Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақ барысын ұйымдастыру бөлімінен бастаңыз. Сабақтың тақыры мен мақсатын анықтап, алдыңғы сабақта өткен ұғымдарға тоқталыңыз. Бұл тақырып алдыңғы сабақтың жалғасы болғандықтан, ұғымдарды бекіту мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Карточкалар көмегімен сыныпты топтарға бөліңіз.

1 топ - актер деген кім?

2 топ –режиссер немен айналысады?

3 топ - дыбыс режиссері қандай рөл атқарады?

4 топ - костюм тігушінің атқаратын рөлі?

5 топ - суретші-көркемдеушілер немен айналысады?

Өз жауаптарын айтпас бұрын, төменде берілген сөз тіркестерін ұсыныңыз:

Режиссер ... ... ... жауап береді;

Актер – ... ... ... ойнайды;

суретші-көркемдеуші ... ... ... айналысады;

дыбыс режиссері ... ... ... көркемдейді;

костюм тігуші ... ... ... айналысады.

Импровизациялау тапсырмасын орындау үшін, «Алдар көсе» ертегісінен бірнеше оқиғалар ұсыныңыз.Сыныпты екі топқа бөліңіз. Содан соң жұмыс кезеңдерімен таныстырыңыз:

1.«Алдар көсе» ертегісінен ең ұнаған оқиғалардың бірін таңдаңыз.

2.«Алдар көсе» ертегісінің бір оқиғасын сахналаңыз.

Сахналау үшін қажетті декор құралдары мен көрнекіліктерді таратыңыз.

3.Шығармашылық жұмысты орындау үшін жоспар құрыңыз.

Өз рөлін орындау кезеңдері

Топта өз рөлін анықтау

Тақырыбы

Рөлі

Көрсетілім түрі (жанр)

Презентация тапсырмасында топтар өз шығармашылық жұмысын төмендегі сұрақтар көмегімен бағалайды.

  • Топтық жұмыста не сәтті орындалды?
  • Алдар көсе ертегісінің қай түрін таңдадыңыз?
  • Қандай ұсыныс айта аласыз?
  • Импровизация болды ма?
  • Өз рөлдеріңізді ереже бойынша орындадыңыз ба?

Талдау және орындау тапсырмасында Наурыз мейрамы жөнінде талдау жүргізіңіз:

- Наурыз мейрамы туралы не білесіздер?

- Мерекелік ұлттық ойындарды атаңыздар?

- Бұл күні қонақтарға қандай ұлттық тағамдар ұсынылады?

- Сіздер қандай ұлттық киімдерді білесіздер? (әйелдер, ерлер киімі) Атап беріңіздер?

- Наурыз мейрамы туралы қандай әндерді естідіңіздер?

- Сіздер Мұкағали Макатаев шығармашылығы туралы не білесіздер?

- Сіздер ақынның Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерімен таныссыздар ма? Өлеңдердің атын атап беріңіздер.

Үйрену және орындау тапсырмасы «Наурыз-думан» әнін тыңдап, орындауға арналған.

  • Қалай ойлайсыздар бұл ән мерекелік көңіл-күйді сыйлады ма?
  • Сіздерге «Наурыз-думан» әні қандай әсер береді?
  • «Наурыз-думан» әні көктемді, мейрам мен мерекелік көңіл күйді жеткізе алды ма, қалай ойлайсыздар?

Талқылаудан соң, әнді үйреніп, әннің көркем бейнесін жеткізе отырып,сыныппен орындаңыздар.

Сабақ соңында орындалған тапсырмаларға рефлексия жүргізіңіз:

  • Біз театр туралы не білдік…
  • Біздерге театр өнерінің түрлері туралы білген қызықты болды ма…
  • Музыка мен театр өзара байланысты…
  • Мен театр өнеріндегі синтездің .... екенін білдім
  • Наурыз мейрамы маған ұнайды, өйткені...
  • «Алдар көсе» ертегісінің сахналануында маған ... ... бейнесі ұнады.

маған «Наурыз-думан» әнінің … … ұнайды.

Сонымен қатар, оқушылардан кері байланыс алыңыз. Рефлексия орындау үшін мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай ұсыныс жасаңыз:

  • Мен бүгін сабақта үйренгенім…
  • Сабақта мені толғандырған…
  • Әсіресе менің қолым жеткені…



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу