Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
6 сынып Музыка
Музыка және кино 6 сабақ
Мазмұны
- Сабақ жоспары
- Дидактикалық материалдар
- Презентация
Кіріспе
Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан
күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні
мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.
Сабақ тақырыбы:
Музыка және кино
Оқу мақсаты:
6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;
6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;
Сабақ барысы:
Сабақты бастамас бұрын оқушылармен кішігірім ойын өткізіп алыңыз. Оқушылардың көңіл-күйін, психологиялық ахуалын туғызуға ықпал етіңіз. Оқушыларды топқа бөлуде реттік санауды ұсыныңыз. Егер сізде бес топ болса онда оқушылар 5-ке дейін саналады, егер төрт топ болса төрттік реттік санына дейін саналуын сұрастырыңыз. Оқушыларды топқа бөліп болған соң сабақтың тақырыбы мен мақсатын атап өтіңіз.
Сабақ өткен тақырыптың жалғасы болғандықтан оқушыларға театр туралы сұрақтар қоюыңызға болады. Театрда қандай ұжым жұмыс атқаратыны жөнінде қаншалықты білімдері бар екенін тексере аласыз. Бұл әдіс арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін толықтыра отырып оқушыларға театрда орындаушы, тігінші, костюмші, актер, режиссер туралы ақпарат беріңіз. Оқушылардың білімін толықтырып сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып есте сақталатындай етіп мәтін жолдарын ұсыныңыз.
Оқушылардың шығармашылық дағдыларын қалыптастыру үшін , «Алдар көсе» ертегісінен үзінді көрсетіңіз. Оқушылармен қарастырылған ертегі үзіндісін сынпта талқылаңыз. Бұл ертегінің сюжеті қандай болды? Ертегінің көңіл-күйі қандай? Қай жас аралықта көруге болатыны жөнінде сұрастырыңыз.
Ертегі үзіндісін талдау жұмысын өткізгеннен кейін, оқушылрға импровизация жұмысын жасауды ұсыныңыз. Импровизация-шығармашылық жұмыста оқушылар ықшам сахналық қойылым қою керек екеніне көз жеткізіңіз. Әр оқушы өзінің жеке ролін сомдап, қойылымның көркем-бейнесін сынып алдында жеткізе алуы қажет. Шығармашылық жұмыс топпен немесе жұппен орындалуы мүмкін. Жұмысты орындаған топөзінің сахналық көрінісін сынп алдында көрсетеді, бір топ оқушылар сарапшы ретінде роль атқарады. Сарапшылар әр топты бағалайды және сахналық көрініс жайлы кері байланыс бере отырып, сахналық көріністі қандай жолдармен жақсартуға болатыны жөнінде бірнеше ұсыныстар береді. Осылайша оқушылар сағат бағыты бойынша бір-бірін бағалайды және кері байланыс береді.
Келесі кезеңде оқушылармен «Наурыз думан» атты сұрақ-жауапқа назар аударыңыз. «Наурыз думанда» қандай іс-шаралара өткізіледі? Наурыз мейрамы туралы түсініктерін анықтап, қосымша ақпарат беруіңізге болады.
«Наурыз- думан» әнін балаларға тыңдатыңыз. Бұл әнді қандай мерекеде орындайтыны туралы айтып беріңіз. Орындаушы туралы қысқаша ақпарат беріңіз. Әннің сөзін оқи отырып оқушылармен әнді үйретіңіз. Әннің көңіл-күйіне оқушылардың назарын аудартыңыз.
Рефлексия.
Рефлексияны бүгінгі сабақта өткен материал бойынша сұрақтар қоя аласыз. Оқушылардың сабақта берілген материалдарды қаншалықта қамтылғаны туралы біліп алуыңыз қажет. Келесі сабақта оқушыларға қандай бағытта сабақ жоспарын әзірлеу үшін оңтайды әдіс түрі болып табылады.
«Сұрақ-жауап» әдісін қолдануға ұсынамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?