Музыка және кино. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері Мектеп:

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және кино 2 сабақ

Оқу мақсатына арналған сілтеме

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.2.2.2– компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолдана отырып, музыкалық композицияларды редакциялаужәне интерпретация жасау

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • шығарманың көркем бейнесін жеткізу үшін орындаушылық, актерлік дағдыларын қолданады;
  • әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, ән орындайды;
  • музыка мен видеоны өңдейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • көркем бейнені жеткізуде орындаушылық, актерлік дағдыларын көрсетеді;
  • әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды;
  • музыка мен видеоны өңдейді;
  • топта өз рөлін атқарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды тілдік терминологияны қолдану арқылы талдау.

Пәндік лексика және терминология:

Өнер түрі, режиссер, актер, кинематография, дыбыстық әсерлер, фондық музыка.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сіздің сюжет не туралы болады?
  • Сюжеттің негізгі ойын ашу үшін қандай музыка қолданасыз?
  • Топта рөлдерлі қалай бөлесіз?

Пәнаралық байланыс

АҚТ қолдану

Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында АКТ түрлерімен қолдана алады.

Алдыңғы білімдері

Берілген тақырып, алыдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады. Алдыңғы сабақта алған кино және анимация туралы білімдерін, осы сабақ барысында қолдана алады.

Құндылық

Кино өнеріне деген қызығушылығымен қатар, оның мазмұнындағы тәрбиелік мәнін түсінуге үйрету. Сонымен қатар, қазақ мәдениетіне деген сыйластық сезімін ояту.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 мин.

2 мин.

10 мин.

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Карточкалардың көмегі арқылы топқа бөлу:

1 топ -видеокамера;

2 топ -видео лента;

3 топ – кино әртісі;

4 топ -статуэтка «Оскар».

Тапсырма. Ақпарат іздеу.

Топта сүйікті киноңызды таңдаңыз. Таңдаған фильм туралы ақпарат жинаңыз:

- шыққан жылы;

-фильм режиссері;

-фильмдегі негізгі рөлде ойнаған актерлер;

-фильм мараппаттаулары.

Фильм туралы ақпаратты сынып алдында таныстырыңыз.

Презентация

Топқа бөлуге арналған карточкалар

Сабақ ортасы

10 мин.

5 мин.

4 мин.

Тапсырма. Импровизация.

Берілген тақырыпқа сай топта шағын видеоүзінді шығарыңыз.

  • достар;
  • менің сыныбым;
  • мектеп өмірі.

Роликке сай келетін фондық музыка қолданыңыз. Тапсырманы орындауда компьютерлік бағдарламаларды (Audacity, Soundation, Windows Movie Maker, Киностудия) қолданыңыз.

  • Сіздің сюжет не туралы болады?
  • Сюжеттің негізгі ойын ашу үшін қандай музыка қолданасыз?
  • Топта рөлдерлі қалай бөлесіз?

Тапсырмаға арналған критерийлер:

  • музыкалық сүйемелдеу сәйкестігі;
  • ролик сюжетінің сәйкестігі;
  • актерлік шеберлік;
  • топтық жұмыс.

Тапсырма. Презентация.

Өз жұмысыңызды сынып алдында көрсетіңіз. Топ жұмыстарына және өз жұмысыңызды бағалап, кері байланыс беріңіз.

Тапсырма. Әнді орындау.

«Приключения Электроника» кинофильмнен әуені Е. Крылатовтікі, Ю. Энтиннің сөзіне жазылған

«До чего дошел прогресс» әнін көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындаңыз.

Үнтаспа, аудиожазбалар, т.б.

Сабақ соңы

2 мин.

Рефлексия

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар берілген үзіндіні дауыстай алады;

Актерлік шеберлік дағдысы жоғары оқушылар негізгі рөлді сомдай алады;

АКТ қолдану дағыдысы жоғары оқушылар, роликке сай музыкалық сүйемелдеу құрастыра алады.

Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері;

Кері байланыс;

Бір бірін бағалау.

Сабаққа арналған бағалау критерийлері.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу