Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақ барысын ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз. Оқушыларға сабақ тақырыбын, мақсаттары мен бағалау критерийлерін жариялаңыз.

Төмендегі мұрақтар көмегімен сабақ тақырыбына байланысты талқылау жүргізіңіз. Тапсырма. Сыныпта талқылау.

  • Өнердің қандай түрлерін білесіз?
  • Өнердің ішіндегі қайсы түрін ең заманауи жаңа түріне жатқызасың?

Кинематография, дыбыстық әсер, фондық музыка, көркемдеуші құралдар туралы не білесіздер?

- Кино өнерінде қандай көркемдеуші құралдар бар?

- Олар не үшін қажет?

Лад, көңіл-күй, темп, динамика, тональность, регистр, ырғақ, тембр т.б ұғымдарын қайталап, еске түсіріңіз. Бұл сабақтың белгілі бір кезеңдерінде оқушыларға көмегін тигізеді.

Талқылаудан соң, келесі тапсырманы орындау үшін, сыныпты топтарға бөліңіз:

Тапсырма. Ақпарат іздеу. Топтық жұмыс.

1 топ - киноның шығу тарихы;

2 топ - алғаш камераның пайда болуы.

3 топ - алғаш қазақ киносы мен актерлері;

4 топ - кино өнеріндегі Чарли Чаплиннің үлесі;

Топтарда жиналған ақпараттар бойынша сынып алдында бөлісуді сұраңыз. Кейбір оқушылар кино өнері жөнінде қосымша ақпараттар айта алады.

Тыңдау және талдау тапсырмасында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көріңіз. Берілген ресурс бойынша, өз сыныбыңыздың ерекшелігін ескере отырып, үзінді таңдай аласыз. Үзіндіге талдау жасау мақсатында, топтық тапсырма беріңіз.

Топта талдау жүргізу. Сыныпты топтарға бөлу.

1 топ- Фильмдегі көркемдеуші құралдарды анықтау (темп, ырғақ, динамика, көңіл-күйі, т.б)

2 топ – фильм жанрын анықтау,

3 топ – музыканың сюжетке сәйкестігі (фондық музыка, сүйемелдеу, т.б)?

Алдын ала бағалауға арналған критерийлерді таныстырып өтіңіз. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін оқушылармен берлесіп толықтыруға болады:

  • Терминологияны қолдана отырып, талдайды;
  • Сұрақтарға толық жауап анықтайды;
  • Кино үзіндісіне талдау жасайды.

Орындалған тапрсымаларға критерийлер бойынша өзара бағалау жүргізіңіз.

Тапсырма. Әнді үйрену және орындау.

«Менің атым Қожа» фильмінде қолданылған муз.Н.Тілендиев, сөзі. Т.Молдағалиевтің «Туған ел» әнін орындатыңыз. Алдын ала әннің аудиожазбасын дайындап қойыңыз. «Туған ел» әнінің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындауды сұраңыз.

Орындау барысында әннің мазмұны, көңіл-күйіне, т.б. шағын талдау жасаңыз.

  • Әуеннің көңіл-күйі қандай?
  • Музыкалық жанрын анықтаңыз?

Әнді топпен, жұппен, сыныппен орындаңыз.

Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алыңыз. Ол үшін мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай сөйлемдерді аяқтауды сұраңыз:

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу