Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Спектакль

Спектакль (фр. spectacle, лат. spectaculum – ойын-сауық) – театр өнерінің туындысы. Осы заманғы театрда режиссер-қоюшының басшылығы арқылы театр ұжымы күшімен (актерлер, суретші, композитор, т.б.) жүзеге асырылады. Спектакльді әзірлеп, қою процесі ең әуелі қалың көрермендер қауымының рухани талабы мен эстетикалық талғамына және театр ұжымының шығармашылық мүмкіншілігі мен ұстанған мақсат-мұратына орай пьесаны таңдау жұмысынан басталады. Осыдан кейін пьесаны сахнаға қоюшы-режиссердің актерлермен жұмыс істеуі, болашақ сахналық туындыға қажетті декорация жасау-жиїаздар мен музыкалық шығармамен эмоциялық жағынан байытып, көркемдеу ісімен айналысатын театр суретшісі, композитор, балетмейстер, дирижер, т.б. шығармашылық қызметкерлермен тығыз байланыста жұмыс істеу процесі де қатар жүргізіліп отырады. Спектакль алғашқы сәттен-ақ театр сахнасына қоюға таңдалып алынған пьеса мазмұнын айқындайтын идеялық түпкі ой-мақсатқа негізделеді. Сахналық туындылар жанрына қарай драмматикалық және музыкалық спектакльдерге бөлінеді. Мысалы, драмматикалық спектакльдің негізі пьеса болса, музыкалық спектакль опера либреттосы немесе балет сценарийіне құрылады.

Режиссер (фр. regіsseur, лат. rego – басқарамын) – сахнада драмалық немесе муз. туындыны қоятын театр қызметкері. Режиссер - Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен - соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң "хабардың режиссері-бәленбай" деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Дыбыс режиссері

Дыбыс режиссері - телевизия мен радиода жүмыс істейтін дыбыстық материалдарды дайындауды ұйымдастыруға басшылық жасайтын, фонотекалық материалдарды таңдайтын, дыбыстың техникалық, көркемдік сапасын бақылайтын, дәл уақытында дыбыстық эффектілерді қосып, тоқтатып тұруды, микшерлеуді, фонограмма жазуды бақылайтын шығармашылық қызметкер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу