Музыка және технология. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырыпты қайталау. Сабақтың мақсаты мен критерийлерін түсіндіру.

Сабақты 5 сыныпта өткен дыбыспен жұмыс жасауға арналған музыкалық компьютерлік бағдарламалар туралы материалды қайталаудан бастаңыз. Оқушылардан оларды айтып беруді сұраңыз. Сыныпта талқылау:

-Музыкалық компьютерлік бағдарламалар дегеніміз не?

-Сіздер қандай музыкалық бағдарламаларды білесіздер? Атаңыздар.

Егер оқушыларға жауап беру қиындық туғызса, сіз көмектесіп, оларды естеріне түсіре аласыз. Мұғалімге әртүрлі музыкалық компьютерлік бағдарламалары бар сайттардың сілтемелерін дайындап қоюға кеңес беріледі. Егер интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік болмаса, бұл зерттеуді ақпараттық үлестірме парақшалар көмегімен жүргізуге кеңес беріледі.

Сұрақ

Жауап

1 топ

Қандай компьютерлік музыкалық бағдарламалар қарапайым әрі жұмыс жасауға ыңғайлы?

...........................

2 топ

Қандай компьютерлік музыкалық бағдарламалар күрделі және кәсіби дыбыс жазу студияларында қолданады?

.............................

3 топ

  • Ремикс» сөзінің мағынасы?
  • Дыбысты «микширлеу» дегенді қалай түсінесіздер?

............................

Тапсырма. Зерттеу. Шағын зерттеу жүргізу. Бұл тапсырманы орындау үшін сыныпты сұрақтар бойынша 3 топқа бөліңіз. Белгілі уақытты белгілеп, тапрсыма жауабын сынып алдында талқылауды ұсыныңыз. Берілген тапсырма компьютер бағдарламалары жөнінде білімдерін толықтыруға және бекітуге арналған.

Тыңдау және талқылау тапсырмасын орындау үшін «Ұлытау тобының орындауындағы «Кероғлы» күйін тыңдаңыз.

Күйдің заманауи өңделген түрімен классикалық орындау түрін салыстырыңыз.

- Қандай өзгерістер бар?

- Музыкада жаңартулар пайда болды ма?

Ән үйрену және орындау тапсырма.

С. Апасованың «Мен диджеймін» әнін сыныпта үйрену және орындау. Бұл тапсырмада мұғалім оқушыларды диджей мамндығы туралы айтылатын «Мен диджеймін» әнімен таныстырады. Әнді орындау барысында бір оқушыны «диджей» роліне шығарып, қайырманы айтқызуға болады. Әр шумақтан соң, қайырма орындайтын «диджейлерге» басқа да оқушыларды алу керек. Бұл тапсырманы әнді үйрену мен орындау ережелеріне сәйкес жүргізіңіз.

Мұғалімге оқушыларға ремиксті әннің бір шумағы мен қайырмасына жасауға болатынын түсіндіруге кеңес беріледі. Ол үшін компьютер мен компьютер бағдарламаларын қолдану міндетті емес. Ремиксті дауысты, музыкалық аспапты, сыныпта бар күнделікті қарапайым құралдарды пайдаланып жасауға болады. Егер кабинет компьтерлермен жабдықталған болса, оқушыларға бұл тапсырмаға бұрын өткен дыбыспен жұмыс жасайтын компьютерлік бағдарламаларды қолдануға болатынын ұсыныңыз.

Сыныпты екі топқа бөліңіз. Үйретілген ән үзіндісіне музыкалық аспаптарды қолдана отырып, ремикс жасауды ұсыныңыз. Екі топ өз нұсқасын сынып алдында таныстырады.

Орындау барысында берілген дескрипторлар бойынша топтар бір бірін бағалай алады. Дескрипторлар бойынша бағалау:

-Әндегі өзгерісті көрсетеді;

-Көркем бейнесін жеткізеді;

-Әуеннің көңіл-күйін жеткізеді;

-Көркемдеуші құралдарды қолданады;

-Музыкалық/шулы аспапты қолданады;

-Топтағы өз рөлін орындайды.

Сабақ соңында рефлексия жүргізіп, қорытындылаңыз:

-Не жақсарды?

-Нені білдіңіз?

-Нені білгіңіз келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу