Жан жадыратар әуен. Музыка, 6 сынып, Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
6 сынып Музыка Жан жадыратар әуендер 2 сабақ
Мазмұны
- Сабақ жоспары
- Дидактикалық материалдар
- Презентация
Кіріспе
Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні
мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.
Сабақ тақырыбы:
Жан жадыратар әуендер
Оқу мақсаты:
6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;
Сабақ барысы:
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын аудару үшін, кез келген ойын түрін өткізуге болады. Оқушылар өздерін музыка сабағында жеңіл, оңтайлы сезіну үшін ойларын жинақтай отырып «Ипподром» ойынын өткізуді ұсынамыз. Бұл әдісте оқушылар қолдарымен шапалақтап, дауыстарымен дыбыстау арқылы өткізіледі. Аттар шабысын дыбыстап көрсету, жанкүйерлер дауысталуы, коментаторлардың сөздерін дыбыстау.
Ұйымдастыру сәтін өткізгеннен кейін оқушылардың сабақ тақырыбы жайлы қандай деңгейде екенін «Блоб ағашы» әдісі арқылы анықтап алыңыз.Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушылармен сабаққа қойылған мақсат пен орындалатын іс-әркеттерді атап өтіңіз.
Сабақ тақырыбы Жан жадыратар әуен болған соң қазақ ұлттық нақышты тәрбиелей отырып, оқушылармен жетіген аспабы жайлы мәлімет ізденуді ұсыныңыз. Жетіген аспабының шығу тарихын зерттей отырып, оқушылар көптеген жетіген аспабы жайлы көп мәлімет жинай алады. Жетіген аспабы жайлы мәлімет жинап алған соң оқушыларға жетіген аспабын тыңдатыңыз. Әнші мен аспаптың арасындағы байланысты анықтаңыздар. Бірнеше сұрақтарға жауар беіңіздер. Оқушылармен талқылау жұмысын өткізіңіз Оқушылар өздерінің пікірлерін сынып алдына салуға ұмтылсын, әр оқушының үнін тыңдаңыз. Шығрамашлық жұмыста оқушылар жан жадыратар әуен құрастыруын ұсыныңыз. Әуеннің мазмұнын қалай жеткізе алатыны жайлы сұрастырыңыз. Қолда бар аспаптарды қолдану тәсілін үйрету жолдарын көрсетіңіз. Берілген шығармашылық тапсырмаға бағалау критерийлерін ұсыныңыз. Бұл критерийлерді негізге ала отырып оқушы музыкалық-шығармашылық жұмысты орындау барысында қарастыра алады. Тапсырманы орындап болған әр топ немесе жұп өздерінің жұмыстарын сынып алдында таныстырады. Бұл таныстырылымды «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауға болады. Оқушы мен оқытушы арасына немесе оқушы мен оқушының арасынан кері байланыс алу.
Рефлексия.
«Блоб ағашы» әдісі арқылы оқушылардың сабақ соңындағы деңгейін анқытау. Психологиялық ахуалын ,сабақтан алған әсері мен көңіл-күйін анықтау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?