Музыка және технология. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


6 сынып Музыка Музыка және технология 4 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Музыка және технология

Оқу мақсаты:

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

Сабақ барысы:

Сабақты бастамас бұрын оқушылардың көңіл-күйлерін бейне баян тамашалау арқылы өткізуге болады. Бейне баянда көрсетілген электрондық музыка жүйелері тыңдалады. Осы бейне баян арқылы оқушыларға миға шабуыл әдісін қолдана отырып, бірнеше сұрақтар қоюңызға болады. Сұрақтардың мазмұнын бейне баян жайлы немесе музыкадағы технологиялар жайлы білімдерін тексере отырып, ой бөлісіп ортада талқыға салуға болады. Оқушылар қай уақытта музыкалық және музыкалық емес құралдарды қолдануын анқытап алуға болады. Музыкалық технологияларды қандай іс –шараларда қолдана алатыны жайлы кішігірім әңгіме құрастыруды ұсынамыз. Берілген сұрақтар, әңгіме құрастыру арқылы оқушыларды сабақтың тақырыбына алып шығып, сабақтаың мақсаты мен орындалатын іс-әрекетті анықтап алыңыз. Өткен сыныптарды және сабақтарды еске түсіре отырып, оқушылардан музыкалық технологиялар жайлы сұрақ-жауап сауалнамасын өткізіңіз. Audacity,Soundation және Garagbend секілді компьютерлік бағдарламаларды қалай және қай уақытта қолдана алатыны жөнінде сұрастырыңыз. Аталған компьютерлік бағдарламалар қандай функцияларды атқаратыны жайлы сұрастырыңыз, сонымен компьютерлік бағдарламаларды қайталай отырып шығармашылық жұмысқа бет бұрасыз. Оқушылардың компьютерлік бағдарламаларды қандай деңгейде білетіні және қолданатыны жайлы анықтап алуға болады. Және оқушылар өздерінің пікірлерін атай алуына жол бере отырып музыкалық аспаптардың дыбысталуы мен компьютерлік бағдарламаның ұқсастығы мен айырмашылығын атап өтуін сұрастырыңыз. Оқушылар екі түрлі шығарманың немесе аспаптырдың дыбысталуының айырмашылығы мен ұқсастығы анықтай алуы қажет. Оқушылар өз пікірлерімен сыныпта бөлісіп алған соң, шығармашылық жұмысты орындауды ұсыныңыз. Шығармашылық жұмысты оқушылар жұппен, жекеше немесе топпен орындай алады. Музыкалық- шығармашылық жұмысты оқушылар музыка және технология атты тақырып бойынша орындайды. Музыкалық компьютерлік бағдараламаларды қолдана отырып әуенге арналған дауыс жазады. Бұл жерде оқушылар өздерінің таңдауларына жол беріңіз. Классикалық музыка , халық музыкасы немесе фонограммаға арналған бір әннің сөздерін алуға да болатыны жайлы оқушыларға сілтеме беріңіз. Шығрамашылық жұмысты 15-20 минут уақытта орындатыңыз. Тапсырманы орынлап болған соң міндетті түрде оқушылардың қандай деңгейде жұмыстарын орындағаны туралы т үсінік алу үшін, сынып ішінде өзінің шығармашылық жұмыстарын таныстыруды ұсыныңыз. Жұмысты таныстыра отырып оқушылар бағалауды өткізеді, бағалауға сәйкес кері байланыс алады.

Рефлексия.

Оқушылардың сабақ соңында қандай жетіске жеткені туралы мәлімет алу, сабақта алған жаңа материалдарды қаншалықта қамти алғанын анықтау. Келесі сабаққа қандай құрал- материалдарды әзірлеуге болатыны жайлы өзіңізге сілтеме жасап алу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу