Интеллектуалды музыка. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.


6 сынып Музыка Интеллектуалды музыка 1 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Интеллектуалды музыка

Оқу мақсаты:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбын анықтамас бұрын оқушыларға интеллектуалды ойындарды ұсыныңыз. Интеллектуалды сұрақтарды қоюға болады. Сұрақтар қою арқылы оқушылармен сабақ тақырыьын анқытап алуға болады. Оқушылардың ойлау дағдыларын дамыта отырып, сыни тұрғыдан ойлау жағдайын жасауыңызға болады. Сабақ тақырыбын анықтап болған соң, оқушыларға сабақ мақсаты мен орындалатын іс-әрекеттірді атап өтіңіз. Оқушылардың қандай дағдылары даматылатыны жөнінде ой бөлісуге болады. Сабақты тыңдалым дағдысын ұйымдастыруынан бастаңыз. Оқушылрадың тыңдалым дағдысын дамыта отырып, сыни тұрғыдан ойдауды да үйрете аласыз. Оқушылар екі шығарманы тыңдай отырып, музыкалық шығармаға талдау жұмыстарын жүргізе алады. Тыңдау барысында оқушылар өзіндік ерекше ойлауына жол беріледі. Өзінің идеясымен немесе өзінің ойымен толық бөлісуге жол беріледі. Шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтай алу дағдысын да дамытады.

Тыңдалған шығармалардың сазегрелері туралы ақпарат ізденуді сұраңыз. Оқушылар интернет ресурстарын қолданып ақпарат ізденеді, оқиды, қызықты мәлімттерді қарастырады. Оқушылар бір сұраққа ғана емес бірнеше сұраққа жауап бере алады. Сондықтан оқушыларды бірнеше топқа бөліп, әр-түрлі тақырыпша тарату арқылы зерттеу дағдыларын дамытып, ортада ой бөлісуге баулыңыз. Әр тақырыпша сабақ тақырыбына сай келіун қадағалаңыз. Интеллекуталды музыка, классикалық музыкамен байланыструға болады. Тапсырманы ұсынған соң оқушыларға бағалау критерийлері мен дескрипторларды атап өтіңіз. Оқушылар қандай бағытта жұмыс жасау барысын білетін болады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар өзіндік оқу әдісін орындайды және топтық жұмысты бірігіп жасауына жол беріледі.

Тапсырманы орындап дайынған болған кезеңде, топтар ортаға шыған өзінің зерттеу жұмыстарымен сынып алдында таныстырады және қорғайды. Берілген сұрақтарға жауап береді. Осыйлайша оқушылар бір-бірін тыңдай отырып, өздеріне жеке мәлімет алатын болады.

Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың интеллектуалды екенін біле отырып, сын тұрғысынан ойланатын сұрақтарды құрастыру үшін, сөзжұмбақты жасауды ұсыныңыз. Сөзжұмбақта сазгерлердің аты-жөні кілт сөз болвп табылу қажет. Сұрақтарды қою барысында музыкалық терминологияны анықтайтын сұрақтар болу керек екенін оқушыларға түсіндіріп айтыңыз. Бұл тапсырманы орындауға он немесе жиырма минут уақыт беріңіз. Жұмыс дайын болған соң, оқушылар бір-бірімен алмасу жолдарын қолданып, сөзжұмбақтарды шешеді, осы әдіс арқылы оқушылар бағаланады.

Рефлексия.

Сабақты қорытындылау үшін және келесі сабақта қандай жайытты еске алу үшін оқушылармен рефлексия өткізіледі. Бұл сабақта оқушылар берілген үш сұраққа жауап береді. «Сұрақ-жауап» әдісін ұсынамыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу