Музыка және поэзия. Музыка, 6 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақ барысын ұйымдастыру бөлімінен бастаңыз, яғни, сабақтың оқу мақсаты және бағалау критерияларымен таныстырыңыз.
Берілген тақпақты оқушылармен бірге, бүгінгі сабақтың басты тақырыбын анықтау мақсатында оқыңыз.
Көктемде келер,
Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар,
Көгілдір нұрға тамсанып.
Сулар да тасар,
Кетпесе екен деп тіле,
Мұхиттар көлге қарсы ағып.
-Бүгін біз не туралы айтатын боламыз?
-Қандай мақсат қояйық?
-Көктем сөзі дегенде сізде қандай ой туындайды?
-Сіз көктемнің көңіл-сезімін қай композитордың шығармаларынан байқадыңыз?- бағыттау сұрақтары көмегімен сабақтың тақырыбын анықтаңыз.
Тыңдау және талқылау тапсырмасында Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» ән-романсын тыңдауды ұсыныңыз. Талқылау жүргізіңіз:
- Осы шығарманың авторы кім?
-Әнді талдап, қай стильде және жанрда жазылғанын анықтаңыз?
-Композитор шығармасында адамның көңіл-күйі мен басты тұлғаны қалай аша білген? Неге?
Ақпарат іздеу тапсырмасында Абай Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» әні туралы ақпарат іздестіріп, білімін жетілдіре аласыз. Ол үшін сыныпты 3 топқа бөліп, қажетті ақпараттарды таратыңыз (дидактикалық тапсырма №1).
1 топ – әннің тарихы, мазмұны;
2 топ – әннің стилі мен жанры;
3 топ –әннің орындаушылары.
Алынған жаңа ақпаратты сынып алдында таныстыруды сұраңыз.
Тыңдау және талқылау тапсырмасын жұпта орындаған жөн. «Абай» операсынан би сюитасы, А.Жұбановтың увертюра-фантазиясы музыкалық шығармалардан үзінділер тыңдап, М. Мақатаев және Ж Жабаевтың өлең жолдары үзінділерінің мазмұнына байланысты музыка көңіл-күйімен сәйкестігін карточкада сызып көрсетуді сұраңыз. Мысалы:
Ж.Жабаев «Жаратылыс сыры» | «Абай» операсынан «Би сюитасы» |
Ж. Жабаев. «Ағайын - туған есен бол» | А.Жұбанов «Фантазия» |
Ж.Жабаев «Шәкiрт балаларға» | «Абай» операсынан «Би сюитасы» |
М.Мақатаев «Отан!» | А.Жұбанов «Фантазия» |
М.Мақатаев «Отан туралы» | «Абай» операсынан «Би сюитасы» |
Импровизациялау тапсырмасында алдыңғы бөлінген топта «Қараңғы түнде тау қалғып» ән үзіндісіне дауысты, музыкалық, шулы аспапты қосып импровизациялайды. Импровизациялау үшін қажет уақытты белгілеңіз. Топтағы рөлдерді тең бөлуді ескертіңіз.
Музыкалық композицияны сынып алдында орындап, бағалау критерийлері көмегімен бірін-бірі бағалау жүргізуді сұраңыз:
Бағалау критерийлері:
-әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізеді;
-музыкалық, шулы аспаптар көмегімен сүйемелдейді;
-топта өз рөлін орындайды.
Сабақ соңында «Музыкалық үшбұрыш» рефлексия жүргізіңіз. Пирамиданың қай деңгейінде екенін стикерлер көмегімен көрсетуді сұраңыз.
- сабақтағы жаңалық?
- қандай жұмыс сәтті орындалды?
- нені жақсарту қажет?
*Бағалау критерийлерін оқушылармен бірлесіп, толықтыруға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?