Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Берілген сабақта алдыңғы өткен тақырыптардың жиынтығы болып табылады. Яғни, оқушылар 3 бөлімде алған шығармашылық, орындаушылық дағдыларын қолданады. Ұсынылған сабақты ұйымдастыру кезеңінен яғни, сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырудан бастаңыз. Қорытынды сабақтың бірі болғандықтан, өткен тақырыптаға шолу жасаған жөн. Төмендегі сұрақтар көмегімен талдау жасаңыз:
-Бұл бөлімде қандай тақырыптарды талдадық?
-Қандай музыканттармен таныстыңыздар?
-Қандай музыкалық шығармалар тыңдадыңыз?
-Өнердің қандай түрін есіңізге сақтадыңыз? Неге?
Сыныпта талқылау тапсырмасында жалпы жоба жұмысы жөнінде түсіндіріп өтіңіз. Оқушылар идеясын талқылаңыз. Жобалық жұмысты жасау туралы идеяларын ұсынуды сұраңыз. Жобаны орындау барысындағы мақсат пен орындалатын іс-әрекетті анықтауды ұсыныңыз. Сюжет мазмұнын талдап өтіңіз.
Тапсырма. Топта жұмыс жасау.
Сыныпты топтарға бөлу.
Талдау жұмыстарынан соң, сыныпты карточкалар көмегімен топтарға бөліңіз.
1 - топ - «Музыка және поэзия» | 2 - топ - «Музыка және кескіндеме» |
3 - топ - «Музыка және театр | 4- топ - «Музыка және кино» |
1 - топ - «Музыка және поэзия» тақырыбына 4 шумақ өлең жолдарын құрастыру, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеу;
2 - топ - «Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазып, музыкалық сүйемелдеу құрастыру;
3 - топ - «Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ұйымдастыру;
4- топ - «Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып музыкалық композицияға жөндеу жасау.
Топтар анықталған соң, шығармашылық жоба тақырыбына сай, рольдерге бөлінуді, өз жұмыстарды тапсырмаға сәйкес жоспарлау тапсырмасын беріңіз. Ол үшін келесі кестені әр топқа тарату ұсынылады:
- Топтардағы рөлдерді қалай анықтайсыз?
Сыныбы: Тобы: | |||||
Аты-жөні | Рөлі | Қажетті ресурстар | Қойылымға арналған музыка | Қосымша | Орындалу уақыты |
- Қандай құралдар мен ресурстар қажет?
- Қандай музыка, әндер таңдайсыз?
- Қандай жанрдағы музыканы таңдайсыз? Сұрақтары арқылы оқушылар ойын жинақтауға көмектесіңіз.
Импровизация және музыка шығару тапсырмасын орындау.
Шығармашылық жұмыс орындау барысында оқушылар өз еркімен белгілі бір дағдылар бойынша рөлдерді таңдай алады. Компьютер бағдарламаларын қолдану дағдысы жоғары оқушылар музыкалық композицияны өңдеу жұмыстарын атқара алады.
Топтарда шығармашылық жоба дайындаңыз. Жоба құрастыруда музыкалық аспаптар, компьютер бағдарламаларын, әндер аудиожазбаларын, т.б. қолдануға болады. Оқушыларды төмендегі бағалау критерийлерімен таныстырыңыз:
•Топтық жұмыс;
•Орындау барысындағы ансамбльдік шешім;
•Сюжет пен музыканың сәйкестігі;
•Шығармашылық шешім.
*Берілген критерийлерді толықтыруға болады.
Әр топ өз жоба жоспарын таныстырған соң, мұғалім тарапынан кері байланыс беріңіз. Сонымен қатар, жоба рефлексиясын жүргізіңіз.
- Сіздер өнер түрлері туралы не айтып бере аласыздар?
- Өнердің түрлері (белгілі бір түрі) қандай әсер береді?
- Сіздер қандай қосымша ақпаратпен бөлісе аласыздар?
- Басқа өнер түрлерінде музыка қандай орын алады?
Сабақты жалпы сабаққа арналған рефлексиямен аяқтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?