Интеллектуалды музыка. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар:

6.4 Музыка - өмір тынысы

Мектеп:

Мерзімі:

Оқытушы:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Интеллектуалды музыка

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

Сабақ мақсаттары:

 Оқушылар:

  • тыңдаған музыкалық шығарманы талдау:
  • ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

Бағалау критерийлері

-тыңдаған музыкалық шығарманы талдай алады:

- ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалана алады;

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Тыңдалған музыкалық шығарманы талдайды, сонымен қатар өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай отыра, музыкалық терминологияны қолданады.

Лексика и терминология:

Классикалық ән, музыка

Диалог пен жазбаға арналған арнайы сөздер:

Бұл әуеннің көңіл-күйі ...

Канон элементтерін қолдану барысында, мен ... негізге алдым.

Тыңдалған шығарма ... жанрға жатады.

Құндылық

Берілген сабақ жоспары оқушылардың бойына бірлесе жұмыс жасауға, бір-біріне деген құрмет пен жауапкершілікке баулиды.

Бастапқы білімдер

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдерін толықтыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Сабақ басы

0-4

4-6

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Сөйлемді жалғастыр»

  • Құрманғазы, Бах, Бетховен, Қалдаяқов ...
  • Флейта,фагот,труба,сыбызғы ...
  • Симфония, опера,балет ...
  • Соло, дуэт,квартет ...
  • «Қыз Жібек», «Золушка», «Алдар көсе» ...

Сабақ мақсаты мен сабақ барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтау

Карточкалар

Сабақ ортасы

6-11

11-20

20-30

30-35

2.Сабақ барысы

Тапсырма 1. Тыңдау.

Классикалық және қазақ ұлттық музыканы тыңдау.

  • Екі шығарманың айырмашылығы неде?
  • Шығармалардың ұқсастығын анықтаңыз.
  • Аспаптар ойналауын анықтаңыз.

Тапсырма 2. Ақпарат іздену. Сыныппен талдау.

1 топ. Моцарт сазгердің өмірбаянын ізденіңіз.

2 топ. Шығармашылық туындыларын анықтаңыз бір шығармаға түсініктеме беріңіз. .

3 топ. Құрманғазы атамыздың өмірбаянын зерттеңіз.

4 топ. Құрманғазы атамыздың шығармаларын анықтаңыз және бір шығармаға түсініктеме беріңіз.

Бағалау критерийлері:

- Сазгерлердің өмірбаянын зерттей алады;

- сазгерлердің шығармаларын анықтай алады;

- шығармаға шығу тарихын немесе түсініктеме бере алады.

Дескрипторлар:

  • Сазгердің өмірбаянын зерттеді;
  • Сазгердің шығармасын атап өтті;
  • Сазгерлердің шығармаларын сынып алдында таныстырды;
  • Шығарманың шығу тарихын сынып алдында айтып өтті;
  • Ақпарат іздену жұмыстарын топпен орындады.

Тапсырма 4. Шығармашылық жұмыс.

Музыкалық терминологияны қолдана отырып бір сазгерді негізге ала отырып сөзжұмбақ құрастырыңыз.

Тапсырма 5. Таныстырылым

Оқушылар дайындаған сөзжұмбақтарын бір-бірімен бөлісе отырып, сұрақтарға жауап беріп сөзжұмбақты шешеді және бағаланады.

Моцарт https://www.youtube.com/watch?v=KuQ8nG1kl8M

Құрманғазы https://www.youtube.com/watch?v=cCj6xE_wgcE

Компьютер немесе ноутбук

А4 форматындағы қағаз, қарындаш

Сабақ соңы

38-40

4. Рефлексия

Мұғалім оқушылармен сабақ барысында орындалған іс-әрекеттерді талқылайды. Қиындық туғызған тапсырмаларға көңіл бөледі.

  • Бүгінгі оқу мақсатына жеттік пе?
  • Қандай іс-әрекет орындау арқылы сабақ мақсатына жеттік?
  • Шығармашылық жұмысты орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз және қандай шешім қабылдадыңыз?

Ауызша кері байланыс алу

Дифференциация мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Сөзжұмбақ құрастыру барысында оқушылар музыкалық терминологияға байланысты күрделенген сұрақтарды қолдана алады

Қалыптастырушы бағалау

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу