі | |||||||
САБАҚ БАРЫСЫ | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
1 мин 7 мин 5+3 мин 5+2 мин 6+2 мин 10+1 мин 4+1 мин | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру оқушылар білімдеренің жеткіліксіздіген сезінетіндей, «проблемалық жағдай» туғызу. 1-ші эксперимент: оқушылардың назарын алдарында жатқан көлемдері бірдей темір мыс және ағаш білеулерге аудару, оқушыларға осы цилиндрлердің массаларын таразыға тартып анықтауды ұсыну. Екі цилиндрдің массасы әр түрлі болып шығады. Неге? 2-ші эксперимент: Әртүрлі заттардан жасалған денелердің массалары бірдей. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар? Неге? Осы сұрақтың жауабын талқылау арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаттарына шығу. Жаңа материалды зерттеу. Оқушыларды екі топқа біріктіріп, кітаптағы параграфты екі топ арасында бөлу (оқу, өздеріне маңызды нәрселерді белгілеу). «Джигсо» әдісін қолданып, әр топтпан бір-бір оқушыдан бірігіп, жұпта оқушылар параграфтың өзі оқыған бөлігін бір – бірлеріне түсіндіреді. Оқушылар bilimland.kz парақасындағы ресурстарды пайдаланып, «Тығыздықтың» концептуалды картасын жасап жаңа тақырыпты өздері зерттейді. Өзін-өзі бағалау презентация бойынша Қиынықтарды анықтау және шешу. Бекіту. Оқушылар өз беттерімен есептер шығарады, дәптерлерімен ауысып бірін бірі презентация бойынша тексереді. Есептер қосымшада. Оқушылар эксперименттік жұмыс орындайды. Оқушыларға тек жұмыстың мақсаты беріледі, құралдар (сызғыш, мензурка,секундомер, таразы, алюминий, темір, ағаш білеушелер) мұғалім үстелінде болады, оқушылар керек құралдарды өздері таңдайды. Мақсаты: заттардың тығыздықтарын анықтау. Таблицалық мәндерімен салыстырып қорытындылар жасайды. Жасалған қорытындылар талқыланады, қиындықтар туындаған жағдайда мұғалім көмектеседі. Материал меңгерілуін тексеру Тест орындайды, жауаптары презентацияда Өзін-өзі бағалау | Презентация Слайд 1-4 Слайд 5-11 Ноутбук http://bilimland.kz/ru/#lesson=11092 12 слайд Қосымша 1,2 Слайд 13-18 Слайд 19 Қосымша 3 Слайд 20 | ||||||
2 мин | Рефлексия. Жетістік критерилеріне қайтып келу. Әрбір оқушы берілген критериге жету жайлы белгілер жасайды. Үй тапсырмасы: Физика, 7 класс (Башарулы Р.и др) 9 жаттығу | Слайд 21 | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Барлық оқушылар: Вilimland материалдарын пайдаланып жаңа материалды зерттейді, өздік жұмыс, үй жұмысы тапсырмаларын орындайды Оқушылардың көпшілігі өз қарқынымен жұмыс жасайды. Мұғалімнің қолдауы сабақ бойы іске асады. Экспериментті толығымен жасап, қорытындысын өз бетімен жасай алады. Кейбір оқушылар: өз бетімен күрделі есептерді шығара алады. | Актуалдандыру кезеңіндегі өзін-өзі бағалау; Вilimland жаттығуларын орындадауда, өзін-өзі бағалау; Өзін-өзі бағалау:бекіту кезеңінде нәтижеледі кілтпен тексеру. Бекіту кезеңінде бірін-бірі бағалау | Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: жаңа материалды зерттеу кезеңі. Әрбір оқушы өзіне ыңғайлы қарқында, сыныптастарының немесе мұғалімнің көмегін ала отрып, интернет ресурстарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды. 2: бекіту кезеңі. Оқушылар есептерді оңайдан қиынға қарай шығарды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сандық есептермен сапалық есептерді көбірек талдау. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Кейбір оқушылар бірліктерді ХБЖ-не көшіргенде қателіктер жасайды. Осы дағданы дамыту үшін сабақтардың басында жаттығу ойлап табу қажет. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?