Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Тығыздық
Заттың тығыздығы: затты құрайтын атомдардың массаларынан және затағы атомдармен молекулалардың өзара орналасуына тәуелді. Атомдардың массалары неғұрлым үлкен болса, соғұрлым заттың тығыздығы үлкен болады. Алюминий мен темірді, темір мен сынапты салыстыра отырып бұған көзіміз жетеді. Бірақ егер бір затты үш агрегаттық күйде қарастырсақ, осы үш түрде оның тығыздықтары әртүрлі болады.
Қатты күйі. Атомдар бір-біріне жақын орналасады және күшті байланыста болады, сондықтан қатты күйде заттың тығыздығы ең үлкен болады.
Сұйық күйі. Атомдар және молекулалары жақын орналасқан, бірақ өзара байланыстары қатты күйден төмендеу. Сондықтан сұйық күйде заттың тығыздықтары қатты күйден азырақ болады.
Газ күйі. Молекулалары бір бірінен алыс орналасады, өзара байланысы да өте нәшар. Сәйкесінше газ күйінде заттың тығыздығы өте аз болады. Әдетте қатты денелер өз ертінділерінде батады. Мысалы, сары майдың бір бөлігі ерітілген майға батады, темір шегесі балқытылған темірге батады. Себебі заттың қатты күйдегі тығыздығы сұйықтағы тығыздықтан үлкен болады.
Бұл қызық!!!
Қыстың күні су бетіндегі мұз батпайды, себебі мұздың тығыздығы судың тығыздығына қарағанда аз болады.
Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады. Тығыздық дененің массасының оның көлемінің қатынасына тең
Мұнда: (рο) – заттың тығыздығы, m – заттың массасы, V-заттың көлемі.
ХБЖ-де тығыздықтың өлшем бірлігі - 1 кг/м3 ; 1 м3 көлемдегі заттың массасы 1 кг болатын тығыздығы.
Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда заттың массасын қалай анықтауға болады?
Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?
Белгілі бір массасы мен көлемі бар заттың тығыздықтарын есептеулер арқылы есептеп алынған мәндері бар. Біз заттың үш күйі болатынын білеміз. Олар: қатты, сұйық және газ. Осы заттың үш күйіне тән тығыздықтың мәндері кестеде берілген.
Ареометр
Ареометр (грек. araios – сұйық және metrio - өлшеу) – шыны қалтқы тәрізді шкаласымен және салмағы бар дене. Ареометрлер- сұйықтардың және ұнтақ заттардың тығыздығын анықтау үшін қолданылатын өлшеуіш.
Ареометрлерді қолданады:
- аккумулятордағы электролиттердің тығыздығын анықтау үшін;
- суттің, мұнайдын майлығын анықтау үшін;
- цемент, бетон, тұздардың, қышқылдардың тығыздығын анықтау үшін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?