Жан жадыратар әуен. Музыка, 6 сынып, Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


6 сынып Музыка Жан жадыратар әуендер 3 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Жан жадыратар әуендер

Оқу мақсаты:

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

Сабақ барысы:

Сабақ тақырыбы екі сабаққа бөлінгендіктен оқушыларға сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастауды ұсынамыз. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын аудару үшін, кез келген ойын түрін өткізуге болады. Оқушыларға бейне баян қосу арқылы оқушылармен қимыл қозғалыстарды орындаңыз. Бейне баянды сілтеме арқылы қарастыра аласыз.

Ұйымдастыру кезеңінен соң оқушылармен сабақ мақсаты мен орындалатын іс әрекеттерді анықтап алыңыз. Сабақ тақырыбы оқушыларға белгілі болғандықтан өткен тақырып бойнша бірнеше сұрақтар қойыңыз. Өткен сабақта орындаған шығармашылық жұмыс туралы әңгімелесіңіз. Жан жадыратар әуен сөзін оқушылар қалай түсінеті жайлы сұрақтар қойыңыз. Бірнеше сұрақ үлгілері жоспарда берілген. Оқушылар өзінің ойын ортаға салып талқылау жасауға болады немесе дискуссия ретінде өткізуге болады. Келесі кезеңде оқушыларға поэзиялық шығармаларды тыңдауға баулыңыз. Мысалы Мұқағали Мақатаев ағамыздың туындыларын алуға болады немесе Шәмші Қалдаяқов сазгердің туындыларын негізге алуды ұсынамыз. Оқушыларға әуен мен өлең жолдарының қаншалықты ұқсас, бір-бірімен байланысы қандай екенін анықтауға көмектесіңіз. Егер де бұл музыка болса тек қана әуеннің өзі қандай құпия сырын ашады, сөзбен музыка болса ше? Деген сұрақтар қоя отырып баланың музыкаға деген сүйіспеншілігін ояту. Осы кезеңдер арқылы оқушыларды музыкалық-шығармашылық жұмысты орындауға бет бұрыңыз. Өткен сабақат оқушылар импровизация жасай алса, бүгінгі сабақта оқушыла 4 жол өлең жолын құрастыруды ұсыныңыз. Қиыншылық туғызған жағдайда оқушыларға көмек көрсете отырып, оқушыларға кейбір сөздік жинағын ұсынуға болады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар өзінің ерекше ойлау дағдыларын қолданады. Өзінің жеке шығармашылық жұмысын орындайды. Шығармашылық жұмысты орындаған соң, оқушыларға өзінің жұмысын сынып алдында таныстыруды ұсыныңыз. Әр оқушы өзінің 4 жол шумақ өлеңдерін оқып, шығармасына атау беріп, бағалау өткізеді.

Рефлексия.

«Көңіл-күй (смайликтер)» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу