Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, презентация. 1 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

Музыка және кино

1 сабақ

Сабақ мақсаты

тыңдаған музыкалық шығарманы талдап, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды;

музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстырады;

әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.

Бағалау критерийлері

фильмдегі музыканы пәндік терминолоогияны қолдана отырып, талдайды;

музыкадағы көркемдеуші құралдар мен жанрды анықтайды;

көркемдік бейнені құрастыруда музыка мен кинодағы көркемдеуші құралдарды салыстырады;

«Туған ел» әнінің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.

Тапсырма. Сыныпта талқылау.

Өнердің қандай түрлерін білесіз?

Өнердің ішіндегі қайсы түрін ең заманауи жаңа түріне жатқызасың?

Кинематография, дыбыстық әсер, фондық музыка, көркемдеуші құралдар туралы не білесіздер?

Қайталап, еске түсіру (лад, көңіл-күй, темп, динамика, тональность, регистр, ырғақ, тембр т.б)

Кино өнерінде қандай көркемдеуші құралдар бар?

Олар не үшін қажет?

Тапсырма. Ақпарат іздеу.

1 топ - киноның шығу тарихы;

2 топ - алғаш камераның пайда болуы.

3 топ - алғаш қазақ киносы мен актерлері;

4 топ - кино өнеріндегі Чарли Чаплиннің үлесі;

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көру.

Топта талдау жүргізу.

1 топ- Фильмдегі көркемдеуші құралдарды анықтау (темп, ырғақ, динамика, көңіл-күйі, т.б)

2 топ – фильм жанрын анықтау,

3 топ – музыканың сюжетке сәйкестігі (фондық музыка, сүйемелдеу, т.б)?

Бағалауға арналған критерийлер:

Терминологияны қолдана отырып, талдайды;

Сұрақтарға толық жауап анықтайды;

Кино үзіндісіне талдау жасайды.

Тапсырма. Әнді үйрену және орындау.

Менің атым Қожа фильміндегі «Туған ел» әнін орындау.

Әуеннің көңіл-күйі қандай?

Музыкалық жанрын анықтаңыз?

Әнді топпен, жұппен, сыныппен орындаңыз.

Рефлексия

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу