Дыбыстау және музыкамен көркемдеу. Музыка, 6 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Дыбыстау және музыкамен көркемдеу
Сабақтың мақсаты:
Фильмді дыбыстаудың тәсілін талдау және талқылау;
Компьютерлік бағдарламаны қолданып, композицияны импровизациялау;
Пәндік терминологияны қолданып, өз жұмысын таныстыру.
Бағалау критерийлері:
Фильмді дыбыстаудың тәсілін анықтайды;
Компьютерлік музыкалық бағдарламаны атайды;
Топта өзінің рөлін орындайды;
Музыкалық жабдықтау немесе фильмдегі кейіпкерлерді сомдайды;
Пәндік терминологияны қолданып, өз жұмысын таныстырады.
Тапсырма. Сыныпта талқылау.
Кинодағы музыка жайлы өтілген тақырыпты қайта еске түсіру.- Фильмде дауыс пен дыбыс болмаса қалай болар еді? - Музыкалық сүйемелдеу режиссерға кейіпкерлердің көңіл-күйін беруге қалай көмектеседі? - Музыка киноның тарихи мазмұнын қалай толықтырады? - Қандай музыкалық бағдарламаларды білесіз?Тапсырма. Тыңдау және талқылау.
Чарли Чаплин «Танец булочек» мылқау фильмін көру.
- Фильмде музыканың рөлі қандай?
- Мылқау кинода музыка қалай қолданылған?
- Фильмге музыканы кім құрастырған?
Тапсырма. Зерттеу.
Атақты фильмдердің музыкалық сүйемелдеуін тыңдаңыз.
Қай фильмнен екеніні табыңыз?
Фильмнің атауын музыка сүйемелдеуі арқылы табу қиын болды ма?
Фильм не туралы?
Фильм қарағанды ұнатасыз ба?
Фильмді қалай құрастырады?
Тапсырма. Орындау.
Кинофильмдегі әртүрлі кейіпкерлерді жас ерекшеліктеріне сай сомдау.
Топқа бөлу:
І топ. Алдар көсе
ІІ топ. Менің атым қожа
ІІІ топ. Гари Поттер
Дауысты, музыкалық аспапты, музыкалық бағдарламаны қолданып, фильмдеріндегі кейіпкерлерге дыбыстық және музыкалық сүйемелдеу жасау.
- Сіз фильм кейіпкерлерін қалай сомдадыңыз?
- Не қиын болды?
- Сіз күрделі тапсырмалар қалай басқардыңыз?
Дескрипторлар:
Фильмнің тақырыбына сәйкестігін көрсетеді;
Музыкалық жабдықтайды;
Командалық жұмысты орындайды;
Шығармашылықшешімді қабылдайды;
Дыбыстаудың өзіндік ерекшелігін көрсетеді;
Рөлді сомдаудағы әртістік қабілетті қолданады.
Таныстырылым және бағалау
Үзінділерді көрсетіңіз. Өзіңіздің қызметіңізге кері баланыс жасаңыз.
Сіздің дыбыстауыңыз арқылы фильмнің мазмұны мен мінезі қалай өзгерді?
Не жақсы болды?
Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?
Рефлексия
- Жаңаша нені білдіңіз?
- Көбірек не ұнады?
- Сізде не сәтті болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?