Музыка және бейнелеу өнері. Музыка, 6 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақ тақырыбы:
Музыка және бейнелеу өнері
2 сабақ
Сабақ мақсаты
Қазақстан суретшісінің жұмысын талдап, стиль және жанр түрін анықтайды;
музыканың бейнелеу өнерімен байланысын анықтайды;
әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.
Бағалау критерийлері
«Сәукеле» шығармасын талдап, музыкамен байланысын анықтайды;
Көркем бейнені құрастырудағы музыка мен бейнелеу өнеріндегі көркемдеуші құралдарды салыстырады;
«Я хочу увидеть музыку» әнін көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.
Тапсырма. Әңгіме
А.Дүзелхановтың «Сәукеле» суретіне қараңыздар.
- Қыз баланың бас киімі туралы не білесіз?
- Қыз бала бұл бас киімді қай кезде киеді?
Бұл бейнеге қандай музыка сәйкес келеді?
Қыздың бейнесін көрсетуде суретші қандай көркемдеуші құралдарды қолданған?
Тапсырма. Шығару және орындау.
«Сәукеле» бейнесіне шағын музыкалық шығарма ойластыру.
1 топ - музыкалық аспаптарды қолдана отырып, композиция құрастыру;
2 топ – вокалдық композиция;
3 топ – би қимылдары.
Бағалау жұмысын жүргізу
Орындауда не ұнады?
Топта қандай рөлді атқардыңыз?
Сіздің әуеніңіз суретке сай келді ме?
Қандай жұмыс сәтті орындалды?
Тапсырма. Әнді орындау.
«Я хочу увидеть музыку» атты Г. Струве композиторының әнін қайталап, орындаңыз.
«Я хочу увидеть музыку» әніне сай сурет салыңыздар.
Сурет арқылы әннің мазмұнын бейнелеңіз.
Орындалған жұмысыңызды көрсетіңіз.
- Суретіңіз арқылы қандай ой жеткізгіңіз келді?
Рефлексия
Сабақтағы іс-әрекетіңізге рефлексия жүргізіңіз.
Қиынды қағаздарды толтырыңыз:
Мен бүгін сабақта үйренгенім…
Сабақта мені толғандырған…
Әсіресе менің қолым жеткені…
Менің түсінгенім…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?