Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар: 3 Мектеп:

6.3 Музыка және өнер түрлері

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жобаны жоспарлау және құрастыру

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

Сабақ мақсаты

– музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

– ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

– шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

– музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

– ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

– шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

Тілдік мақсат

-музыкалық щығармашылық идеяны ұсыну, интерпретация жасау.

- көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыра алу

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері,

АҚТ қолдану

Компьютерлік бағдарламалар

Алдыңғы білімдері

5 сыныпта алған білімдерін толықтыру

Құндылық

Тарих, Мәдениет, және тілдік бірлестік. Өнер синтезі.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-3

3-10

1.Ұйымдастыру кезеңі: коллаборативті ортаны ұйымдастыру.

«Ыстық орындық» Оқушылармен өткен тақырыптарды еске түсіру.

Жобаны орындау барысындағы мақсат пен орындалатын іс-әрекетті анықтау.

Сыныпта талқылау:

  • Тараудың әр тақырыбын еске түсіріп, талдаңыздар.
  • Жобалық жұмысты жасау туралы идеяларыңызды ұсыныңыздар.
  • Топтарға рольдерді бөліп беріңіздер, өз жұмыстарыңызды тапсырмаға сәйкес жоспарлаңыздар.

Сабақ ортасы

10-30

30-35

Топта жұмыс жасау.

1-ші топ

«Музыка және поэзия» тақырыбына – 4 шумақ өлең жолдарын құрастырыңыз, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеңіз.

2-ші топ

«Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазу.

3 топ

«Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ойластырыңыз.

4-ші топ

«Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасаңыз.

Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері.

  • Топтық жұмысты орындай алады;
  • Әр топ ішінде оқушылар өз рольдерін анықтай алады;
  • Шығармашылық жұмысты толықтай орындай алады.

Дескриптор:

  • Топта әр оқушы өз ролін көрсетті;
  • Әр оқушы өзінің ролін сомдады;
  • Шығармашылық жұмысты соңына дейін орындады;
  • Жобаға арналған жаңа идея ұсынды;
  • Әр- түрлі бағытта жұмыстар ұсынылды.

Презентация.

Шығармашылық жұмыстарыңызды сынып алдында ұсыныңыз.

Музыкалық аспаптар – синтезатор, домбыра, асатаяқ.

Наурыз, көктем,ана арналған суреттер.

(Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия);бағдарламалары

Сабақ соңы

35-40

Жоба рефлексиясы.

-Сіздер өнер түрлері туралы не айтып бере аласыздар?

-Өнердің түрлері (белгілі бір түрі) қандай әсер береді?

- «Өнерлі өрге жүзер», «Өнерліге өлім жоқ» деген нақыл сөз бар, сіздер ол туралы не ойлайсыздар? Неге? Өз жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

-Сіздер қандай қосымша ақпаратпен бөлісе аласыздар?

- Басқа өнер түрлерінде музыка қандай орын алады?

Саралау

Бағалау

Қауіпсіздік ережелерін сақтау және денсаулықты қадағалау

Әр топтың өзініңн жеке тақырыпшаларына сәйкес, музыкалық қабілеттері дамыған оқушылар өзінің жаңа иедясын ұсына отырып, музыкалық аспапта немесе өзінің дауысын қолдана отырып интерпретация жасай алады

Ішкі жиынтық бағалау

(ІЖБ)

Тәжіриебелік және шығармашылық жұмыстарды орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу