Жобаны жоспарлау және құрастыру. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп:

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жобаны жоспарлау және құрастыру

Оқу мақсатына арналған сілтеме

6.2.2.1 – музыкалық көркем құралдарын, музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау;

6.2.2.2 – компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялау және интерпретация жасау;

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.3.1.1 – шығармашылық көрсетілімнің бағдарламасын таныстыру, оларды критерияларға сәйкес бағалау, өзінің және өзгелердің жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар енгізу;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Топта өз рөлдерін атқарады;
  • Музыкаға интерпретация құрастырады;
  • Шығармашылық жұмыс композициясын шығарады;
  • Audacity, Soundation, т.б. бағдарламаларда музыканы өңдейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Шығармашылық жұмыс құрастыруда өз идеясын ұсынады;
  • Музыкалық аспаптар, өз дауысын қолдана отырып, музыканы импровизациялайды, шығарады;
  • Компьютер бағдарламаларын қолдана отырып, музыкалық композицияны өңдейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды тілдік терминологияны қолдану арқылы талдау.

Пәндік лексика және терминология:

Шығармашылық жоба, фондық музыка, атмосфералық музыка, музыкадағы көркемдеуші құралдар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Топтардағы рөлдерді қалай анықтайсыз?
  • Қандай құралдар мен ресурстар қажет?
  • Қандай музыка, әндер таңдайсыз?
  • Қандай жанрдағы музыканы таңдайсыз

Пәнаралық байланыс

Топта шығармашылық жоба дайындауда тақырыптарға байланысты, бейнелеу өнері, әдебиет пәндерімен байланысын табады.

АҚТ қолдану

Бұл сабақта оқушылар АКТ дағдыларын жоба жұмысын орындау барысында, Audacity, Soundation бағдарламаларын қолдану арқылы дамыта алады.

Алдыңғы білімдері

Берілген сабақ алдыңғы өткен тақырыптардың жиынтығы болып табылады. Яғни, оқушылар 3 бөлімде алған шығармашылық, орындаушылық дағдыларын қолданады.

Құндылық

Сыныптастарының ойы мен идеясына сыйластықпен қарау. Топта жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Жоспар

Жоспарланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. Өткен тақырыптарды қайталау, талқылау:

  • Бұл бөлімде қандай тақырыптарды талдадық?
  • Қандай музыканттармен таныстыңыздар?
  • Қандай музыкалық шығармалар тыңдадыңыз?
  • Өнердің қандай түрін есіңізге сақтадыңыз? Неге?

Презентация

Сабақ ортасы

5 мин.

2 мин.

10 мин.

15 мин.

Тапсырма. Сыныпта талқылау.

Жобалық жұмысты жасау туралы идеяларыңызды ұсыну. Жобаны орындау барысындағы мақсат пен орындалатын іс-әрекетті анықтау.

  • Қандай сюжет таңдадыңыз?

Топтарға рөлдерді бөліп беру, өз жұмыстарды тапсырмаға сәйкес жоспарлау.

Тапсырма. Топта жұмыс жасау.

Сыныпты топтарға бөлу.

1 - топ - «Музыка және поэзия» тақырыбына 4 шумақ өлең жолдарын құрастыру, әйгілі жазушылар туралы ақпарат іздеу;

2 - топ - «Музыка және кескіндеме» - Наурыз, 8-наурыз арналған сурет жазып, музыкалық сүйемелдеу құрастыру;

3 - топ - «Музыка және театр» тақырыбына - (ертегі, ықшам қойылым) кішігірім қойылым ұйымдастыру;

4- топ - «Музыка және кино» - компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып, музыкалық композицияға жөндеу жасау.

  • Топтардағы рөлдерді қалай анықтайсыз?
  • Қандай құралдар мен ресурстар қажет?
  • Қандай музыка, әндер таңдайсыз?
  • Қандай жанрдағы музыканы таңдайсыз?

Тапсырма.Импровизация және музыка шығару.

Топтарда шығармашылық жоба дайындаңыз. Жоба құрастыруда музыкалық аспаптар, компьютер бағдарламаларын, әндер аудиожазбаларын, т.б. қолданыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Топтық жұмыс;
  • Орындау барысындағы ансамбльдік шешім;
  • Сюжет пен музыканың сәйкестігі;
  • Шығармашылық шешім.

карточкалар

Музыкалық аспаптар – синтезатор, домбыра, асатаяқ.

Наурыз, көктем,ана арналған суреттер.

(Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия); бағдарламалары

Киіз үй макеті, ақ қағаз, фломастерлер.

Сабақ соңы

3 мин.

Жоба рефлексиясы.

- Сіздер өнер түрлері туралы не айтып бере аласыздар?

- Өнердің түрлері (белгілі бір түрі) қандай әсер береді?

- Сіздер қандай қосымша ақпаратпен бөлісе аласыздар?

- Басқа өнер түрлерінде музыка қандай орын алады?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық жұмыс орындау барысында оқушылар өз еркімен белгілі бір дағдылар бойынша рөлдерді таңдай алады.

Компьютер бағдарламаларын қолдану дағдысы жоғары оқушылар музыкалық композицияны өңдеу жұмыстарын атқара алады.

Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері;

Кері байланыс;

Бір бірін бағалау.

Сабаққа арналған бағалау критерийлері.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу