Интеллектуалды музыка. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқушыларда жанр, стиль жөнінде алдыңғы білімдері бар. Сонымен қатар, сабақ барысында талданатын тақырыптар бойынша жеткілікті пәндік терминология білімдері бар. Барлық оқушылар адам өміріндегі музыканың рөлі жөнінде өз ойларымен бөлісе алады. Кейбір оқушылар музыканы талдауда мысалдар арқылы өз ойларын жеткізе алады.
Сабақ барысын ұйымдастыру кезеңінен, яғни, жақын арада даму аймағын құру,оқушы зейінін шоғырландырудан бастаңыз. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін ұғындырыңыз. Тақырып мазмұнын ашып, термин сөздіктерді талдаңыз. Кейін сыныпты төмендегі топ атаулары бойынша бөліңіз:
1 топ – Фольклорлық музыкасы
2 топ – Симфониялық музыкасы
3 топ - Романс
4 топ - Мюзикл
5 топ - Рок музыка
Топтарға берілген тақырып бойынша мәліметтермен таныстыруды сұраңыз. Ол үшін алдын ала мәліметтер дайындаңыз.
Тапсырма. Талқылау.
Оқушылармен ой бөлісу арқылы тақырыпты ашу үшін, топтық жұмыс орындаңыз.
Тапсырмаға берілген бағалау критерийлерін таныстырып, талдаңыз. Өзгерістер енгізуге болады.
-Пәндік терминологияны қолданады;
-Топтағы әр оқушы қатысады;
-Сұраққа мысал келтіру арқылы, толық жауап береді.
1 топ:
- Сезімдер мен эмоцияны, көңіл-күйді, композитордың ойын жеткізу үшін қандай көркемдеу тәсілдері пайдаланылады?
- Неге бір музыкалық шығарма әртүрлі эмоциялар мен сезімдер туғызады?
2 топ:
-Қандай музыка адамды қайырлы істер жасауға шабыттандырады?
- Қандай музыка адамды ойландырады, жасампаздыққа жетелейді?
3 топ:
-Қандай музыкамен көңіл сергітіп, демалыс жасауға болады? Неге?
-Адамды қайырымдылыққа, тілектестікке, ақжарқын болуға музыканың қандай түрлері тәрбиелейді?
4 топ:
-Эстетикалық талғам нені білдіреді?
- Эстетикалық талғамды қандай музыка тәрбиелейді?
- Сіздер музыканың қандай түрлерімен, жанрларымен, стильдерімен таныстыңыздар?
5 топ:
-Неге адамдарға әртүрлі музыка ұнайды?
-Интеллектуалды (байсалды) және жеңіл (ойын-сауық) музыка дегеніміз не?
Тапсырма. Ақпарат іздеу.
Зерттеу. Топпен бірге зерттеу жүргізіп, қандай музыканың өмір туралы, бейбітшілік, достық, батылдық, отансүйгіштік туралы ойландыратынын анықтаңыз. Атап беріңіз:
•Қазақтың халық әндерінің ерекшеліктері;
•Батыс еуропа композиторларының классикалық шығарма ерекшеліктері;
•Орыс композиторларының шығарма ерекшеліктері;
•Қазіргі заманғы әндер ерекшеліктері.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
-Берілген жанрларға сай шығармаларды қарастырады;
-Пәндік терминологияны қолдана отырып талқылайды;
-Тапсырма сұрақтарына толық жауап береді.
Тапсырма. Тыңдау және талдау (ауызша тапсырма) тапсырмасында Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасын тыңдаңыздар. «Айлы түн» сонатасын тыңдағанда бөленетін көңіл-күйлеріңізді суреттеуді сұраңыз. Ол үшін 10 сын есімді қолданыңыздар.
Кейін талқылау жүргізіңіз:
-Неге бұл шығарманы «интеллектуалды немесе байсалды» музыка деп атауға болады?
-Тыңдаған сәтте сіздер өмірдегі қандай картинаны елестеттіңіздер?
-Тыңдалған шығармаларды музыканың қай түріне жатқызамыз? «байсалды» музыкаға жата ма, әлде «жеңіл» музыкаға ма? Неге?
Сабақ соңында рефлексия жүргізіңіз:
-Не жақсарды?
-Нені білдіңіз?
- Нені білгіңіз келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?