Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырып өтіңіз. Сонымен қатар, алдыңғы сабақтың жалғасы екенін еске түсіріңіз.

Төмендегі карточкалар көмегімен сыныпты топтарға бөліп алыңыз.

1 топ -видеокамера;

2 топ -видео лента;

3 топ – кино әртісі;

4 топ -статуэтка «Оскар».

1 топ -видеокамера;

2 топ -видео лента;

3 топ – кино әртісі

4 топ - «Оскар» статуэткасы

Құралған топтарға ақпарат іздеу тапсырмасын беріңіз. Топта сүйікті киноны таңдауды сұраңыз. Таңдаған фильм туралы ақпарат жинау туралы тапсырма беріңіз. Ол үшін алдын-ала қажетті таратпа материалдар, оқулықтар, т.б. дайындап қойыңыз. Содан соң, тапсырманы хабарлаңыз:

- шыққан жылы;

-фильм режиссері;

-фильмдегі негізгі рөлде ойнаған актерлер;

-фильм мараппаттаулары.

Топтық жұмыс орындалған соң, әр топ фильм туралы ақпаратты сынып алдында таныстыруды сұраңыз.

Импровизация тапсырмасын орындау үшін топтарға арналған, өз таңдауы бойынша келесі тақырыптарды ұсыныңыз. Берілген тақырыпқа сай топта шағын видеоүзінді шығару тапсырмасын берңіз.

-достар;

-менің сыныбым;

-мектеп өмірі.

Тапсырманы орындау үшін оқушыларға мүмкіндігінше смартфон,компьютерлер, ноутбуктар ұсынуға болады. Сондай-ақ, компьютер кабинетінде осы сабақ тапсырмасын орындауға болады. Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия, т.б. орнатылған бағдарламаларды қолдануды ұсыныңыз. Роликке сай келетін фондық музыка қолдануды ұсыныңыз.

Бұл тапсырмада кейбір оқушылар берілген үзіндіні дауыстай алуы мүмкін, кейбірі актерлік шеберлік дағдысы жоғары оқушылар негізгі рөлді сомдай алуы мүмкін. Ал, АКТ қолдану дағыдысы жоғары оқушылар, роликке сай музыкалық сүйемелдеу құрастыра алуы мүмкін. Сол себепті жұмысты бастамас бұрын, келесі сұрақтар көмегімен талқылау жүргізіп алыңыз. Талқылау, сізге оқушыларды дұрыс бағыт беруге көмектеседі.

-Сіздің сюжет не туралы болады?

-Сюжеттің негізгі ойын ашу үшін қандай музыка қолданасыз?

-Топта рөлдерлі қалай бөлесіз?

Талқылаудан соң, тапсырмаға арналған критерийлермен таныстырыңыз. Критерийлерге оқушылармен бірлесіп, өзгеріс енгізулеріңізге болады:

  • музыкалық сүйемелдеу сәйкестігі;
  • ролик сюжетінің сәйкестігі;
  • актерлік шеберлік;
  • топтық жұмыс.

Презентация тапсырмасы орындалған жұмысты сынып алдында көрсетіп, қорғауға арналған. Топ жұмыстары және өз жұмысын бағалап, кері байланыс беруді қажет етеді.

Әнді орындау тапсырмасында «Приключения Электроника» кинофильмнен әуені Е. Крылатовтікі, Ю. Энтиннің сөзіне жазылған «До чего дошел прогресс» әнін көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, сыныппен орындаңыз.

Сабақ соңында төмендегі ойды аяқтауды сұрап, рефлексия өткізіңіз.

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу