Дыбыстау және музыкамен көркемдеу. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4- бөлім: Музыка - өмір тынысы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыстау және музыкамен көркемдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 – музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялаужәне интерпретация жасау;

 Сабақтың мақсаты

  • Фильмді дыбыстаудың тәсілін талдау және талқылау;
  • Компьютерлік бағдарламаны қолданып, композицияны импровизациялау;
  • Пәндік терминологияны қолданып, өз жұмысын таныстыру;

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Фильмді дыбыстаудың тәсілін анықтайды;
  • Компьютерлік музыкалық бағдарламаны атайды;
  • Топта өзінің рөлін орындайды;
  • Музыкалық жабдықтау немесе фильмдегі кейіпкерлерді сомдайды;
  • Пәндік терминологияны қолданып, өз жұмысын таныстырады.

 Тілдік міндеттер

 

Оқушылар:

  • Музыкалық компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктері жайлы талқылап, өз ойын ортаға салады.

Түйінді сөздер мен фразалар:

  • Компьютерлік музыкалық бағдарлама
  • Музыкалық жабдықтау
  • Саундтрек, фильм, дыбыстау.

Диалог жазу үшін пайдалы сөздік және терминология:

  • Музыкалық сүйемелдеу режиссерға кейіпкерлердің мінезі мен көңіл-күйін көрсетуге көмектеседі, себебі......
  • Жұмысты жақсарту үшін......

 Құндылықтарды дарыту

  • Әртүрлі жанрдағы музыкаларды орындау арқылы өзге халықтардың мәдениетіне тәрбиелеу;
  • Әртүрлі музыкалық белсенділікке қатысу арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыс

Ақпарат іздеу, шығармашылық жұмыс орындау барысында информатика пәнінен білімдерін қолдана алады.

 АКТ дағдылары

Шығармашылық жұмыс орындау барысында АКТ дағдыларын дамыта алады.

 Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта қарапайым және күрделі музыкалық бағдарламалармен танысты. Әндерге ремикс жасады. Осы білімдерін берілген сабақ барысында қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

5 мин.

5 мин.

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты мен критерийлерін таныстыру.

Тапсырма. Сыныпта талқылау.

Кинодағы музыка жайлы өтілген тақырыпты қайта еске түсіру.

  • Фильмде дауыс пен дыбыс болмаса қалай болар еді?
  • Музыкалық сүйемелдеу режиссерға кейіпкерлердің көңіл-күйін беруге қалай көмектеседі?
  • Музыка киноның тарихи мазмұнын қалай толықтырады?
  • Қандай музыкалық бағдарламаларды білесіз?

Тапсырма. Тыңдау және талқылау. Мылқау фильмді көру.

- Фильмде музыканың рөлі қандай?

- Мылқау кинода музыка қалай қолданылған?

- Фильмге музыканы кім құрастырған?

Тапсырма. Зерттеу.

Атақты фильмдердің музыкалық сүйемелдеуін тыңдаңыз.

  • Қай фильмнен екеніні табыңыз?
  • Фильмнің атауын музыка сүйемелдеуі арқылы табу қиын болды ма?
  • Фильм не туралы?
  • Фильм қарағанды ұнатасыз ба?
  • Фильмді қалай құрастырады?

Презентация

Audacity – бағдарламасы

http://audacity.download- latest.com

Soundation – бағдарламасы

www.soundation.com

Чарли Чаплин «Танец булочек»

https://www.youtube.com/watch?v=BE8pux7N3dA&list=RDBE8pux7N3dA&t=1

Алдар көсе, Менің атым қожа, Гари Поттер фильмдерінен әндер аудиожазбасы

Сабақтың ортасы

15 мин.

5 мин.

Тапсырма. Орындау.

Кинофильмдегі әртүрлі кейіпкерлерді жас ерекшеліктеріне сай сомдау.

Топқа бөлу:

І топ. Алдар көсе

ІІ топ. Менің атым қожа

ІІІ топ. Гари Поттер

Дауысты, музыкалық аспапты, музыкалық бағдарламаны қолданып, фильмдеріндегі кейіпкерлерге дыбыстық және музыкалық сүйемелдеу жасау.

  • Сіз фильм кейіпкерлерін қалай сомдадыңыз?
  • Не қиын болды?
  • Сіз күрделі тапсырмалар қалай басқардыңыз?

Дескрипторлар:

  • Фильмнің тақырыбына сәйкестігін көрсетеді;
  • Музыкалықкөркемдейді;
  • Командалық жұмысты орындайды;
  • Шығармашылықшешімді қабылдайды;
  • Орындаудың ерекшелігі;
  • Рольдерде орындаушылардың артистік қабілеті.
  • Рөлді сомдаудағы әртістік қабілетті қолданады.

Таныстырылым және бағалау

Үзінділерді көрсетіңіз. Өзіңіздің қызметіңізге кері баланыс жасаңыз.

  • Сіздің дыбыстауыңыз арқылы фильмнің мазмұны мен мінезі қалай өзгерді?
  • Не жақсы болды?
  • Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?

карточкалар

Компьютер, планшет, гаджет, телефон и.т.д

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия.

Сұрақтарды талдау:

- Жаңаша нені білдіңіз?

- Көбірек не ұнады?

- Сізде не сәтті болды?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Музыкалық қабілеті жоғары оқушылар музыкалық бағдарламаларды қолданып, кейіпкерлерге музыкалық жабдықтау жасайды.

Кейбір оқушылар өз рөлдерін өте жақсы сомдайды.

Бағалау критерийлері:

Топтық жұмысты орындау барысында бағалау.

Музыканы талдау кезінде бағалау.

Мұғалім бақылауы.

Кері байланыс.

Денсаулықты сақтау тәсілдері. Белсенділік жаттығулары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу