Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


6 сынып Музыка

Музыка және кино 7 сабақ

Мазмұны

  • Сабақ жоспары
  • Дидактикалық материалдар
  • Презентация

Кіріспе

Нұсқаулықта Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, Бағдарламаны іске асырудан

күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берілген. Ұсынылған материалдар «Музыка» пәні

мұғалімдеріне өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшам сабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

Сабақ тақырыбы:

Музыка және кино

Оқу мақсаты:

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.2.2– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялаужәне интерпретация жасау

Сабақ барысы:

Сабақты ұйымдастыру шараларынан бастаңыз. Ең алдымен сынып ішінде жағымды психологиялық ахуал туғызып, оқушылардың назарын толығымен сабаққа аударуын қадағалаңыз. Кейін сабақ тақырыбын меңгеру мақсатында сыныпты карточканың көмегімен видеокамера, видео лента, артист кино, статуэтка «Оскар» және т.б. топтарына бөліңіз. Оқушылар топ бойынша орындарына жайғасуларын сұраңыз.

Сыныпты бүгінгі сабақтың тақырыбы мен алға қойылған мақсаттарды атап өтіп, оқушылардың алдағы уақытта орындайтын іс-әркеттерімен таныстырыңыз. Ең алдымен оқушылармен бірге «Приключения Электроника» кинофильмнен әуені Е. Крылатовтікі, Ю. Энтиннің сөзіне жазылған «До чего дошел прогресс» әнін орындаңыз. Бұл әнді орындау арқылы оқушылар өткен сабақты еске түсіріп, білімдерін жүйелейді.

Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында оқушыларға шығарма жазуды ұсыныңыз.. Оқушылар сынып өмірінен қызықты оқиға жайында шағын кино түсіреді. Ол үшін «Киностудия» Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, киностудия және т.б. компьютерлік бағдарламаларын қолдануын қадағалаңыз. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар өздерінің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, соынмен қоса, ең бастысы актерлік және авторлық шеберліктерін арттырады. Оқушылар тапсырманы жеке, жұппен немесе топпен орындауы мүмкін.

Сонымен қоса, оқушыларға қосымша тапсырма беру ұсынылады. Тапсырма мазмұнына сәйкес оқушылар журнал немесе газет кескіндері мен өздерінің суреттерін қолдана отырып комикс жасаулары қажет. Бұл тапсырмада оқушылар қиялындағы оқиғаны бейнелеу үшін шығармашылық еркіндік беріңіз.

Орындалған шығармашылық тапсырмаларды оқушылар топпен бірге ұсынып, сипаттама берулерін сұраңыз. Сыныптастары әр таныстырылымнан кейін кері байланыс беру арқылы бағалайды. Шығармашылық жұмысты орындау барысында оқушылардың көңілінен шыққан және қиындық тудырған сәттері жайында ой алмасыңыздар. Сонымен қоса, «неліктен?» деген сұраққа жауап іздеулеріңіз қажет.

Рефлексия.

Оқушылардан бүгінгі сабақ мақсатына жету деңгейін, сабақтан алған әсері мен білім деңгейін және ең бастысы алдағы сабақта қандай ақпарат білгісі келетіндігін анықтау үшін таратпа қағазды ұсыныңыз. Сұрақтар:

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу