Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар: Мектеп:

6.3 Музыка және өнер түрлері

Мерзімі: Оқытушы:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және театр (2)

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.3 – музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау;

Сабақ мақсаты

– ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

– тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

– көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

– музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

– ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

– тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

– көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

– музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау;

Тілдік мақсат

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды талдау.

Пәндік лексика және терминология

  • Өнер түрі;
  • театр;
  • спектакль;
  • режиссер;
  • актер;
  • костюмер;
  • көркем жетекші;
  • өнер синтезі;

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері,

АҚТ қолдану

Шығармалардың үнтаспалары

Алдыңғы білімдері

5 сыныпта алған білімдерін толықтыру

Құндылық

Тарих, Мәдениет, және тілдік бірлестік. Өнер синтезі.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-3

1.Ұйымдастыру кезеңі: коллаборативті ортаны ұйымдастыру. Саналу арқылы топқа бөліну.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ ортасы

3-6

6-9

9-18

18-27

27-30

30-36

36-38

Тапсырма

Сыныпта талқылау.

- сіздер «орындаушы» және «көрермен» сөздерін қалай түсінесіздер?

- театрлық қойылымдарды кім жасайды?

- режиссер, дыбыс режиссері, актер, костюм тігуші, суретші-көркемдеушілер немен айналысады?

Жауапқа келесі сөз тіркестерін пайдаланыңыздар:

- Режиссер ... ... ... жауап береді

- Актер – ... ... ... ойнайды

- суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады

- дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді.

- көстюм тігуші ... ... ... айналысады

Тапсырма

Импровизация. Жұмыстың презентациясы.

«Алдар көсе» ертегісінен ең ұнаған оқиғаларды атаңыздар.

«Алдар көсе» ертегісінің бір оқиғасын сахналаңыздар.

Өз жұмыстарыңызды көрсетіңіздер.

Бағалау критерийлері.

  • ертегінің үзіндісін сахналық көрініс ретінде ұсына алады;
  • ертегі үзіндісіне импровизация жасай алады;
  • өз жұмысын сынп алдында ұсына алады.

Бағалау.

«Кері байланыс».

Бір топ оқушы сарапшы ролін атқа отырып сахналық қойылымға кері байланыс ұсынады. Кері байланыста сахналық қойылымның жаеғымды және жағымсыз жақтарын атай отырып жақсарту жолдарын атап өтеді.

Тапсырма

Әңгіме.

  • Наурыз мейрамы туралы не білесіздер?
  • Мерекелік ұлттық ойындарды атаңыздар?
  • Бұл күні қонақтарға қандай ұлттық тағамдар ұсынылады?
  • Сіздер қандай ұлттық киімдерді білесіздер? (әйелдер, ерлер киімі) Атап беріңіздер?
  • Наурыз мейрамы туралы қандай әндерді естідіңіздер?
  • Сіздер Мұкағали Макатаев шығармашылығы туралы не білесіздер?
  • Сіздер ақынның Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерімен таныссыздар ма? Өлеңдердің атын атап беріңіздер.
  • Сіздерге «Наурыз-думан» әні қандай әсер береді?
  • «Наурыз-думан» әні көктемді, мейрам мен мерекелік көңіл күйді жеткізе алды ма, қалай ойлайсыздар?
  • Өз жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

Тапсырма

Үйрену және орындау.

«Наурыз-думан» әнін тыңдаңыздар.

Қалай ойлайсыздар бұл ән мерекелік көңіл-күйді сыйлады ма?

Қандай көңіл-күй сыйлауда?

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Әнді үйреніп, орындаңыздар.

Рефлексия.

  • Біз театр туралы не білдік…
  • Біздерге театр өнерінің түрлері туралы білген қызықты болды ма…
  • Музыка мен театр өзара байланысты…
  • Мен театр өнеріндегі синтездің .... екенін білдім
  • Наурыз мейрамы маған ұнайды, өйткені...
  • «Алдар көсе» ертегісінің сахналануында маған ... ... бейнесі ұнады.
  • маған «Наурыз-думан» әнінің … … ұнайды.

Алдар көсенің сиқырлы шапаны

Қазақтың халық ертегілері. Алдар көсе туралы ертегі ertegi.ru/index.php?id=11

x-minus.me/track/15033/наурыз

«Наурыз-думан» әні. Сөзі М. Мақатаевтікі, музыкасы Т. Сарыбаевтікі

Сабақ соңы

38-40

Оқушылардан кері байланыс алу.

Рефлексия орындау үшін мұғалім мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай ұсыныс жасауы тиіс:

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…

Саралау

Бағалау

Қауіпсіздік ережелерін сақтау және денсаулықты қадағалау

Музыкалық қабілеті дамыған оқушыларға көрініс қою барысында музыкалық аспапта сүйемелдеуді ұсыныңыз.

Қалыптастырушы бағалау

Тәжіриебелік және шығармашылық жұмыстарды орындау барысында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу