Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп:

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және кино 1 сабақ

Оқу мақсатына арналған сілтеме

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • тыңдаған музыкалық шығарманы талдап, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды;
  • музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстырады;
  • әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • фильмдегі музыканы пәндік терминолоогияны қолдана отырып, талдайды;
  • музыкадағы көркемдеуші құралдар мен жанрды анықтайды;
  • көркемдік бейнені құрастыруда музыка мен кинодағы көркемдеуші құралдарды салыстырады;
  • «Туған ел» әнінің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды тілдік терминологияны қолдану арқылы талдау.

Пәндік лексика және терминология:

Өнер түрі, режиссер, актер, кинематография, дыбыстық әсерлер, фондық музыка.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әуеннің көңіл-күйі қандай?
  • Музыкалық жанрын анықтаңыз?

Пәнаралық байланыс

АҚТ қолдану

Алдыңғы білімдері

Оқушыларда көркемдеуші құралдар жөнінде алдыңға білімдері бар. Сонымен қатар, кино және анимация туралы білімдері бар..

Құндылық

Кино өнеріне деген қызығушылығымен қатар, оның мазмұнындағы тәрбиелік мәнін түсінуге үйрету. Сонымен қатар, қазақ мәдениетіне деген сыйластық сезімін ояту.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 мин.

5 мин.

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тапсырма. Сыныпта талқылау.

  • Өнердің қандай түрлерін білесіз?
  • Өнердің ішіндегі қайсы түрін ең заманауи жаңа түріне жатқызасың?
  • Кинематография, дыбыстық әсер, фондық музыка, көркемдеуші құралдар туралы не білесіздер?

Қайталап, еске түсіру (лад, көңіл-күй, темп, динамика, тональность, регистр, ырғақ, тембр т.б)

  • Кино өнерінде қандай көркемдеуші құралдар бар?
  • Олар не үшін қажет?

Тапсырма. Ақпарат іздеу. Топтық жұмыс.

1 топ - киноның шығу тарихы;

2 топ - алғаш камераның пайда болуы.

3 топ - алғаш қазақ киносы мен актерлері;

4 топ - кино өнеріндегі Чарли Чаплиннің үлесі;

Өз ақпаратыңызбен сыныпта бөлісіңіз.

Сабаққа арналған презентация

Сабақ ортасы

5 мин.

5 мин.

5 мин.

10 мин.

Тапсырма. Тыңдау және талдау.

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көру. Топта талдау жүргізу. Сыныпты топтарға бөлу.

1 топ- Фильмдегі көркемдеуші құралдарды анықтау (темп, ырғақ, динамика, көңіл-күйі, т.б)

2 топ – фильм жанрын анықтау,

3 топ – музыканың сюжетке сәйкестігі (фондық музыка, сүйемелдеу, т.б)?

Бағалауға арналған критерийлер:

  • Терминологияны қолдана отырып, талдайды;
  • Сұрақтарға толық жауап анықтайды;
  • Кино үзіндісіне талдау жасайды.

Топтарда өзара бағалау жүргізу.

Тапсырма. Әнді үйрену және орындау.

Н. Тілендиевтің «Туған ел» әнін орындау.

  • Әуеннің көңіл-күйі қандай?
  • Музыкалық жанрын анықтаңыз?

Әнді топпен, жұппен, сыныппен орындаңыз.

Менің атым Қожа фильмінен үзінді

https://www.youtube.com/watch?v=4mERLBwkHSM

муз.Н.Тілендиев,

сөзі. Т.Молдағалиев

«Туған ел» әні

https://www.youtube.com/watch?v=IlZEn5tuYIc 52.37-53.21

Сабақ соңы

3 мин.

Оқушылардан кері байланыс алу.

Рефлексия орындау үшін мұғалім мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай ұсыныс жасауы тиіс:

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Коммуникативтік дағдысы жоғары дамыған оқушылар, кино үзіндісіндегі музыканы пәндік терминологияны қолдана отырып, талдау жасай алады.

Кейбір оқушылар кино өнері жөнінде қосымша ақпараттар айта алады.

Кино үзіндісін талдау баысындағы тапсырма бойынша бағалау критерийлері;

Кері байланыс;

Бір бірін бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу