Музыка және театр. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар:

3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері (5 сабақ)

Мектеп:

Мерзімі: Мұғалім:

Сынып 6 Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және театр 1 сабақ

Оқу мақсатына арналған сілтеме

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.3 – музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерінің сипатын жеткізу, партия бойынша және (немесе) ансамбльмен аспаптарда орындау;

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Театр түрлерін салыстырып, олардың стиль, жанрларын анықтайды;
  • Пәндік терминологияны қолдана отырып, жазбаша және ауызша жұмысын орындайды;
  • көркем бейнені жеткізу үшін әнді орындауда импровизация қолданады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • театр түрлерін анықтап, салыстырады;
  • өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды; -жазбаша, ауызша жұмыстарды орындауда пәндік терминологияны қолданады;
  • ән сүйемелдеуіне көрсетілім құрастырады;
  • көрсетілім барысында әннің көркемдеуші құралдары мен образын жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды талдау.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Театр қойылымдарында музыка қандай роль атқарады?
  • «Өнер синтезі» сөз тіркесін қалай түсінесіздер?

Пәндік лексика және терминология

Өнер түрі, театр, спектакль, режиссер, актер, костюмер, көркем жетекші, өнер синтезі.

Пәнаралық байланыс

АҚТ қолдану

Бастапқы білім

Оқушыларда спектакль, театр ұғымдары бойынша алдыңғы білімдері болуы мүмкін.

Құндылық

Теарт өнері деген қызығушылығын арттыру.

Жоспар

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

2 мин.

3 мин.

1 мин.

8 мин.

11 мин.

Ұйымдастыру кезеңі: коллаборативті ортаны ұйымдастыру. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. Алдыңғы сабақтарда өткен опера, балет, симфониялық музыка және т.б. тақырыптарын еске түсіру.

Көне Греция картиналары, Ла Скала - опера театры, шығыс театрлары – Кабуки, Рим театры, Қазақстан театрлары суреттерін көрсетіп талқылау.

  • Суретте не бейнеленген?
  • Театр туралы не білесіздер?

Карточкалар бойынша сыныпты топтарға бөлу.

Топтық жұмыс. Сыныпта талқылау.

1 топ –театр ұғымы (антикалық театр, амфитеатр);

2 топ –Қазақстандағы театрлар;

3 топ –атақты әлем театрлары.

  • Театр туралы не білдіңіздер?
  • Театр қойылымдарында музыка қандай роль атқарады?
  • «Өнер синтезі» сөз тіркесін қалай түсінесіздер?
  • Өнер түрлері бір-бірімен байланысты деп айта аламыз ба? Неге?

«спектакль», «театр режиссері», «актер», «дыбыс режиссері», «костюм тігуші» сөздеріне түсінік беріңіз.

Тапсырма. Талдау.

«Мен театр жайлы не білемін?» тақырыбына кішігірім эссе жазу (80-100 сөз).

Сабаққа арналған презентация

картиналары, Ла Скала - опера театры, шығыс театрлары – Кабуки.

Рим театры. Театр өнері қайраткерлерінің портреттері. .

Карточкалар

Сабақ ортасы

13 мин.

Тапсырма. Орындау және импровизациялау.

Б.Бейсенованың «Мама» әнін тыңдаңыз.

  • Ән не туралы жазылған?
  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Әннің темпі, ырғағы қандай?

Топта осы ән сүйемелдеуіне «Мерекеңмен, жан Ана!» атты шағын құттықтау қойылымын ойластырыңыз. Таңдауыңыз бойынша:

  • Шағын көрініс;
  • Әнге пантомима.

Топ ішінде рольдерді сомдаңыз.

Тапсырмаға арналған критерийлер:

  • Топта орындаған рөлі;
  • Актерлік шеберлік;
  • Әнге байланысты анықтап көрсету .

Өз қойылымыңызды сыныпта таныстырыңыз.

Өзіңіздің және өзгелердің жұмыстарына бағалау жүргізу.

  • Көрсетілімнің қай түрін таңдадыңыз?
  • Өз эмоцияңыз бен сезіміңізді жеткізу үшін қандай көркемдеуші құралдарды қолдандыңыз?

картиналар: Көне Греция

Б.Бейсенова «Мама» әнінің үнтаспасы.

Музыкалық, шулы аспаптар;

Көрініске арналған декорациялық құралдар

Сабақ соңы

2 мин.

Рефлексия:

  • Мен бүгін сабақта үйренгенім…
  • Сабақта мені толғандырған…
  • Әсіресе менің қолым жеткені…

Парақшалар

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Актерлік дағдысы жоғары оқушылар көрініс кезінде негізгі рөлді орындай алады;

Вокалдық дағдысы бар оқушылар солист бола алады.

Бақылау;

Бірін-бірі бағалау.

Сабаққа арналған бағалау критерийлері

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу