file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қозғалыс теңдеулері. Әртүрлі қозғалыс графиктері. Физика, 7 сынып, презентация.


Оқу мақсаты:

7.1.1.4 график осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді білу;

7.2.1.6 орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдықты анықтау;

Қозғалыс теңдеулері.

Қозғалысты график түрінде сипаттау

Бағалау критерийлері:

Түзусызықты бірқалыпты қозғалыстың графиктерін тұрғызып үйренеді;

График осьтерінің координаталарын және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеуді біледі;

Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік (s(t) немесе x(t)) графигінен жылдамдықты анықтайды;

Қозғалыс теңдеуі

Кез келген қозғалысты график көмегімен көрнекі түрде сипаттауға болады. Ол үшін қозғалыстардың уақытқа тәуелді теңдеулерін білу қажет.

Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс үшін қарастырайық

О

t уақыт өткеннен кейін

Түзусызықты бірқалыпты қозғалатын дененің қозғалыс теңдеуі

Осы теңдеумен анықталатын x орын ауыстыру координатасының t уақытқа тәуелділігін x(t) кесте немесе график түрінде көрсетуге болады.

0

3

1

2

5

7

3

9

Кестеге сәйкес графикті тұрғызу үшін:

Тәуелділік графигін тұрғызу кезінде координата остерін дұрыс белгілеу маңызды. x координатасы t мәніне тәуелді болғандықтан координата жазықтығында обцисса осінде – t, ал ордината осінде x (немесе s) орналасады. Әрқайсысының жанында олардың өлшем бірлігін көрсеткен дұрыс. Сонымен қатар, салынатын графиктің әрбір осінде сәйкес масштабты дұрыс таңдау қажет

0

t, c

s, м

Кесте әдісі арқылы график тұрғызу

Масштабты таңдап алғаннан кейін кесте мәліметтеріне сәйкес нүктелерді орналас-тырамыз.

Енді осы нүктелерді өзара қосу арқылы берілген теңдеудің графигін аламыз.

Түзусызықты қозғалыс графигін салу үшін екі нүктенің белгілі болуы жеткілікті, өйткені екі нүкте арқылы тек бір түзу жүргізуге болады

2) График арқылы қозғалыс теңдеуін жазу

Жылдамдық (жылдамдық модулі) нольге тең (яғни дене тыныштықта тұр)

3) Графикті сипаттау

Бірқалыпты қозғалыс үшін жылдамдық және орын ауыстырудың көрсетілуі

Дене жылдамдығы нольге тең (автобус қозғалмайды)

Дененің санақ денесімен салыстырғандағы орны о-ге тең (автобус аялдамада тыныштықта тұр)

Дененің санақ денесімен салыстырғандағы орны о-ге тең емес

(автобус аялдамадан 50 м қашықтықта тұр)

b) Жылдамдық (жылдамдық модулі) нольге тең емес, бірақ мәні тұрақты

3) Графикті сипаттау

Ұшақ үшін автопилот режимі немесе магистраль бойымен автокөліктіктің қозғалуы

Практикалық тапсырма 1.

t, с

х, м

0

4

8

12

1

2

3

4

5

Практикалық тапсырма 2.

Суретте поездтың бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі көрсетілген. Поездтың қозғалысын сипаттаңыз. Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер: а) поезд координата осінің оң бағытында қанша уақыт қозғалды? b) қанша уақыт аялдамада тоқтап тұрды? c) координата осіне қарсы қанша уақыт қозғалды? d) поездың орын ауыстыруы мен барлық уақыт ішіндегі жүрген жолын анықтаңыз; е) қозғалыстың әр бөлігіндегі жылдамдығын анықтаңыз

Есепті шығарыңыз

Дескрипторлары:

Есептің қысқаша берілгенін жазады;

Есепті аналитикалық жолмен шешу жолын ұсынады;

Математикалық түрлендірулер мен есептеулерді жүргізеді

Жауабын көрсетеді.

Үйге тапсырма

Қорытындылайық...

Түзусызықты бірқалыпты қозғалыстың графигін тұрғызуда нені білу қажет? Нені ескеру қажет?

Орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік (s(t) немесе x(t)) графигінен жылдамдықты қалай есептеуге болады?

Рефлексия

Сабақта .... қызықты болды.

Сабақта ... қиын болды

Мен ... үйрендім

Оқу мақсаты:

7.2.1.7 жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау: (1) дене тыныштық күйде болғанда, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалғанда, (3) теңүдеумелі қозғалғанда, (4) айнымалы үдеумен қозғалғанда;

7.2.1.8 дене тұрақты жылдамдықпен немесе тұрақты үдеумен қозғалғанда жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі график астындағы ауданын есептеу арқылы жүрілген қашықтықты анықтау;

Бағалау критерийлері:

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік 𝜐(t) графигіне талдау жасап, қозғалыс түрлерін анықтайды;

𝜐(t) графигінен дененің жылдамдығын, үдеуін анықтайды.

𝜐(t) графигінен фигура ауданын есептеу арқылы жүрілген жолды анықтайды

Қозғалыс теңдеулері.

Әртүрлі қозғалыс графиктері

Қайталау

Жылдамдықтың уақытқа тәуелді 𝜐(t) теңдеуі

1) Түзусызықты теңүдемелі қозғалыс үшін

t уақыт өткеннен кейін

2) Түзусызықты теңкемімелі қозғалыс үшін

t уақыт өткеннен кейін

3) Түзусызықты бірқалыпты қозғалыс үшін

1) 𝜐(t) графигін сипаттау

Дене жылдамдығы нольге тең

Дене тұрақты жыдамдықпен бірқалыпты қозғалды

Дене тыныштық күйден үдемелі қозғалды

Дене жылдамдығын кеміте отырып, кемімелі қозғалды

Дене жылдамдығын арттыра отырып, үдемелі қозғалды

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигіндегі түзу астындағы фигураның ауданы – жүрілген жол мәніне тең.

2) 𝜐(t) графигінен жүрілген жолды есептеу

a

b

𝜐

t

Практикалық тапсырма 3.

Берілген графикті пайдаланып, келесі мәндерді анықтаңыз:

Дененің бастапқы жылдамдығы

Дененің үдеуі

Жылдамдықтың уақытқа тәуелді теңдеуі

Дененің 4 с-та жүрген жолы

1

2

Дененің 4 с-та жүрген жолын график сызығы астындағы фигураның ауданы түрінде анықтаймыз:

(І) жеке жұмыс (Есептер.docx)

Қорытындылайық...

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік 𝜐(t) графигіне талдау жасау қиын ба? Қиын болса, неден?

𝜐(t) графигінен дененің үдеуін қалай есептейміз?

Дене тұрақты жылдамдықпен немесе тұрақты үдеумен қозғалғанда 𝜐(t) графигінде жүрілген жолды қалай есептейміз?

Бағалау критерийлері:

Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік 𝜐(t) графигіне талдау жасап, қозғалыс түрлерін анықтайды;

𝜐(t) графигінен дененің жылдамдығын, үдеуін анықтайды.

𝜐(t) графигінен фигура ауданын есептеу арқылы жүрілген жолды анықтайды

Рефлексия

Сабақта .... қызықты болды.

Сабақта ... қиын болды

Мен ... үйрендім



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу