Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Музыка және өнер түрлері

Күні:

Сынып:

Мектеп: Қарағанды қаласындағы ХББ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Онерхан Маратбек

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка және театр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 - тыңдаған музыканы талдап, түрін, стилін және жанрын, оның ішінде басқа да өнермен қарым-қатынасын анықтау;

6.1.2.3 - көркемдік бейнесін шығару кезінде музыкалық және басқа да өнер туындыларының әселеуші құралдарын салыстыру;

6.1.3.1 - канон элементтерін, екі дауысты пайдалану арқылы, көркемдік бейнені және әуендік сипатын көрсете отырып, әртүрлі стиль мен жанрдағы әндерді орындау;

6.1.3.3 - өз партиясын аспаптарда және (немесе) ансамбльде музыкалық туындылардың қарапайым фрагменттерін орындау және музыканың сипатын беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: музыканың театр саласымен байланысын және маңыздылығын түсінеді, қойылымды сүйемелдеу үшін қарапайым ырғақты музыка шығарады.

Көптеген оқушылар: қойылымның мінезін ашатын музыканы таңдап үйлестіреді және оның мағынасына сай музыканы таңдайды.

Кейбір оқушылар: талаптарға сай әуен шығарып, қойылымның мәнін дәлме-дәл ашатын дыбыстар мен музыка қарастырып, мәтінді редакциялап үйлестіреді, шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері

  • Музыка мен театр өнерінің байланысы мен мәнін түсінеді.
  • Музыканы қойылымның жанрлық және стильдік ерекшеліктерін сай ажыратады.
  • Музыканы қойылымға сәйкестендіре алады (лирикалық, көңілді т.б.).
  • Актёрлық орындаушылық қабілетін көрсетеді.
  • Музыкалық немесе қарапайым құралдарды қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ырғақ, әуен, мәтін, сазгер, аспап,  гармония, дыбыстық әсерлер (эффект) т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға, әділ бағалауға, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Театр өнерін насихаттау арқылы баланың бойындағы музыкалық қиялы мен әтістік қабілеттерін жетілдіру.

Мектеп миссиясын, пайымдауын және ӘА жүзеге асыру

Білім алуға деген ынталарын арттыру, өз бетінше білім алуға дайындау.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Музыка және сөйлеу, өзін өзі дұрыс ұстау мәдениетімен байланысы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Стартер. Миға шабуыл. Интерактивті тақтада тақырыпты ашуға көмектесетін театр тарихы жайлы бейне жазба көрсетіледі.

Сұрақ-жауап:

  • Бейне жазбада туралы айтылды?
  • Бүгінгі тақырып қандай болуы мүмкін?
  • Қандай ой түйдіңіздер?

Театр (грек. theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.

https://www.youtube.com/watch?v=bKrNDIyt-gI – қазақ театры жайлы видео

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс

Оқушылар топтарға бөлінеді

1 тапсырма:

Топтық тапсырма. Берілген ертегі мәтінін топта оқып талқылау, өзара ролдерге бөлу және тиісті музыкалық сүйемелдеу дайындап орындау

1-топ: «Алдаркөсе»

2-топ «Ұр тоқпақ»

3-топ «Қызыл телпек»

4-топ «Бауырсақ»

Дескриптор 1

  • Мәтінді оқып, көріністің мәнін түсіну
  • Өзара ролдерге бөлу
  • Қойылымның мінезін ашатын музыкалар қарастыру
  • Қойылым мен әуеннің мазмұндық үйлесімділігін талқылау
  • Қойылымды топпен бірлесе орындау
  • Өзге топтардың жұмысына баға беру

ҚБ.

Өзара бағалау.

Бағалау критерийлері:

  • Қойылымның жекізу керек мәнін түсінеді
  • Қойылымдағы кейіпкерлерді шынайы сомдайды
  • Ұжымдық бірлескен тұтас ой-көзқарасты көрсетеді

Сабақтың соңы

Рефлексия: «Мозаика» әдісі.

  • Маған ұнаған әрекет.
  • Маған қиындық тудырғаны.
  • Менің ұсынысым.
  • Менің көңіл-күйім.

Кері байланыс. Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу