Жан жадыратар әуен. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Берілген сабақ, алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады. Оқушылар музыканың өнер түрлерімен байланысын зерттеді. Кино, театр, әдебиет, бейнелеу өнері сонымен қатар музыканың өзге жанрлардағы рөлін қарастырды. «релакс», «кавер-версия» түсініктерімен танысты. Алған білімдерін қолдана отырып, сабақ тақырыбы жалғасын табады.

Сабақты ұйымдастыру кезеңі, яғни, өткенді қайталау, сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін түсіндіруден бастаңыз. Жаңа сабақ тақырыбын жариялаңыз.

Тыңдау және талдау тапсырмасында Т. Қажғалиевтің «Қыз қуу» күйін тыңдатыңыз. Тыңдалған шығарманың тарихын, мазмұнын, басты кейіпкерлері жөнінде оқушылар ойын тыңдап, талқылаңыз.

-Күйдің көңіл-күйі қандай?

-Күйді тыңдау барысында қандай көріністі еслестеттіңіз?

-Сіздің ойыңызша, қандай басыт кейіпкерлер болуы мүмкін?

Кейін шығарма тыңдау барысындағы өз сезімдерін суреттеп көрсетуді сұраңыз. Бұл тапсырмада тыңдалған шығарманың шығу тарихын білуі мүмкін. Кейбір оқушылар музыкалық шығарманың мінезі мен екпінін анықтап талдайды. Музыкалық аспаптарды анықтайды. Оқушылардың көбісі тыңдалған шығарманың оқиға желісін ойластыра алатынын ескеріңіз.

Ақпарат іздеу тапсырмасын орындау үшін топтық жұмыс ұйымдастырыңыз. Ол үшін сыныпты сұрақтар бойынша топтарға бөліңіз. Оқушыларды 3 топқа бөлу. АКТ көмегімен сұрақтарға ақпарат іздестіруді ұсыныңыз. Ақпарат іздеу тапсырмасында оқушылар АКТ дағдыларын дамыта алады.

1 топ:

«Анимация» дегеніміз не?

Анимация жанры қашан пайда болды?

2 топ:

-Оның ерекшелігі неде?

-Аниматорлық фильмде өнердің қандай түрлері бірігеді?

3 топ:

-Анимациялық фильмде музыканың рөлі қандай?

-Анимацияның қандай түрлерін білесіз?

Түйген ойлары мен идеяларын сыныптастарымен бөлісу. Сыныпта ақпараттармен бөлісу.

Тыңдау және талқылау тапрсымасында Қазақша «Алдар көсе» анимациялық фильмінен үзінді көріңіз. Үзіндіге төмендегі сұрақтар көмегімен талқылау жүргізіңіз.

-Анимациялық фильмдегі басты кейіпкер кім?

-Үзінді мазмұны не туралы?

Фильмді қайта көріңіз.

-Автор фильмді дыбыстауға қандай музыкалық аспапты қолданған?

-Сонымен қатар қандай шулы әсерлерді қолданған?

-Анимациялық фильм кейіпкерлерін кімдер дыбыстаған, білесіз бе?

Ән үйрену және орындау тапрсырмасында С. Апасованың «Я рисую мир» әнін үйреніңіз. Сыныппен орындағанда әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін беруді сұраңыз. Сыныпта солисттер рөлін анықтап алыңыз. Қабілеті жоғары оқушылар орындау барысында солист рөлінде бола алады. Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жасайды.

Сонымен қатар, сабаққа барысына байланысты арналған сұрақтар көмегімен рефлексия жүргізіңіз.

Сабақты қорытындылаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу